Пән: Физика
| Сынып: 8
| Тоқсан: I
| Сабақ №3
|
Сабақтың тақырыбы
| Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
|
Бөлім
| Жылу құбылыстары
|
Ресурстар
| https://www.youtube.com/watch?v=w1gvnQi_ExQ&list=PLCZ6Ox1-6l5I8Tc26YZH3S9TZxGX2ch4D&index=3
|
Сабақтың мақсаты
| дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды; дененің ішкі энергиясын, оны өзгерту тәсілдерін түсіндіріп талдайды; ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін қолдана отырып,бірнеше тәжірибелер жасап нәтижелерін жинақтап, бағалайды.
|
Қысқаша тірек конспект
| Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі энергиясы деп атайды.
Ішкі энергия – бұл денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясы. Ішкі энергия Uәрпімен белгіленеді. Өлшем бірлігі Джоуль (1 Дж).
|
Тапсырма
|
1.Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.
а) Ішкі энергияның өзгерту тәсілін атап көрсетіңіз
б) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз.
2. "Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi"
тақырыбын оқу
|
Кері байланыс
| (whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.
|