|
№12 Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері. Конспект физика пн Физика Сынып 7 Тосан i саба 12 Сабаты таырыбы
ТІРЕК КОНСПЕКТ
ФИЗИКА
Пән: Физика
| Сынып: 7
| Тоқсан: I
| Сабақ №12
| Сабақтың тақырыбы
| Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
| Бөлім
| Механикалық қозғалыс
| Ресурстар
| https://www.youtube.com/watch?v=LTk7xLF4YWk
| Сабақ мақсаты
| s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілейді.
| Қысқаша тірек конспект
| Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі деп аталады.
Қозғалыстағы денелердің кездесу орнында x1=x2 яғни олардың координаталары өзара тең. Осы теңдікті пайдаланып, денелердің кездесу уақытын және кездесу координатасын анықтауға болады.
Қозғалысты графикпен сипаттау-механикалық қозғалысты зерттеудің тиімді әдістерінің бірі. График арқылы дененің кез келген уақыт мезетіндегі қозғалысты сипаттайтын шамалардың мәндерін анықтауға болады. Сонымен қатар қозғалыстың түрлерінің сипатын оңай табуға болады.
|
|
| υ1х= 6 м/с, υ2х= 2 м/с
υ3х= 4 м/с, υ4х= - 2 м/с
| Sх= υх·t
| х1= υ1х·t, х2= υ2х·t,
х3=100+υ3хt, х4= 100-υ4хt,
| Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі
| Орынауыстырудың уақытқа тәуелділігі
| Координатаның уақытқа тәуелділігі
|
Түзусызықты қозғалыс графигі
Енді осы кестедегі мәліметтерді пайдаланып, дене қозғалысының графигін сызайық. Ол үшін горизанталь оське (абциссалар осіне) өткен уақытты, ал вертикаль оське (ординаталар осіне) дене координатасының мәндерін сәйкес масштабпен саламыз. Бұл бірқалыпты қозғалатын дене координатасының уақытқа сызықтық тәуелді екенін білдіреді.
Сөйтіп, бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.
| Тапсырма
| Берілген графиктерді сипаттаңдар.
| Кері байланыс
| (whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.
|
Әзірлеуші: Дабылова Тоқжан Мамыралықызы №200 МГ физика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр. |
|
|