Сабақ негізделген оқу мақсаттары
| 2.5.4.1 - түрлі денелердің температурасын өлшеу;
2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.3 - бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
|
Сабақ нәтижесі:
| Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
| Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
| Оқулық, суреттер және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
| Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
| Музыка, қазақ тілі.
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
| Сабақ барысы :
| Ресурстар
|
Басталуы
5 минут
| Психологиялық ахуал қалыптастыру, өткенді қайталау.
Үш тілде амандасу.
-Балалар бүгін біз жануарлардың тілінде ерекше амандасып көрейік
Тақтаға жануарлардың суреті мен дыбыстарын қоямын.
-Қай жануардың дауысы қатты шығады?
-Қай жануар жай дыбыс шығарады?
-Бұл қандай дыбыстар?
-Бұл дыбыстарды бәсеңдетуге не қатты шығаруға болады ма?
-Қандай дыбыстарды өзгертуге болады?
-Мысал келтір.
Сыбызғының дауысын тыңдатып, оны жай және қатты шығарту.
-Адамның дауысы табиғи ма, әлде жасанды ма?
-Қай уақытта адамның дауысы өзгереді? (ауырғанда)
|
Интерактивті тақта Сыбызғы
|
Жаңа білім
10 минут
| Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
-Сендер бұрын ауырып көрдіңдер ме?
-Аурудың белгілері қандай болады?
-Дене температурасы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ал, осы сендердің атаған құралдарың бұл суретте бар ма?
-Оқулықтағы суретке қараңыздар.
-Негеш пен Эврика қандай өлшемдер жүргізді?
-Ыдыстың сыйымдылығын өлшеді
-Сағатқа қарап уақытты анықтады.
-Өсімдіктің биіктігін сызғышпен өлшеді.
-Уақытты сызғыштың көмегімен анықтауға болады ма?
-Бөлме жылы не суық екенін қалай білуге болады?
-Бөлме жылы екенін қайдан білдіңдер?
-Тағы қайдан білуге болады?
-Ал, дала жылы ма, суық па? (суық)
-Неге олай дейсіздер?
-Себебі қар жауып тұр.
-Ал енді бөлменің ішіндегі заттардың жылы, не суық екенін анықтайық.
-Сендер қолдарыңмен ұстау арқылы сол заттың температурасы неше градус екенін дәл айта аласыздар ма?
Температураны дәл өлшеу үшін арнайы құрал ТЕРМОМЕТРді пайдаланамыз.
ТЕРМОМЕТРдің сыртқы қабығы шыныдан жасалады. Ішінде металл шкала және сұйықтық бағаны болады. Термотетрдің ішіндегі сүйықтық сынап деп аталады. Сынап – өте қауіпті сүйықтық. Үйде градусник сынып қалатын болса, бірден ересектерге хабарлап, үйден шығып кету керек. Сынапты қолмен ұстауға болмайды. Сол себепті кішкентай балаларға электронды термометрді қолданады. Оны пайдалану өте ыңғайлы. Температура бірден экранда көрінеді.
-Бөлме термометрінің көмегімен су температурасын өлшеуге болады ма?
-Жоқ, оның шкаласы мұндай жоғары температураға арналмаған.
-Адам денесінің температурасын дала термометрінің көмегімен өлшеуге болады ма?
-Жоқ, әр термометр белгілі бір температураны өлшеуге арналған
| Оқулық,
мәтіндер, термометр түрлері, бақылау парақшалары
|
Ортасы
10 минут
| Қолдану «Жас ғалымдар станциясы»
І топ: Жас дәрігерлер-дене температурасын өлшейді
ІІ топ: Жас гидрологтар-судың температурасын өлшейді
ІІІ топ Жас метеорологтар –ауа райының температурасын өлшейді.
ІІІ топ Жас санитарлар-бөлменің, гүл топырағының температурасын өлшейді.
Бағалау парағына түсіреді.
|
Оқулық, бағалау парағы, түрлі-түсті маркерлер
|
Сергіту сәті
1 минут
| Сергіту сәті "Термометр тілі" деп аталады
Егер мұғалім жылы заттың атауын атаса, оқушылар тұрады, суық затты атаса – отырады.
| бейнежазба
|
| Дәптермен жұмыс
| Дәптер, түрлі-түсті қарындаш
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту. Бағалау 10 минут
| Бағалау парақшасы. Цифрлық диктант жүргізу
|
Бағалау парақшасы, түрлі түсті қарындаш
|
Үйге тапсырма
| Мазмұндау, дәптердің 61 бетіндегі 59 жұмыс парағын ата-анасының көмегімен орындау.
|
|
5 минут
| Оқушылар сабақтың мақсатына қаншалықты жеткені туралы айтады. Өз есімдері жазлған стикерді суреттің сәкес жеріне жапсырады. Мен:
температура өлшейтін құралдармен танысамын: температураны өлшеп үйренемін
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|