морфология. Крделі зат есімдерге
Скачать 17.11 Kb.
|
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі: Біріккен зат есімдер, Қосарланған зат есімдер, Тіркес (құрама) зат есімдер, Қысқарған зат есімдер. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы). § 80. Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып жазылады: КазТАГ (Қазақ телеграф агенттігі), КазМУ (Қазақ мемлекеттік университеті). § 81. Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб. § 82. Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады: А.С.Пушкин, М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мұқанов. Біріккен сөз болатындар: § 60. Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен, түбір тұлғалары сақталып жазылады: Актөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған, Талдықорған, Қызылорда, Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау, Қаратау, Жаманшұбар, Еңбекшіқазақ. Кейбір жер аттары үш сөзден жасалады да, үшеуі де бірігіп жазылады: Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақдаласор, Актүйесай, Алқакөлқұм, Ақбасатан. Тіпті кейде төрт түбірден құралып жасалған жер-су аттары да кездеседі: Аймысықкөккөз (тау, шоқы аты, Қарағанды облысының Шет ауданында), Ақсортопырақсай (сайдың аты, Ақадыр ауданында). § 61. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және бірен-саран халық аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары сақталып, бірге жазылады: Ақбөпе, Ақмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек, Жанбота, қаракерей, жетіру, қарақалпақ, қарақыпшақ. Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген күйінде жазылады: Амангелді, Жангелді, Нұргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, Әйгерім, Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным. Адамның фамилиясын немесе әкесінің атын білдіру үшін қолданылатын ұлы, қызы деген сөздер жалқы есімге қосылып жазылады: Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Сара Сәтбайқызы Есова. § 62. Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады. Оның ішінде: С а я с и - ә л е у м е т т і к терминдер мен т а р и х , э к о н о м и к а ғылымдарына жататын сөздер: өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, көзқарас, баспасөз, арақатынас, еңбеккүн, еңбекақы, жалақы, қаламақы, шикізат, қолбасы, келіссөз, қонақасы, өнертабыс, алауыздықтар (мемлекеттер, одақтастар, пікірлестер т.б. аралығындағы келіспеушіліктер), көзбояушылық, сөзбұйда (волокита деген терминнің баламасы), қосмәнділік принципі (философия термині). Қосарланған зат есімдер. қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б. Тіркес зат есімдер. Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б. |