эссе. Эссе Амрашева Лаура 1-013 ЖМ. Компьютерлік вирус жасанды былыс
Скачать 13.7 Kb.
|
Амрашева Лаура 1-013 ЖМ Компьютерлік вирус – жасанды құбылыс Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі, сондай- ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ауру жұққан немесе бүлінген деп аталады. Мұндай прграмманы іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программларға да кері әсер етіп, оларға да жұғады және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файылдарды немесе дискідегі файылдарды орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с). Вирустық көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады: ➢ Информацияны қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбау ➢ Профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру; ➢ Вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Информацияның көшірмесін алып отыру – файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.Керекті информацияңызды басқалардың жие пайдалануына тосқауыл қою Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: ➢ Детекторлар ➢ Докторлар (фагпрограммалар) ➢ Ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағыөзгерістерді бақылайтын программалар). |