Главная страница
Навигация по странице:

  • Тексерген

  • Оттегі жастықшасымен ылғалдатылған оттегі беру Мақсаты

  • Іс-әрекет алгоритімі: 1.

  • кпе шемені кезіндегі жедел кмек Таырыбында жргізілген дистанционды оыту бойынша орындаан тапсырмалары. ОрындаанЕмдеу ісі


    Скачать 0.62 Mb.
    Названиекпе шемені кезіндегі жедел кмек Таырыбында жргізілген дистанционды оыту бойынша орындаан тапсырмалары. ОрындаанЕмдеу ісі
    Дата02.02.2021
    Размер0.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла555555555.docx
    ТипДокументы
    #173237

    ШЖҚ«Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы

    Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»МКК



    203 «Емдеу ісі» топ студенті Тағыбекова Ақмерейдің

    28.12.2020 ж. Күнгі

    «Өкпе шемені кезіндегі жедел көмек»

    Тақырыбында жүргізілген дистанционды оқыту бойынша орындаған тапсырмалары.

    Орындаған:«Емдеу ісі» 203 тобының студенті :

    Тағыбекова.А.Б

    Тексерген: Ажбенова С

    Ақтөбе 2020 жыл



    Тапсырма №1.Ситуациялық есеп .

    Түнде, бөлмеге шақырумен кезекші мейірбике келгенде, 72 жастағы науқас әйелдің кереуетте отырғандығын көрді.

    Қарау: науқастың терісі бозарған, ылғалды, акроцианоз, жатқан кезде өршейтін аралас ентікпе. Тынысы шулы, өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелгенде аздаған көлемде қызғыш түсті көпірікті қақырық бөлінеді.

    Жауабы:

    1.Сіздің алғашқы диагнозыңыз. Өкпе шемені

    2.Госпиталға дейінгі этаптағы сіздің тактикаңыз және жедел көмегіңіз.

    көпірік басушылар (пеногасители) – антифомсилан, немесе 96* спирттен өткізілген оттегі ингаляциясы.

    -морфин – 1,0 мл көк тамырға,

    -гепарин – 5000 ЕД көк тамырға,

    -лазикс – 6,0 мл дейін көк тамырға,

    -нитроглицерин немесе изокет– сублингвально немесе көк тамырға тамшы ретінде.

    Науқасты реанимациялық бөлімге немесе кардиологиялық бөлімнің интенсивті терапия бөліміне жатқызу.

    Тасымалдау: зембілге бас жағын жоғары етіп жатқызып немесе оттегі беріп отырғызып тасымалдау

    Оттегі жастықшасымен ылғалдатылған оттегі беру

    Мақсаты:ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

    Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітідісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритімі:

    1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз; жастықшасының түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резенке түтікті бөліңіз.

    3.Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз.

    4.Оттегі жастықшаның резенке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

    5.Ылғалды дәке салфеткасы мен мундштукті ораңыз.

    6.Мундштукті наукастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаныз.

    7.Дем алу мундштук арқылы ауызбен ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін науқасқа түсіндіріңіз.

    8.Оттегіні беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

    9.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

    10.Науқастан жастыкшаны алып, мундштукті босатыңыз.

    11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сальңыз.

    12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ертндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

    Көк тамырға иньекция жасау алгоритмі:

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

    4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

    6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

    7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненіңканюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

    8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

    9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

    10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың   ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

    12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

    13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

    14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

    15. Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.

    16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.


    написать администратору сайта