Главная страница
Навигация по странице:

  • СӨЖ 10 апта Тақырып:Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру.

  • СӨЖ 11 апта. Тақырыбы: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау.

  • СӨЖ 12 апта. Тақырыбы: Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау.

  • СӨЖ 13 апта. Тақырыбы: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

  • СӨЖ 14 апта. Тақырыбы: Нақты тақырып бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау жүйесін дайындау.

  • ОСӨЖ 9 апта. Тақырыбы: Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру(конспект)

  • ОСӨЖ 10 апта. Тақырыбы: Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.

  • ОСӨЖ 11 апта. Тақырыбы: Оқыту құралдарына сипаттама.

  • ОСӨЖ 12 апта. Тақырыбы: Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.

  • ОСӨЖ 13 апта. Тақырыбы: Тұлғалық-бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру нәтижесі.

  • ОСӨЖ 14 апта. Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі.

  • СӨЖ-ОСӨЖ-ПЕДАГОГИКА-АҚБАЛИН-ЕРКЕҒАЛИ-2ИПКО. Конспект жазу здігінен білім жетілдіру ксіби кемелдену


    Скачать 52.26 Kb.
    НазваниеКонспект жазу здігінен білім жетілдіру ксіби кемелдену
    Дата06.12.2021
    Размер52.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСӨЖ-ОСӨЖ-ПЕДАГОГИКА-АҚБАЛИН-ЕРКЕҒАЛИ-2ИПКО.docx
    ТипКонспект
    #294171

    Аты-жөні: Ақбалин Еркеғали 2ИПКО

    СӨЖ 9 апта

    Тақырып:Өздігінен білім алу іс-әрекеті режимін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар құрастырыңыз (конспект жазу)

    Өздігінен білім жетілдіру — кәсіби кемелдену.

    Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Өздігінен білім жетілдіру- жеке адамның өзі басқаратын мақсаты танымдық іс- әрекеті; ғылымның, техниканың, мәдениетінің, саяси өмірдің және т.б қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өздігінен білім жетілдіру - өзін - өзі тәрбиелеу құралдарының бірі. Өздігінен білім жетілдірудің негізгі нысандары сан алуан.

    Адамның өздігінен білім жетілдірудегі мақсаты- біліктілігін немесе білім деңгейін көтеру. Өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруда мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірбиелік жұмыстар және т.б себептер болады.

    Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын факторлардың арасында маңызды роль атқаратын –бұл оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру. Тек әр оқушының нәтижеге бағытталған жүйелі түрде өздігінен жұмыстануы –білімді терең меңгеріп, ой еңбегінің сәйкес біліктерін қалыптастырып және орнықтыруға мүмкіндік береді.Оқу үрдісінде оқушының өздігінен білім алуын ұйымдастыруда тиімді тәсілдің бірі бағдар карталарын қолдану екендігіне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Бағдар картасы / Маршрутная карта / Moving-on map - белгілі бір тапсырма, сондай-ақ жалпы сабақ көлемінде оқудың соңғы нәтижесіне жетуге бағытталған және оқушыларға арналған қадамдап көрсетілген нұсқаулық; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, оқушыларды шығармашылықпен ойлауға бағыттайды, тапсырмаларды орындауда қолданылатын креативті тәсілдерді дамытады.[2]. Бағдар картасын сабақтың әр кезеңінде мұғалімнің қалауымен қолдануға болады. Жаңа тақырыпты меңгеруге немесе алған білімді бекіту үшін тапсырмаларды орындау барысында, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауда бағдар картасы оқушының жүйелі, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс кезіне оқушылардың мұғалімге тәуелділігі азаяды, егер кедергілер немесе қиындықтар туындаған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін біледі және әр оқушы кез –келген тапсырмаға дұрыс жұмыстану нәтижесінде қол жеткізуге болатындығына көз жеткізеді.
    СӨЖ 10 апта

    Тақырып:Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру.

    Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика

    әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
    М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Оның барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік.
    Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады

    Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе. И.П. Подласыйдың пікірінше, педагогикалық

    үдеріс — әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» — мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.
    Оның барлық құрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық,

    ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.
    Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:
    1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған

    қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
    2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;
    3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі

    деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
    4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп

    қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады.

    Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі – нақты адам, оның ішкі әлемі, танымының ерекшелігі болып табылады.
    Мұндағы басты басымдылық – оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, оның көзқарасымен, пікірімен санасу, адами қарым–қатынас жасау. Мұғалім мен оқушы арасындағы субъект субъектілік қатынас.
    Педагогикалық үдерісті нәтижеге қарай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
    – белсенділік пен қатынастың бірлігі, үрдіске қатысушылардың барлық субъектілерінің

    ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттері;

    – әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;

    – субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

    Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері

    Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық үдеріс немесе жалпы оқу тәрбие үдерісі біртұтастықта қаралады.
    СӨЖ 11 апта.

    Тақырыбы: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау.
    Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы оның кәсиби мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік мәдениетті

    әрқырынан қарастырған ғалымдар: зерттеу мәдениетін педагогикалық қабілет деп көрсеткен - М.И.Скаткин. Мұғалім шығармашылық ізденіс таныта отырып педагогикалық дағылар мен іскерліктерінің арқасында, ғылыми бағытта жұмыс жасай алуы -

    зерттеу іс-әрекетін жүргізе білуі ғылымның қарапайым логикасы мен зерттеу әдістері арқылы жүзеге асатындығына байланысты басты талаптардың бірі болып саналады. Мұғалім осы мәселелерді меңгеру мақсатында,оқушылардың қызығушылықтарын толық қанағаттандыру үшін жан-жақты білім жинауда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса алуы керек. Мұғалім тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз, оған қоса, төмендегідей тұлғалық қабілеттері болуы шарт: балаларға деген шексіз сүйіспеншілік, қарым-қатынас жасай алу, ізгілік, талап қоя біліушілік, кеңпейілділік, әділеттілік, рухани байлық, адалдық, оқушымен тең дәржеде қарым-қатынас орната алушылық т.б. Осыған байланысты А.И.Савенков педагогтің іс-

    әрекеті оң нәтиже беруі үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:
    2 осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
    қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
    оқушылардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
    бағалауға асықпаңыз;
    олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар


    үшін жасамаңыз т.б.

    Ал отандық ғалымдар: Ү.Б. Жексенбаева және Б.Қ. Игенбаевалар
    оқушының зерттеу іс-әрекеттеріне жетекші төмендегі ережені сақтауы тиіс дейді:

    -Оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйрету;

    -Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;

    талқылау кезінде баға беруге асықпау.Бастауыш мектеп мұғалімі оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қалыптастыру барысында бұл үдерістің оқыту мен тәрбиелеу үдерісінен айырмашылығын түсініп,қарым-қатынас жасауда «субъкт-объект»бағытында емес, «субъект-субъект» бағытын ұстануы маңызды. Яғни,оқушыны әріптесі ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар беруден алшақ бола отырып, оқушының өз ойын, пікірін, жасқанбай,қысылмай айтуын қадағалау, қарым-қатынаста демократиялық стилді басшылыққа алу. Мұғалімнің осындай әрекеті оқушылардың бойында өздеріне деген сенімділік, өздерін-өздері бағалай біліушілік, ойларын еркін жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттырады. Оқушылармен жүргізілетін кез-келген жұмыстың табысты болуының 80% қарым-қатынас стиліне тәуелді екендігін осы уақытқа дейін көптеген педагог-зерттеушілер дәлелдеп келгені белгілі.Мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Атап айтатын болсақ: Бірінішіден, кәсіби білім алу барысында. Екіншіден, өзіндік ізденіс нәтижесінде. Үшіншіден,озық іс-тәжірибе тарату арқылы зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне тоқталамыз. Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, жинақтау iсi күрделi және шығармашылық мәселелердiң бiрi болып табылады. Педагогикалық тәжiрибе – оқыту мен тәрбиенiң тәжірибесі жан-жақты зерттеу обьектiсi,факторлар мен ғылыми мәлiметтердi жинақтаудың негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi сондықтан педагогикалық озық iс-тәжiрибе оқу-тәрбие жұмысын үнемi дамыту мен жетiлдiруде үлкен орын алады. Ол кәсiби бiлiктi ұстаз еңбегi,яғни нәтижеге негiзделген педагог еңбегi. Педагогика заңдылықтары мен бiлiм негiздерiн игере отырып, саналы түрде оқыту үдерісіне енгiзу,тәжiрибеде байқаудан өткiзу.
    СӨЖ 12 апта.

    Тақырыбы: Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау.
    Джейкоб Леви Морено әзірлеген әдістеме топтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастарды диагностикалау үшін пайдаланылады, оның көмегімен осы қатынастарды өзгерту, жетілдіру және жақсарту үшін социометриялық мәртебе пайда болады. Сондай-ақ, социометрия қоғамдағы адамдардың мінез-құлқының типологиясын зерттеуге, топтық қызметтің тұрғысында адамдардың әлеуметтік және психологиялық үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

    Оң немесе теріс социометрикалық мәртебе - бұл социометриялық құрылымның элементі болып табылатын және кейбір кеңістіктік позицияны (басқаша - локус) алып жатқан жеке тұлғаның қасиеттерінің көрінісі. Бұл адамның қоршаған адамдардан алған артықшылықтары мен қабылдамауларының талдауы талданады. Топтық құрылымда қасиеттер әр элементке беріледі, бірақ біркелкі емес, сондықтан салыстырмалы талдау үшін әрбір қатынас өлшенеді және санмен белгіленеді. Бұл социометриялық мәртебенің индексі. Осы мақалада есептеудің мысалы келтіріледі.

    Социометриялық өлшеулер процедурасы топтағы келіспеушілік пен бірлік дәрежесін анықтауға, сондай-ақ, билік органдарының қайырымдылық пен антипатия белгілеріне негізделген қарым-қатынасына қатысты социометриялық позицияларын анықтауға көмектеседі. Осылайша, социометрикалық мәртебеге ие адамдар, мысалы, көшбасшы немесе шеттетілген адамдар әртүрлі полюстерде. Сонымен қатар, топ ішінде, кіші жүйелерді табу керек, олардың бейресми көшбасшылары да болуы мүмкін. Осы теорияның шеңберінде іс-әрекеттер, көбінесе адамдар өзара жек көретіндіктен туындаған топтағы кернеуді азайту үшін командалар арқылы адамдарды қайта топтастыру үшін ресми және бейресми көшбасшылардың беделін өлшеуге көмектеседі. Социометриялық мәртебе топпен жүргізілген белгілі бір әдісімен анықталады. Ол ұзаққа созылмайды, сағаттың төрттен бір бөлігі ғана, бірақ бұл көптеген артықшылықтарға әкеледі. Әсіресе, техника қолданбалы зерттеулерде жақсы, онда қатынастарды жақсарту үшін жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтiк мәртебе жасау бұл барлық мәселелердiң түнде шешiлуiн бiлдiрмейдi, әрине, бұл топтық шиеленiстi жоюдың түбiрi тәсiлi емес. Оның себептері ұжымның жеке ықыластары мен антипатияларына емес, тереңірек ізделуге тиіс. Мұндай проблемалардың әлдеқайда көне көздері бар. Социометриялық процедураның сенімділігі, ең алдымен, критерийлерді дәл таңдауға байланысты, бірақ олардың зерттеу бағдарламаларын және топтағы қарым-қатынас ерекшелігін алдын-ала танысуды талап етеді.

    Сұрақтарға топтың әрбір мүшесі жауап береді, сол немесе өзге топ мүшелеріне бейімділіктерді таңдап, оларды басқалармен салыстырғанда артықшылықтары бойынша бағалайды. Негізгі критерий - өздерінің сүйіспеншіліктері немесе ұнатпауы, сенімсіздік немесе сенімділік және т.б. Сұрақтар бір-біріне, жетекшісіне, қандай да бір себептермен топқа қабылданбаған бейресми көшбасшыға деген қарым-қатынасты барынша оңай анықтауға мүмкіндік беретін етіп таңдалуы керек. Эксперимент а) және б) әріптеріне сәйкес екі сұрақты оқиды, сосын сұхбаткерлердің нұсқауларын береді. Олар өздерінің парақтарына үш атауды жазу керек.
    СӨЖ 13 апта.

    Тақырыбы: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

    Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді. Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады. Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады. Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар. Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді. Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді. Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу. Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады. Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс. Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады. Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды. Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды. Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады. Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
    СӨЖ 14 апта.

    Тақырыбы: Нақты тақырып бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау жүйесін дайындау.

    Қазір білім беру стандарты талаптарына сай тарих пəнінің оқытылуына, тарихшы мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктелді. Өйткені жас ұрпақтың бойына ұлтжандық сезім мен сана, дүниетаным қалыптастыруда тарих пəні басты рөл атқарады.

    Мектепте тарих пəнін оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері:
    оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

    бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мəдени-тарихи тəжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

    тұлғаның жеке мүддесін, оның бейімділігі мен танымдық мүмкіндіктерін барынша ескере отырып, оқушылардың өз халқы мен басқа да халықтардың мəдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мəдени мұрасын сақтауға жəне байытуға үлес қосуға тəрбиелеу;

    оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, адамзаттық сезімді дамыту;

    оқушыларға эстетикалық, экономикалық тəрбие берудің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тəрбиелеу;

    оқушылардың басты назарын қоғам тарихына: адамдардың өмір тіршілігіне, қызметіне, салт- дəстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу.

    Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

    • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;

    • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

    • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

    • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

    • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

    • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

    • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

    • бағаны әділ қойылуы;

    • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

    • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

    • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

    Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

    Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.

    Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.

    қушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.

    Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.

    Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.

    Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру

    Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.

    Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

    Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.

    Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының нәтижелеріне қарап баға қойылады.
    ОСӨЖ 9 апта.

    Тақырыбы: Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру(конспект)
    «Инклюзивті білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада да, Америкада да, Латын Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.

    Инклюзивті білім берудің негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.

    Инклюзивті білім беру –балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін балаларды бір-бірінен ажыратып,кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын тиімді жолмен құру.Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет.

    Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.

    Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек.

    Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата- аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс.Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып- үйренуіндегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай- ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты.
    ОСӨЖ 10 апта.

    Тақырыбы: Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.

    Оқу жоспары – бұл нормативтік құжат бекітілген білім Министрлігі РБ айқындайтын оқу пәндерінің құрамы, оқытылатын оқу орнында, бірізділігі, оларды оқып-үйрену мен жалпы көлемі бөлген уақыт.
    Төмендегідей түрлері оқу жоспарларын
    – базистік
    – үлгі (ұсынымдық сипатта болады)
    – оқу жоспары орта мектеп, мазмұнын анықтайды:
    а) бастауыш білім беру
    б) негізгі (базалық) білім беру
    в) орта (толық) білім

    Оқу жоспарында РБ бөледі білім беру компоненттері:
    1) базалық (республикалық)
    2) сараланған (ұлттық-аймақтық)
    3) мектеп (оқу пәндері, сонымен базалық зерттеу, олардың анықталады мектептің педагогикалық кеңесі шешімімен тілектерін ескере отырып, мұғалімдер мен ата-аналар).
    Базасында оқу жоспарлары құрылады оқу бағдарламасы әр пән және әр сынып үшін.
    Оқу бағдарламасы – оқу құжаты бекітілген, МО РБ, онда нақты білім беру мазмұны әрбір оқу пәні бойынша көлемі мен бөлінетін уақыт сияқты пәндерді оқуға тұтастай алғанда, сондай-ақ оның әрбір бөлім және тақырып. Түрлері оқу бағдарламалары:
    – типтік оқу бағдарламалары (анықтайтын базалық білім, білік, дағдылардың жүйесін, дүниетанымдық идеялар мен жалпы ұсынымдар әдістемелік сипаттағы)
    – жұмыс оқу бағдарламаның негізінде түзіледі үлгі көрсетеді ерекшелігін оқыту осы білім мекемесінде.
    – авторлық оқу бағдарламалары, олар әзірлейді және іске асырады жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар.
    2 тәсілі бар құру оқу бағдарламалары:
    1) желілік – логикалық құру және материалды үздіксіз дәйектілігі, жоқ қайтару осы материалға оқытудың келесі сатыларына;
    2) шоғырлы – қайталау оқу материалының келесі сатысынан усложненном нұсқада (??зерттеу қандай заттар бойынша құрылады лин. және кітаптар.?)
    Оқулықтар мен оқу құралдары (есептер жинағы, решебники, хрестоматия) ретінде маңызды оқу құралдары, негізгі білім көздерін және өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқушылардың пән бойынша. Олар ақпараттық модель (сценарий оқу процесі).Негізгі құжаттар мазмұнын анықтайтын білім беру болып табылады және оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқу әдебиеті.

    Оқу жоспары – бұл бекітілген білім министрлігі құжат, онда оқу пәндерінің құрамы, оқытылатын оқу орнында өту тәртібі заттарды жылдар бойынша оқыту, саны сағаттар зерделеу, әрбір заттың бөлек сыныптарда.
    Оқу жоспарында бөлінеді мемлекеттік және мектеп компоненті.
    Заттар енгізілген оқу жоспары болып бөлінеді міндетті және факультативті.

    Негізінде оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу бағдарламалары жасалады.
    Оқу бағдарламасы – бұл бекітілген білім министрлігі құжаты ашылады білім беру мазмұны әрбір пән бойынша әр сыныпта анықталады жүйесі ғылыми білім, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеялардың, практикалық білік және дағдыларды меңгеруге қажет болатын оқушылар.
    Білім беру мазмұны-жан-жақты ашылады әдебиеттеріне (мектеп оқулықтар, анықтамалықтар, қосымша оқуға кітаптар, атластар, карталар, тапсырмалар және жаттығулар жинағы және т. б.).
    Елу үш
    Барлық түрлері арасында оқу әдебиеттері ерекше орын алады, ба -лық оқулық, ол өзінің мазмұны мен құрылымына сәйкес келеді оқу бағдарламасы және пәні.
    Функциялары оқулық (д. Д. Зуев):
    – ақпараттық функциясы – оқушыларды қажетті және жеткілікті ақпаратпен қалыптастыратын, олардың дүниетанымы беретін тамақты рухани дамуының және практикалық игеру;
    – трансформационная функциясы мынада: материал оқулықта, преобразуясь оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып және дидактикалық талаптарды, қол жетімді, бірақ жоққа шығармайды мәселелікті мен мүмкіндіктері, оның шығармашылық игеру;
    – систематизирующая функциясы іске асыруда талап міндетті жүйелі және дәйекті материалды баяндау логикасында оқу пәні;
    – функция материалды бекіту және жүзеге асыру балалардың өзін-өзі бақылау көрінеді оқулық мүмкіндік береді қайта зерделеу, тексеру, оны оқушы дұрыс қалыптасқан, оған ұғымдарды, түсініктерді, бейнелерді, дәлдік меңгерген ережелерін, заңдар, қорытындылар;
    – интегрирующая функциясы мынада: оқулық балаға көмектеседі приращивать қарай айтылған, онда білімге қосымша ақпаратты аралас ғылымдар;
    – үйлестіруші функциясы септігін тигізеді тарту жұмысы барысында материалмен басқа да оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитивтер, шынайы);
    – развивающе-тәрбие функциясы тұрады, рухани-ценностном әсері оқулығының мазмұнын оқушыларға қалыптастыру, жұмыс процесінде сияқты қасиеттердің еңбексүйгіштік, ойлағыштық белсенділігі, шығармашылыққа;
    – оқыту функциясы оқулық көрінеді онымен жұмыс дамытады мұндай іскерліктер мен дағдылар, конспектирование, жалпылау, бөлу бас, логикалық есте сақтау үшін қажетті өзін-өзі дамыту.

    ОСӨЖ 11 апта.

    Тақырыбы: Оқыту құралдарына сипаттама.

    Жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораториялардыжәне полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің  пайдаланылуы  туралы  әр  түрлі көзқарастар  бар.   Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтарыә» деген терминмен «оқу құралдары» терминнің синоним ретінде қарастырылады.

    Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына  оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.

    Оқу жабдықтарына жататындар:

    1.оқыту құралдары,

    2. Техникалық құралдар;

    3. Құрылғылар;

    4. Мебельдер.

    Бұлардың арасында белгілі қарым-қатынас пайда болады. Мысалы, оқыту құралдары техникалық құралдардың, мебельдердің, керекті құрылғылардың тізбсін анықтайды. Егер кейбір пәнге тән көптеген кинофильмдер болса, онда техникалық құралдар қатарына киноқондырғыны, құрылғыға -  экран мен қараңғылатқышты жатқызған болар едік.  Осы  кинофильмдерді жайғастыру, сақтау үшін арнайы мебель қажет болған болар еді.  Сондықтан оқу жабдықтары барлық уақытта өзгеріп, дамып отырады.  Олардың әрбір түріне қысқаша тоқталайық.

    Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына  «оқыту құралдары» термині  қолданылып жүр.  Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.

    Баспасөз әдісімен жасалған -  оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.

    Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.

    Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.

    құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.

    Кейбір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)

    Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады.  Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез  келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.

       Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.

        Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.

      Өндірістік оқу сабақтарында оқушыларға кәсіптік және жалпы еңбектік шеберлікті, дағдыны қалаптастыру үшін түрлі жаттығулар жасауына тура келеді. Олардың қатарына нақты обьектілер модельдер және де көмекші оқыту құралдары жатады. Мұндағы негізгі мақсат – оқу процесін өндіріске жақындату.

         Кейінгі кезде теориялық сабақтар оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру нығайту мәселесі байқалап келеді.

    Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін, сондықтан да сабақ барысында  оқыту құралдарының  маңызы да арта түспек.  Мұндай жағдайда  оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап, қателік жіберсе түзету ееңгізе алады.  Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың да  мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн.  Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады.  Мысалы, карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары.

    ОСӨЖ 12 апта.

    Тақырыбы: Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі.
    Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психологиялық – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.

    Сабақтың үш мақсаты:

    -Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

    -Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

    -Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

    Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары:

    -танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

    -оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);

    -оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

    -оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

    -оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

    -жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

    -қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;

    -оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету.

    Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, Тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып сонымен қатар оқушылардың осы материалымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

    Мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.


    ОСӨЖ 13 апта.

    Тақырыбы: Тұлғалық-бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру нәтижесі.
    Зерттеушілер тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі оқушының өзін-өзі

    тануына, өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне қажетті тұрақты

    жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқушыларды саналы әрекеттер жасауға ұмтылдырады деп есептеді. Осыған байланысты тұлғалық-бағдарлы жүйенің басты ерекшеліктері аталды. Олар:

    -тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесінде оқушы өзіне іштей және сырттай

    үңіле отырып, өзін басқа оқушылармен салыстыруға, өзінің қылықтар мен

    мінез-құлықтарын бағалауға, өзін және басқаларды мінездің жағымды және жағымсыз белгілері жиынтығы ретінде емес, тұтастай қабылдау мүмкіндігіне ие болады;

    -өз күш-жігерін ұштай отырып, оқу және өмір сүру жағдайларына тұрақты

    ықпал ете отырып, өзін басқаруға үйренеді;

    -өзінде байқалған жеке эмоционалдық кедергілерді жеңіп шығуға

    үйренеді;

    -қоршаған ортамен үйлесімді қатынас жасау жолымен тиімді қарым- қатынас жасауға үйренеді.

    Тұлғалық-бағдарлы оқыту нәтижесінде қалыптасатын оқушы тұлғасы моделі:

    -проблемалық жағдайлардан шығу жолын өз бетінше таба алатын,

    шығармашылық ізденіс талап ететін іс-әрекетті жүзеге асыра алатын тұлға;

    -қоршаған ортаға үйлесімді ене алатын және диалогке қатыса алатын жан-жақты интеллектісі бар және мәдени деңгейі жоғары тұлға;

    -өмірде «Мен-концепциясын» өз- өзін жүзеге асыру, өз - өзін байқату, өз-

    өзін -жандандыру, өз -өзін реттеуге қабілетті тұлға. Аталмыш модельге жету үшін жүйелі де ауқымды іс-әрекеттер жүргізу керек.

    Тұлғалық-бағдарлы оқытуда оқушы білімді өзіне шын мәніндегі

    қажеттілік ретінде қабылдауын ұйымдастыруға басты назар аудару қажет.

    Білімді өзінің қажеттілігіне айналдыру үшін:

    1.сабақ үдерісінде білім алушы үшін маңызды, өмірден алынған мәселені қою;

    2. мәселені шешуге қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру;

    3.мәселені шешу үшін белгілі бір білім мен біліктерді жоспарлау және қолдануды жүзеге асыру;

    4.шығармашылық, зерттеу және ізденіс іс-әрекеті нәтижесінде дайын өнім алу;

    5.жасалған жұмысты қорытындылау, өзінің алған нәтижелерін көрсету және таныстыру. Бұл міндеттерді орындау барысында алынатын нәтижелерді екі түрге бөлуге болады:

    сыртқы нәтиже – іс жүзінде көруге, саналы түсінуге, өмірде тәжірибеде

    қолдануға болатын нәтижелер. Бұларға жататындар: тұсаукесер, плакаттар,

    оқулық, жадынамалар және т.б. жасау болып табылады.

    ішкі нәтиже - өзіне білім, білік, құзыреттілік пен құндылықтарды

    біріктіретін іс-әрекет нәтижесі болып табылады.

    Сонымен, тұлғалық –бағдарлы оқыту біздің мектептің өзіндік ерекшелігіне, статус жағдайына сай келеді.Ең басты дүние әр оқушыға тұлға деп қарап, оның дамуына жан-жақты жағдай жасауына тікелей ықпал жасайды. Бір жылдың көрсеткіштерімен ғана салыстырсақ та, даму, өсу динамикасы көрінеді. Жоғарыда аталған міндеттер жүзеге асып жатқаны бұл оқыту технологиясының тиімді, икемді, оңтайлы екенін дәлелдейді. Инновациялық, яғни жаңашыл дейміз, дегенмен қазіргі заманауи оқыту технологиясының қай-қайсысын алсақ та, ескеретін бір жағдай бар, әр мұғалім сабақ беретін сыныптың педагогика – психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа отырып, сонымен қатар оқушылардың диагностикасы мен жеке бас ерекшеліктеріне сүйене отырып, таңдау жасайды.

    Күтілетін нәтижелер:

    -оқушылардың білім сапасын, танымдық қабілетін, өзін-өзі реттеуін арттыруға бағытталған іс-әрекеттер шығарылды;

    -мұғалім тұлғалық-бағдарлы оқытудың тиімді де оңтайлы әдістерін біледі және тәжірибе жүзінде сәтті қолданады.

    ОСӨЖ 14 апта.

    Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі.
    Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

    Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

    -тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.

    -әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

    -оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

    -оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

    -білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

    -байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

    -мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

    - бағаны әділ қойылуы;

    -оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

    -әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

    -бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

    Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

    «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Қазіргі бағалау түрлі нысанда, түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

    Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.


    написать администратору сайта