Коучинг тақырыбы: Мақсаттың СМАРТ талаптарына сай болуы
Мақсаты : Мұғалімдерді сабақ жоспарлауда мақсатты дұрыс қоя білуге бағыттау
Күтілетін нәтиже:
1.Сабақ мақсаттарын СМАРТ талаптарына сай құра біледі
2.Сабақ мақсаттарын оқушыларға бағыттай алады
Коучингтің өту барысы ;
Коучинг тәсілі негізінде тренингке қош келдіңіздер! Алдымен әр пән мұғалімдеріне өз пәндері бойынша белгілі бір тақырыпқа мақсат қойып жазуды тапсырамын. Мұғалімдер тапсырманы жеке – жеке орындайды. Сабақ мақсаттарын қалай қойғанын бақылаймын. Слайд. «Сабақ мақсатының СМАРТ талаптарына сай болуы» Мұғалімдердің СМАРТ талаптарына сай болатындай жаңа мақсат қойып , бірінші қойған мақсаттарымен салыстыру. Ерекшелігін байқайды. Тапсырма : Жаңартылған білім мазмұны бойынша кез – келген бағдарлама бойынша сабақ жоспарларын құрып
Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейсіз???
Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе?Неліктен?
Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн? Неліктен?
Берілген мақсат дұрыс қойылған ба? Неліктен?
Коучингтің тақырыбы: "Мақсатты тұжырымдау. Сабақтарға SMART мақсат қою"
Тақырыбы:
| "Мақсатты
тұжырымдау. Сабақтарға SMART мақсат қою"
| Мақсаты:
| Мұғалімдермен сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарымен ой бөлісу, әдіс алмасу.
| Дереккөздері:
| Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Интербелсенді әдістемесі А.Қ. Әлімов, Б.М. Қосанов, Р.Ж. Базарбекова, Сpm.kz порталы, ғаламтордан мәліметтер.
| Оқу
нәтижелері:
| Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі
| Негізгі
түйінді идеялар:
| Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың білімді дұрыс игеруіне жағдай жасалады.
| Оқыту әдістері:
| Оқытудағы жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар
Дарынды және талантты балалармен жұмыс
Көшбасшылық
Оқыту үшін бағалау
СТО
| Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
| Ресурстар:
| А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, слайдтар, маркер, қалам т.б.
| Коучинг бойынша
коуч пен мұғалімнің іс-әрекеті
| Коучтің іс-әрекеті
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Психологиялық ахуал қалыптастыру, топтарға бөлу:
3 мин.
| І. Психологиялық
ахуал туғызу Тренинг «Қоржындағы
тәттілер» тренингі
Мұғалімдер қоржындағы тәттілерді таңдап, сол тәттілерге қыстырылған түстер және сөздер арқылы көңіл-күйлерін көтереді.
| Мұғалімдер түстер
арқылы бірігіп, топқа жинақталады.
| Қызығушылықты ояту:
7 мин.
| Ой шақыру
«Ой қозғау» тәсілін пайдалану
Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақтар ұсынамын.
1. Мұғалімдер сабақтың мақсатын қою оңай деп ойлайды. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
2.Дұрыс қойылған мақсат оқыту тәжірибесін жақсартады деген пікірмен келісесіз бе?
3.Сабақты жоспарлауда қандайда бір қағидаларға сүйенесіз бе?
| Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, сұрақтарға ия, жоқ деген жауаптар ұсынады. Топ ортасынан біреуі топ пікірлерін ортаға салады.
Ия – жасыл түс.
Жоқ – қызыл түс.
| Мағынаны тану:
1-тапсырма
20 мин.
| 1. Бүгінгі коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі айтылады.
Топтық жұмыс «Сабаққа мақсат қою» тақырыбында ұстаздар күнделікті өз сабақтарында мақсатты қалай қоятынын, неге көңіл бөлетіндіктерін негізге ала отырып, ой бөліседі.
| Топтаталқылайды, постер жасап, ортада өз жұмыстарын қорғайды.
| 2-тапсырма
10 мин.
| 1. "Мақсатты тұжырымдау. Сабақтарға SMART мақсат қою"
(интербелсенді тақтадан слайдтар
көрсетіледі)
Стронг "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім" деген болатын. Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан жаңашыл идеяларды танудан және тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда, мұғалімнің жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді. Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
болашақ нәтижені суреттеу неге қол жеткізу керектігінің бейнесі
· белгілі бір анықталған күш-қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған
іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы
· бұл индивидумның өз күштерімен қол
жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі
SMART мақсаттар мен міндеттер SMART – оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда
қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды деген мағынаны білдіреді. Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол – 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specific – арнайы, нақты;
Measurable – өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable – қолжетімділік;
Realistic – шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed – белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
1. Specific.
Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап, «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат – қолдан келмейтін нәрсе.
4. Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң, «Мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат – бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша жүйелесек:
Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.
Міндет:
1.Ағашты кесу.
2.Үйге әкелу.
3.Отты тұтату, жағу.
Нәтиже:Үй жылынды.
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.
|
Мұғалімдердің жауаптары салыстырмалы түрде тыңдалады.
| Қорытындылау:
3 мин.
| Мақсатты дұрыс қою – адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі, оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.
|
| Рефлексия
2 мин.
| Кері байланыс парақшасын толтыру
? ? ұсынысыңыз бар?
| Таратып берілген кері байланыс парақшалары
толтырылады
| |