кпежрек реанимациясы Соы лім жадайдаы мейірбикені Ісрекет алгоритмі
Скачать 25.21 Kb.
|
Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің Іс-әрекет алгоритмі Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді. Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды. Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады. Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы): мәңгіру; есі шатасқан; артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді; шеткерлі артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді; тыныс алуы жие, үстірт; ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі); терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді. Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді. Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы. Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы): тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг); ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген; жүректің жиырылуы жиіленеді; артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді; шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді; жалпы тонустық құрысу; дене қызуы төмендейді; еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру. Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады. Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады. Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледіде, кенеттен есінен айырылады. Клиникалық өлімнің белгілері: есі болмайды; тыныс алуы тоқтайды; терісі бозарады, сұрланады және көгереді; ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды; көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды; рефлекстері толық болмайды. Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау: зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді; кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады: А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету. В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау. С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау. А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді. Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін. Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет: зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз; аузын ашыңыз; алмалы-салмалы тістерін алыңыз; оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз; зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз. ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі Іс-әрекет алгоритмі: Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін. Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді. В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды: Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет. Вентиляцияныңадекваттылығынтұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпедендем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады. Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан - ауызға» жасау әдісі Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу. Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз). Іс-әрекет алгоритмі: бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз; осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз; екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз; терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды. Өкпеніңжасанды вентиляциясын «ауыздан - мұрынға» жасау әдісі зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады; терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз. Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек. С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады. Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру. Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім. Іс-әрекет алгоритмі: Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі. Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады. Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет. Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді. Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады. Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері: Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда: ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады; көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді; тыныс алуы қалпына келеді; терісінің түсі жақсарады. Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды. Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу. Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз. Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қанайналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз. Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтынтоқтауы. Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады: тыныс алуы толық тоқталады (апноэ); қан айналымы тоқталады (асистолия); ес-түсі жоқ (кома); көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды; «мысық көз» белгісі; дене қызуы төмендейді; өлік дағы пайда болады; өлік сіресіп қатып қалады. ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі. Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты,бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін. Іс- әрекет алгоритмі Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлықнауқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек. Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз. Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз. Егерде бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлықнауқастыңмедициналық картасына тіркеңіз. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады. Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз. Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілгентолтырылған құжатпенөлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз. Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егерде туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз. Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі. Ескерту: - паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады, Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімніңклиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді. Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады. |