|
1.3. ҚМЖЖ. Компьютерлік жад жне апаратты лшем бірліктері Педагогты атыжні
Қысқа мерзімді жоспары
| Бөлім
| Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері
| Педагогтың аты-жөні
| Озғанбай Раушан
| Күні
| 19.09.2022 ж
| Сынып 7 «Ә»
| Қатысушылар саны
|
| Қатыспағандар саны
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Файлдардың форматтары
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 7.1.2.3 -бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
| бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру.
| Көптеген оқушылар:
| Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару
| Кейбір оқушылар:
| Ақпараттың көлемін есептей алады
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| 1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
| 1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
| Жұлдыз
2 балл
| Жұмыс дәптері
| Сабақтың ортасы
| Файл. Бағдарлама сияқты сондай атау берілген мәліметтер жинағы, бағдарлама пайдаланатын мәліметтер жинағы немесе пайдаланушы дайындаған құжат. Файл мәліметтердің бір жинағын екіншісінен ажыратуға компьютерге мүмкіндік беретін сақтаудың негізгі бірлігі болып саналады. Файлға жинақталған мәліметтерді пайдаланушы шығарып оқиды, өзгертеді, жояды, сақтайды немесе принтер, электрондық пошта бағдарламалары сияқты шығару құрылғыларына жөнелте алады. Қапшық. Пайдаланушының графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған, кеңсе қапшығының түріндей таңбаша көмегімен экранда бейнеленетін, контейнер. Қапшықтар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды ретке келтіру үшін пайдаланылады және файлды да, сондай ақ басқа қапшықтарды да қамти алады. Мысалы, егерде файлдарды дайындау мен сақтау үшін «Менің құжаттарым» қапшығы пайдаланылса, онда осы файлдарды орналастыру үшін осы қапшықтың ішінде жаңа қапшық дайындауға болады. Егерде жаңа қапшықты басқа орынға ауыстыру қажет болса, онда оны еш қиындықсыз ішіндегілермен бірге мауспен жаңа орынға тасымалдауға болады.
Windows XP операциялық жұйесінде файлдарды белгілеу екі бөліктен тұрады: атау мен кеңеюден. Жиірек атауы мен кеңеюді бірге файлдың атауы деп атайды. Бұл ешқандай шатастыруды тудырмайды. Файлдың атауында 1-ден 254-ке дейін символдар бола алады.
Файлдардың атауларында келесі символдарды пайдалануға болады:
Атау мен кеңею бас және жолдық латын әріптерінен, цифр мн символдардан тұра алады - _ $ # & @ ! % ( ) { } ' ' - тіптен файлдың атауы бірден артық нүктелерден тұра алады. Бос аралықтар Символдар +,; = [] 127-ден аса кодтары бар белгілері, жекелей алғанда, орысша әріптері.
Сонымен, файлдардың ұзын атауларында басқарушылар деп аталатындардан (31-ге дейінгі коды (тамғасы)бар) және \ / : * ? " < > ! символдардан басқа барлық символдарды пайдалануға болады.
Тәжірибелік жұмыс. (ТЖ)
Файл құру Мәтін жазу Файлдың көлемін ажырату Көлемін анықтау
Файлдың көлемін салыстырады
| Мұғалімді тыңдайды
|
| Презентация
| Сабақтың соңы
| 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Смайлик»
барлығын түсіндім
менде сұрақтар қалды
| Өзін-өзі бағалау.
|
| Плакат /слайд/
| Үй тапсырмасы
| Файлдардың форматтары
|
|
|
| |
|
|