Главная страница
Навигация по странице:

  • Тапсырма мәтінін құрастыру кезінде нені ескеру керек

  • Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде

  • Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы

  • «Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері

  • Сұрақты талдау мүмкіндігі

  • «Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар

  • Шындықты анықтау тапсырмасы

  • Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар

  • Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

  • Сәйкестендіру түрлеріне мысалдар

  • Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар

  • Ойлануға берілген тапсырмалар

  • Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар

  • Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты мұғалімге арналған ұсыныстар

  • Кп тадауы бар тапсырмалар


    Скачать 29.89 Kb.
    НазваниеКп тадауы бар тапсырмалар
    Дата11.05.2023
    Размер29.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаkaz material taps rmalard kurast ru.docx
    ТипДокументы
    #1123791

    Көп таңдауы бар тапсырмалар

    Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, ал дұрыс емес жауаптары дистракторлар болып табылады.
    Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болуы және сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі тиіс.
    Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды. Тапсырма мәтінінің күрделі түрде берілуі тапсырманы түсінуді қиындатады. Тапсырма орфографиялық және грамматикалық
    ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.

    Тапсырма мәтінін құрастыру кезінде нені ескеру керек?Тапсырма мәтінін теріске шығару арқылы тұжырымдау оқушының қабылдауы мен дұрыс жауабын анықтауына қиындық туғызады. Сонымен қатар оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Алайда тапсырманы теріске шығару арқылы тұжырымдап беру қажет болған жағдайда, қосымша графикалық әсерлерді қолдану қажет. Мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету, белгілеу, теріс берілуі бар бөлігін бас әріппен жазу. Бос орындарға қажетті сөздерді қою арқылы берілген мәтіннің сөйлемдерін толықтыруға негізделген тапсырманы қолданбауға тырысу қажет. Мұндай тапсырмалар ең алдымен оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады, өтілген материалды меңгеру сапасын көрсетпейді. Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны әртүрлі болуы мүмкін. Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ болжап табу мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын баламалы жауаптардың көп болуы оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып келеді. Жалпы алғанда, 2-ден 5-ке дейін жауап нұсқаларын қолдану ұсынылады. Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады (әліпби реттілігі бойынша, хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және т.б.). Осыған орай жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты дұрыс жауапты болжап табу мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса, онда олар әлипби ретімен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі нұсқа бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған дұрыс.
    Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда
    тапсырманың сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін – дұрыс жауабын дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының болуына кепілдік береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет.
    Дистракторлар өтілген материалға сәйкес болуы және шындыққа жанасымды, бірақ
    дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.
    Әдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерінен тұрады, мысалы,
    ғылыми негізделген «ақылды» сөздер, тапсырманың сұрағындағы терминдер, т.б. Егер
    дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы
    құрастырылған деп есептеуге болады, ол оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, бұдан дистрактор сапасының төмендігін немесе тапсырманы құрастыруда қате жіберілгенін байқауға болады. Егер дистракторды бірде-бір оқушы таңдамаған болса, онда дистрактордың қате құрастырылғаны туралы қорытынды жасауға болады, оны қайта құрастыру қажет

    Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде
    нені ескеру керек?
    Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған жөн, әсіресе, егер дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса.
    Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт) ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.
    Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс
    (өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі).
    Кілт және дистракторларда «әрқашан», «кейде», «ешқашан», «жоғарыда аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмауын
    ескерген жөн.
    Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни қарастырылған жағдайда дистрактордың әртүрлі мағыналы болуын, екіұштылығын болдырмау керек

    Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы

    «Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма,
    оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша
    айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; осындай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады. Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және тез болады. Сондай-ақ тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын тапсырмаларға (ашық тапсырма) қарағанда, мұндай тапсырма барынша объективті, қойылған балл көбіне сенімді болады. Көп мұғалімдер шындықты анықтауға қатысты тапсырмалар қажетті білімді жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі бұл тапсырмада оқушы тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген педагогтер оқушыларды сөзбе-сөз есте сақтауға бағыттайтын таптаурын (тривиалды) сұрақтар құрастыру үрдісіне алып келеді деп
    атап көрсетеді. Шындықты анықтау тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Осындай тұжырымның шындығын анықтау тапсырмалары асты сызылған негізгі сөз арқылы немесе
    Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде
    нені ескеру керек?

    Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді
    қолданбаған жөн, әсіресе, егер дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса.

    Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт) ретінде
    қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе
    қиындатуы мүмкін.

    Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс
    (өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі).

    Кілт және дистракторларда «әрқашан», «кейде», «ешқашан»,
    «жоғарыда аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмауын
    ескерген жөн.

    Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни қарастырылған жағдайда дистрактордың әртүрлі мағыналы болуын, екіұштылығын болдырмау
    керек. қысқа сөйлем (фраза) арқылы ұсынылады. Мұндай тапсырмаларда оқушының шындықты дұрыс анықтағаны жеткіліксіз жағдайда әрі анық болмайды. Асты сызылған шындық түрінде берілген тұжырымды ауыстырған кезде, оқушы сұраққа толық жауап беру үшін дұрыс сөзді немесе фразаны көрсетуі қажет.

    Шындықты анықтайтын тапсырманың бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен
    берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты білетінін анықтайды. Дегенмен оқушы тұжырымның жалған екенін дұрыс болжамдауы мүмкін, алайда ол неге жалған болып табылатыны туралы түсінік бермейді немесе оқушы сол тұжырымды шындыққа өзгерте алмайды. Бұл жағдайда сөйлемдердегі қандай сөз/фраза өзгеруі қажет екенін мұғалімнің өзі шешеді. Егер оқушыларға жалған тұжырымды шындыққа айналдыру тапсырмасы берілсе, олардың бұл тұжырымды толық қайта жазуға мүмкіндігі болады, мұндайда оқушының алдыңғы тұжырымда не дұрыс болмағанын түсінгенін не түсінбегенін мұғалім анықтай алмайды. Егер тапсырма асты сызылған сөзді/фразаны қарама-қарсы мағынаға ауыстыру деп берілсе, онда мұндай сұрақ қарапайым шындық-жалған сұрақтарына қарағанда басымдығын жоғалтады, себебі оқушы тұжырымның жалған екенін, оны өзгерте алмайтынын білуі мүмкін.

    «Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:

    Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу
    үшін бейімдеуге болады.

    Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің
    нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды
    автоматты түрде есептеуге болады.

    Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді
    нәтижелерін беруі мүмкін.

    Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы
    жетілдіруге болады.

    Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады.

    Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды
    түсінуін бағалауға пайдалы.

    Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын
    бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін

    «Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар
    Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға
    түсінікті болуы қажет.

    Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды
    оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша өзінің білімін көрсетугеуақыты жетпей қалуы мүмкін.

    Оқушылардан тұжырыммен бірге жазуды/жазылымды интерпретациялау кезінде
    қате жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазудың орнына кестеде
    белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды
    ұсыныңыз.

    Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты қарым
    қатынасты көрсетсе, онда әуелі дұрыс бөлігі жазылады, ал екінші бөлігі
    өзгертіледі.

    Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзақтығы шамалас болсын.
    Жауабында қандай да бір заңдылық байқалмауы үшін, шынайы және жалған
    тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз.

    Кең таралған жалған пікірлер мен көзқарастарды жалған тұжырым ретінде
    қолданыңыз.

    Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты
    көрінетіндей етіп құрастырыңыз.

    Тапсырма екіұштылы емес, нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай
    тұжырымдарға негізделуі қажет.

    Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.

    Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.

    Оқушының дұрыс түсінуі үшін жеткілікті ақпарат қосыңыз.

    Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: бәрі, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім,көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.

    Мәтіннен, дәрістен немесе басқа материалдардан алынған дәйексөздерді
    қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді.

    Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпаратты қолданудан аулақ болыңыз.

    Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.

    Шынайы, жалған және басқа да тұжырымдар әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін
    қолданылады, сондай-ақ оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдануға
    болады. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың мазмұнында белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша жұмыс түрінде берілуі мүмкін.

    Шындықты анықтау тапсырмасы жауапты таңдау тапсырмаларының ішінде ең жиі
    қолданылатыны болып табылады. Оларды дайындау оңай, дегенмен оларды қолдану кезінде мұқият болған жөн. Оқушылар мұндай тапсырмалардың осал тұсын тауып, жауабын болжауға көмектесетін сөздерді, грамматикалық құрылымды, т.б. пайдаланып, жоғары балл алуы мүмкін.

    Мұндай тапсырмалар қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу үшін
    тиімді қолдануға болады. Бұл алдыңғы сабақтағы жетілдіруді қажет ететін проблемалық
    тұстарын анықтау үшін, оқушыларды жаңа тапсырмаларға орындауға ынталандыру үшін,
    күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.
    Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар


    1. Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып,
    олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз.
    2. Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды
    жазу кезіндегідей), толықтай теріске шығарудан аулақ болыңыз.
    3. Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін
    көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз.

    4. Оқушылардың назарын олардың қалай жауап беретініне аударыңыз.
    Мысалы, тек «Иә» немесе «Жоқ» емес; «Шындық» немесе «Жалған», «Ш» немесе «Ж», «T» немесе «F».

    5. Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ
    болыңыз.
    6. Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы
    қажет.
    7. Оқудың барынша жоғары деңгейлеріне ұмтылыңыз.

    Оқушыларға кеңес

    1) Тұжырымның шындыққа жанасымдылығын анықтау үшін сұраққа қалай жауап беруді білмей отырсаңыз, тұжырымды шындық деп есептеңіз, себебі мұғалімдер шын тұжырымды қолданғанды жақсы көреді.

    2) Егер тұжырымда нақтылаушы түсініктемелер берілген болса, бұл шынайы тұжырымның бір көрінісі болуы мүмкін. Мысалы, «Бүкіл әлемде жойылып кетудің алдында тұрған 980 түр бар» деген нақтылау түсініктемесін көрсетеді және бұл тұжырым шындық болып табылады.

    3) Әрқашан, ешқашан, көпшілігі және т.б. сияқты сөздерді іздеңіз, себебі
    олар тұжырымның жалған екенінен хабар береді.

    4) Себебін көрсететін тұжырым әдетте жалған болып табылады.

    5) Тұжырымдағы ақтайтын дәлел немесе себеп туындататын сөздер (сондықтан, солайша, сол кезде, егер) тұжырымдаманы жалған ететін үрдістен тұрады, себебі олар дұрыс емес немесе толық емес болып табылатындай себептерді келтіреді

    Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

    Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді
    білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып
    табылады. Сәйкестендіру тапсырмалары шығарма кейіпкерлері, олардың сипаттамалары,
    оқиғалардың болған орындары қарастырылатын тіл мен әдебиет сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы.

    Сәйкестендіру түрлеріне мысалдар:

    1) Кейіпкерлердің аттары мен шығарма атауларын сәйкестендіру;
    2) Кейіпкерлердің аттары мен олардың айтқандарын сәйкестендіру;
    3) Шығармалардың атаулары мен авторларын сәйкестендіру;
    4) Сөздердің мағынасы мен анықтамалық сөздіктің түрін сәйкестендіру.

    Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің
    бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың жауаптары көрсетіледі. Бұл жағдайда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін, сонымен қатар егер оқушы бір жауабында қателессе, одан да ірі қателікке ұрынады. Мынадай жағдай болуы да мүмкін: оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді. Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптар санының көп болуы. Бұл жағдайда оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағаннан тұратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс. Нәтижені өңдеуге қолайлы болуы үшін сол бағандағы позицияларды санмен белгілеу, ал оң бағандағыларды бас әріптермен белгілеу ұсынылады. Тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауап беру үшін жазу қарпі өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн. Әрине, жекелеген жағдайда бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасы ең жақсы тапсырма мысалы болуы мүмкін. Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру кезінде келесі ұсыныстарды ескерген жөн:

    Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын
    құрастыруға арналған ұсыныстар

    1) Оқу мақсаттарын зерделеп, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы болатынына
    көз жеткізіңіз.

    2) Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы

    тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.

    3) Оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде мүмкіндігінше

    тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.

    4) Бірінші бағанда жан-жақты сипаттама берілген сөздерді, ал екінші бағанда

    неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.

    5) Жауаптар тізімін мүмкіндігінше белгілі бір жүйемен реттеп орналастырыңыз

    (хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.).

    6) Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда бір жауап

    бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін).

    7) Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз, бұл тапсырманы

    орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің тексеруіне

    де қолайсыз болады.

    8) Тапсырманы орындауға қатысты нұсқау нақты болып, оқушыларға сәйкестендіру
    тапсырмасын қалай орындау керектігі түсінікті болуы тиіс. Барлық оқушылар
    тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырманың бір мағыналы бір дұрыс жауабы
    болатындай етіп құрастырылғаны жөн.

    9) Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін сұрақтарды
    қолданыңыз.
    10) Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан
    аулақ болыңыз.

    11) Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан
    және т.б. тұруы тиіс.

    Қосымша кеңестер

    Егер сіз сәйкестендіру сұрақтарын қолданатын болсаңыз, оны дайындауда келесі
    кеңестерді қолдануға болады:

    Оқулықты оқып отырған кезде адамдардың атына қатысты деректер мен идеяларды
    оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен деректерді бір-біріне қарама-қарсы
    ретте санамалап жазыңыз, нәтижесінде екі түрлі тік баған пайда болады. Өз тізіміңізді
    тексеру үшін деректер бағанын қағазбен жауып қойыңыз. Атауы жазылған бағандағы әр
    элементке қараңыз және соған сәйкес дерек немесе идеяны жазыңыз. Содан соң материалды екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз, өзіңізге еске салу ретінде деректерді қолданыңыз.

    Оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіріңіз. Көбіне сәйкестікті
    анықтауға қатысты тапсырмалар іс жүзінде талдау және жинақтау сияқты жоғары
    деңгейде ойлау дағдыларын емес, нақты білімді бағалайды. Алайда бұл мұндай
    тапсырмаларды жоғары деңгей дағдыларын бағалауға болатындай құрастыруға болмайды
    дегенді білдірмейді.

    Оқушыларға кеңес

    1) Нұсқауды оқыңыз. Әдетте тапсырмаларда екі тізімде/бағанда сәйкестендіруді
    қажет ететін элементтер болады. Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты
    анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.

    2) Сәйкестікті табу үшін бірінші тізімді бастапқы нүкте ретінде қолданыңыз
    және екінші тізімге ауысыңыз. Бұл үдеріс сіздің ойлауыңызды ұйымдастырады.
    Ол сондай-ақ сіздің жауап беруіңізді тездетеді, себебі сіз екінші тізіммен
    танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей, арақатынасты
    анықтауға мүмкіндігіңіз болады.

    3) Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз
    бірінші мүмкін жауаппен арақатынасты анықтайтын болсаңыз, қате жіберуіңіз
    мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.

    4) Дұрыс жауапты тапқаныңызға сенімді болсаңыз, екінші тізімдегі элементтерді
    сызып тастаңыз. Бұл сіздің сеніміңізді арттыруға және жинақы болуыңызға
    көмектеседі.

    5) Барлық сәйкестіктерді түгел анықтамайынша, дұрыс жауап туралы болжам
    жасамаңыз. Егер сіз жауапты басында тапсаңыз, онда сіз бұл жауапты келесі
    таңдау үшін қарастырмайсыз.

    Ойлануға берілген тапсырмалар

    Мұндай тапсырмалар сирек кездеседі. Олар оқушының өзі тақырыпты әбден ойланып,
    жаңа білімін өз әрекетінде қолдану жолын дұрыс табуын көздейді. Білімін өмірде қолдану
    туралы ойлану өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуге мүмкіндік береді.
    Мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы берілуі мүмкін,
    сұраққа оқушылар өз бетінше ойланып жауап жазады. Жауапты автоматты түрде тексеру
    мүмкін емес. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған
    материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді.

    Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек.
    Конфуцийдің «Сен неге қол жеткізгің келеді?» деген сұрағы өз шәкірттерінің көзқарасы
    мен мақсаттарын, болашаққа жоспарын білуге бағытталған болатын. Оған бір шәкірті өз
    байлығын достарымен қалай бөлісетінін айтса, басқалары өзінің тәртібіне қатысты жауап
    берген. Олардың жауаптары әртүрлі болғанына қарамастан, Конфуций шәкірттерінің мінезқұлқы мен өмірдегі ұмтылыстары туралы жеткілікті ақпарат алған. Ғұлама философ
    шәкірттеріне бір сұрақты қайталап қойған сайын оған әртүрлі жауап алатын. Бұл әр адамның ойы, түсінігі, жауабын ұйымдастыруы өз табиғатына тән ерекше екендігіне байланысты. Осылайша, ашық сұрақ дегеніміз – дұрыс жауаптары көп, адамды ойландыратын сұрақ. Жауаптардың сапасы мен маңыздылығын сарапшы бағалайды.
    Дұрыс құрастырылған ашық сұрақтар оқушының ұстанымы мен құндылықтарын
    анықтауда, дұрыс ой тұжырымдап, өз ойын дәйекті жеткізе білуін бағалауда тиімді болып
    саналады. Сонымен қатар сарапшы оқушының пәндік білімінің деңгейін, пәннің тілі мен
    мазмұнының тереңдігін бағалай алады.

    Ашық сұрақтар оған жауап бергенде өз пікірін білдіруге біршама уақыт жұмсауды қажет
    етеді, бұл тексеру тапсырмасындағы сұрақтардың санын шектеуге әсер етеді. Сараптауға
    ұсынылатын материалдың көлемі ықшамдалып, жеке аспектілерге бағытталады. Сонымен
    қатар ашық сұрақтардың жауабын тексеру көп уақыт пен ресурсты, біршама күш жұмсауды
    талап етеді. Мұнда субъективтілік (жеке көзқарас) те күрделі мәселе болып табылады.
    Оқушылар мен мұғалімдер, сарапшылар бір сұрақты әртүрлі түсінуі де мүмкін. Осындай
    Оқушыларға кеңес

    1) Нұсқауды оқыңыз. Әдетте тапсырмаларда екі тізімде/бағанда сәйкестендіруді
    қажет ететін элементтер болады. Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты
    анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.

    2) Сәйкестікті табу үшін бірінші тізімді бастапқы нүкте ретінде қолданыңыз
    және екінші тізімге ауысыңыз. Бұл үдеріс сіздің ойлауыңызды ұйымдастырады.
    Ол сондай-ақ сіздің жауап беруіңізді тездетеді, себебі сіз екінші тізіммен
    танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей, арақатынасты
    анықтауға мүмкіндігіңіз болады.

    3) Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз
    бірінші мүмкін жауаппен арақатынасты анықтайтын болсаңыз, қате жіберуіңіз
    мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.

    4) Дұрыс жауапты тапқаныңызға сенімді болсаңыз, екінші тізімдегі элементтерді
    сызып тастаңыз. Бұл сіздің сеніміңізді арттыруға және жинақы болуыңызға
    көмектеседі.

    5) Барлық сәйкестіктерді түгел анықтамайынша, дұрыс жауап туралы болжам
    жасамаңыз. Егер сіз жауапты басында тапсаңыз, онда сіз бұл жауапты келесі
    таңдау үшін қарастырмайсыз. келіспеушілік пен әртүрлі түсінікті болдырмау үшін, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес толық екшелген бағалау құрылымын ойластыру қажет.

    Том Кубисцын (Kubiszyn, Tom, 2007) ашық сұрақтардың пайдасын анықтап, олардың атарына келесі оқу нәтижелерін қосты:

    - өзара қарым-қатынасты талдау қабілеті;

    - көзқарастырды анықтап, салыстыру;

    - болжау;

    - қорытынды жасау;

    - себеп-салдарлық байланысты түсіндіру;

    - болжамдар ұсыну;

    - өз көзқарасын дәлелдейтін деректерді ұйымдастыру;

    - күшті және әлсіз жақтарын көрсету;

    - әртүрлі дереккөзден алынған деректерді біріктіру;

    - мақсат пен әрекеттердің сапасы мен құндылығын бағалау.

    Питер В. Айразиан (Airasian Peter W, 1999) эссе жазу тапсырмасы бағалаудың «басты
    әдісі» деген болжам ұсынады. Көркем жазу (қолжазба) мен жазу стилі бағалаудың маңызды
    критерийлері болмаса да, сарапшының қабылдауына әсерін тигізе алады, демек бағалауға да әсері болады деген сөз. Айразиан бұларды «қосалқы факторларға» жатқызып, оларды
    тапсырманы ұқыпты орындаумен байланыстырады.

    Ашық тапсырмалар

    Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіре
    алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық
    тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше
    сөздерден (қысқа жауап) толық дәлелді пайымдауларға (толық жауап) дейін болуы мүмкін.
    Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді,
    қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.
    Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңден тұратын түрлі
    сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындау
    қажет. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ, берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.

    Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар:
    тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдауды қолданыңыз;
    сұрақтарды ақпараттық және сұраулы бөлімдерге бөліңіз;
    оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз,
    яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажет;
    жауап үлгісін тиянақтаңыз, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алыңыз,
    берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз;
    жауаптың әр бөлігіне жинақталған балды қалай бөлу қажеттігін көрсетіңіз
    («Оқушылардың жұмысын бағалау үдерісі» бөлімін мұқият қараңыз);
    құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптесіңізді қатыстырыңыз. Қажет болған жағдайда түзетіңіз, құрастырылған тапсырмаға
    өзгерістер енгізіңіз.

    Сондай-ақ, мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей аса
    жеңілдетудің қажеті жоқ.

    Оқушының жағымсыз әрекетін туындататын тұжырымдардан аулақ болыңыз. Қажетінше жауаптарды шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада нақты шектелген жауап
    болмаса, оқушы көбіне жауабының қаншалықты толық болу қажеттігін білмейді. Жауаптар жауап үлгілерінде ұсынылғаннан көлемді немесе керісінше болуы мүмкін.
    Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың көңіл күйіне әсер ететіндей болмағаны дұрыс.
    Тақырыптарды таңдаған кезде мынадай тақырыптарды таңдамаған дұрыс: отбасылық қиын жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік өзгерістер, соғыс және терроризм, нашақорлық, ауыр науқас және т.б

    Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты
    мұғалімге арналған ұсыныстар

    Ашық сұрақтар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс:
    Негізділік:
    1. Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге
    жазыңыз.

    2. Сұрақты жете түсінбеуді немесе қате мағынада қабылдауды болдырмау үшін
    төлеу сөздің орнына төл сөзді қолданыңыз.

    3. Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға
    жауабын жазатын орын қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында бос
    тіктөртбұрыш немесе жазуға арналған бірнеше жол қалдыру.

    4. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілген балл
    санын көрсетіңіз.

    Валидтілік:
    1. Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы
    нақты ақпарат беруі тиіс.

    2. Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы
    мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.

    3. Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және
    тақырыптан ауытқу болмауы керек.

    4. Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым
    тілді қолданыңыз.

    5. Сұрақтардың саны меңгерген білім, дағдыларды көрсетуге сәйкес келетіндей
    анықталуы керек.

    6. Өткен материалды қайталап айтуға арналған сұрақтарды болдырмаңыз.
    Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен»,
    «не үшін», «қалай» арқылы құрылған сұрақтарды пайдаланыңы. Оқушылардың
    шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз.
    Объективтілік:
    1. Құрастырылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз
    барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек
    қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокөлік
    қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.

    2. Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап алуға бағытталған болуы керек. Сұрақты
    силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.
    3. Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін
    дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді.
    4. Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық
    тексеру сызбасын қолданыңыз.

    5. Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.
    Сенімділік:

    1. Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы
    қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен
    үлгілерді анықтау үшін бағалау туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап,
    деректер базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін жасау басқа
    тапсырма құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады.

    2. Дайын болған бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген
    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.


    написать администратору сайта