Крініс Егінні бастары
Скачать 13.85 Kb.
|
Көрініс: Егіннің бастары Автор: Бір адам жас баласын жанына алып жол –жөнекей егін алқабынының жанына келіп тоқтайды. Сонда жас бала егін алқабындағы бидайларға көз тастап, қарап тұрып төбесін көкке шүйіріп тұрған бір бидайды көріп таң қалады. Бала: «Құбылып бидайлар тұр басын салып Жіберген мырза құдай нұрға қанып Әй әке мұның мәнін түсіндірші Бұл іске тұрмын өзім қайран қалып Әкесі: Балам қандай іске қайран өалып тұрсың, сенің ойыңды мазалаған не нәрсе. Баласы: Әке Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке Қарайды шекірейіп өзі көпке Өзіне өзгелерді теңгермейтін Согшама бұл бидайдың дәні көп пе? Әке: «Айтайын мұның мәнін, балам, саған, Шырағым, түрін көріп таңданба оған. Өзгесі төмен қарап бүгілгенде, Ойлама кем екен деп бәрі сонан». Және де әкесі айтты баласына: «Сұқтанба құр сорайған қарасына. Құдайым өзгесіне дән бергенде, Бұл бидай дәнсіз қапты арасында. Бидайлар басы толық иіліп тұр, Дән берген қожасына сыйынып тұр. Басында бұл бидайдың дәні болмай, Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр. «Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді, Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді. - Қалпы емес тәккапарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді. Автор: Тәкаппарлық адам бойындағы ең жаман қасиет. Тәкаппар болудын аулақ болыңыздар!!!!!!Сахна сыртында өлеңдерінің шығу тарихы туралы қысқаша акпарат беріп өтуБайтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсете білген. Қараңғы, тар қапас Семей түрмесінде отырған Ахмет ауылдағы анасына арнап хат жазған екен. |