Документ (2). Кпіршікті кезбе
Скачать 17.84 Kb.
|
Көпіршікті кезбе- трофобластикалық ауруға жатады, оның қатерсіз нұсқасы. Көпіршікті кезбенің сипаты: цитотрофобласт және синцитио пролиферациясы, тамырлардың стромасының құрғауы және жойылуы. Толықтай көпіршікті кезбе кезінде жоғарыда аталған өзгерістер барлық ұрық жұмыртқасын қамтиды, эмбрионның элементі болмайды. Бөліктік көпіршікті кезбе кезінде, трофобласт өзгерісі ошақтық сипатта болады, эмбртонның элементі сақталуы мүмкін. Жалпы кездесу жиілігі 3:1000 және 1:1000 қатынасында. Көпіршікті кезбе жасөспірімдерде 1,3 есе жиі кездессе, ал жасы 40- тан асқан әйелдерде 10 есе жиі кездеседі. 2 ) Классификация: Клиникалық классификациясы: - Классикалық көпіршікті кезбе (толық); - Көпіршікті кезбе бөліктік және толық емес. . 3 ) Госпитализация!!! Шұғыл госпитализацияланады, егер: - Жыныс жолынан қанг кетсе. Жоспарлы госпитализацияланады, егер: -Жүкті әйелде УДЗ бойынша қан кетусіз көпіршікті кезбе болса. 4 ) Негізгі диагностикалық тексеру амбулаторлы деңгейде: - Шағым және анамнез жинау; - Физикалды тексеру; - Айнамен қарау және қынаптық тексеру; - Қан сарысуындағы ХГЧ концентрациясын анықтау; - Кіші жамбас УДЗ; 5 ) Қосымша диагностикалық тексеру амбулаторлы деңгейде: - Іш қуысы мүшелерінің УДЗ (хориокарциномаға күдік болғанда) - Өкпе ренткенограммасы (хориокарциномаға күдік болғанда) 6 ) Диагностика: Шағымы және анамнез: Шағымы: - Қынаптан қанды бөліністің болуы (90%); - Көпіршікті кезбе элементінің шығуы ( сирек); - Іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы (35%). . Анамнез: - Етеккірдің кешігуі; - 18-20 аптадан кейін ұрық қозғалысын сезбеу (толық көпіршікті кезбе кезінде). . 7). Мамандар кеңесіне көрсеткіш: - Онкогинеколог кеңесі- трофобластикалық неоплазмаға күдік болғанда ( көпіршікті кезбені алып тастағаннан кейін 4-8 апта ішінде ХГЧ деңгейі 20 000 МЕ/л, биологиялық материалда гистологиялық қатерлі өзгерістер болса) - Онколог кеңесі – Мүшелерге метастаз берілуіне күдік болғанда; - Терапевт кеңесі – Оперативті емге дайындағанда; - Анестезиолог- реаниматолог кеңесі- Оперативті емге дайындағанда. Ескерту* қан сарысуындағы ХГЧ деңгейі физиологиялық жүктілік кезінде 9-10 аптада максималды көтеріліп (150 000 мЕд/мл), кейін концентрациясы төмендейді. Емдеу мақсаты: жатыр қуысынан көпіршікті кезбені хирургиялық жолмен алып тастау. 8) Емі - Хирургиялық; - Көпіршікті кезбені алып тастағаннан кейін Окситоцин 10ЕД+ Натрий хлориді 1000,0 мл, 60 тамшы/ мин; - қан сарысуындағы β- ХГЧ деңгейін қалыпты нәтижеге жеткенге дейін анықтау (аптасына бір рет). 9 ) Емдеу эффективтілігінің индикаторы: - Қан сарысуындағы ХГЧ деңгейінін қалыпты деңгейі; - Бимануальды тексеруде және кіші жамбас УДЗ бойынша патологиялық өзгерістер болмауы. |