критериалды ба5алау. 7-15 беттер Критериалды бағалау. Критериалды баалау білім беру
Скачать 132.96 Kb.
|
Критериалды бағалау білім беру жүйесінде Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқыту процесін технологияландыру– педагогикалық ғылым мен практиканың келешегі бар бағыты болып отыр. Отандық технологиялардың ішінен жоғары сұранысқа ие болып жүрген технологиялардың бірі – «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысындағы оқыту үрдісіне енгізу арқылы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту Мемлекеттік Тұжырымдамасы мен 2010-2020 жылдарға дейінгі Бағдарламаларын жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады, яғни: 1) нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға жадай жасалады; 2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (моніторинг жүргізуге) қолайлы жағдайтуады; 3) білім беру жүйесінің сапасын әділбағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады. «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мұндай мектепте оқушы әр пәннің стандарт талабына сәйкес анықталған мазмұнын интерактивті және зерттеушілік әдістер арқылы өз бетімен меңгеруге үйренеді және әр тақырып бойынша құрылған үшдеңгейлік тапсырмаларды 12 жыл бойы біртіндеп орындап отыру арқылы сапалы да берік білім алады. Сонымен қатар, бұл мектеп: лицей, гимназияларда тереңдетіліп берілетін оқу мазмұнын; олимпиадалық тапсырмаларды; ғылыми жобалардың, факультативтік сабақтардың, үйірмелердің мазмұнын қамтитын 4-шығармашылық деңгей тапсырмаларын (әр оқушының жеке қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндер бойынша) орындатуға жағдай жасайтын универсалды мектеп бола алады. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі. Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға, кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл, құзыретті тұлғаны (оқушыны, студентті) қалыптастыруда үшөлшемді әдістемелік жүйені қолданудың маңызы зор екені байқалды. «Оқыту технологиясы» – негізінде, тоғыз компоненттен тұратын ұғым: 1) үрдістің мақсаты; 2) мазмұны; 3) әдіс-тәсілдері немесе методы и приемы (әдіс-тәсілдер жиынтығы = әдістеме, яғни: методиканы құрайды), 4) оқыту формасы (жекеше, жұптық, топтық, фронтальды, ұжымдық); 5) құралы, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар (e-learning және онлайн оқытулары). Аталған бес компонент кез келген үрдіс ЖОСПАРының құрылымына кіреді (өндірісте, мысалы нан пісіріру технологиясы, сондай-ақ оқытуда болсын). Жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру үшін: 6) үрдісті басқарушы (мұғалім) мен орындаушы (оқушының) қызығушылығын тудыратын әрекеттер қолданылады; 7) орындаушының (оқушының) өз бетімен танымдық қызметінің әрекеттері (қадамдары) орындалады; 8) басқарушының (мұғалімнің) басқару функциялары жүзеге асырылады); 9) НӘТИЖЕ (әр тақырып бойынша әр оқушы баға алса, сабақ технологиялық амал негізінде өткізілген болып саналады). Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын, мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады. Осыған орай, туындайтын мәселе: біріншіден, дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден,гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім, біліктілігі және оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің шешімі бар. Оның шешу жолдарын профессор Ж.А.Караевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» технологиясы бойынша 2000 жылдан бері Республика көлемінде ББЖ КБАРИ тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстардан өткен еліміздің мыңдаған мектеп ұстаздары өз тәжірибесінде жүзеге асырып, тиімді нәтиже алуда. ҮӘЖ технологиясының негізгі мәні (квинтэссенциясы) мен айрықша ерекшелігі – әр тақырып бойынша әр оқушының оқу жетістігі бағаланады. Ол үшін міндетті түрде барлық тақырып бойынша әр оқушымен сабақтың соңында кері байланыс (ІІІ кезең – нәтижеге бағытталған бөлімде) жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістігі әділ бағаланып, мониторингке тіркеліп отырылады. Мұндай амал дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдану барысында да қарастырылмайды. Сабақтың бірінші кезеңінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші кезең – синектикалық бөлімде топтық жұмыс барысында түрлі интерактивті әдістер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты өз бетімен меңгерту жұмыстары ұйымдастырылады.Зерттеушілік әдістің қадамдарының (тәсілдерінің) орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттардың (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру, яғни рефлексия жасау) орындалу ретімен сәйкес келеді. Бірақ мақала авторының докторлық диссертациясында дәлелденгендей, бұл жерде олардың реті ауыстырылып жүзеге асырылады: білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану, баға беру. Бұған негіздеме: алдымен мақсаттар тізбегіндегі алғашқы төрт қадам арқылы тақырыптың теориялық бөлімін меңгерту, содан кейін оны практикада бекіту көзделеді. Мысал ретінде Алматы облысы, Үмбетәлі атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Байжанова Күлназия Орынбайқызының 10 сынып химия пәнінен «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша құрастырылған І, ІІ және ІІІ кезең тапсырмаларының сапасына назар аударайық. (Оқушы дәптерінде асты сызылған курсивсөздердің орнына бос орын қалдырылады).
Бірінші деңгей (В.П. Беспалько бойынша) – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандартта анықталған мазмұнның ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс алғашқы «Білу» қадамына сәйкес репродуктивтік әрекеттер жасайды. Сабақтың екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай? ... құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Мысалы, тапсырмалар шарты: Бос орынға қажетті сөздерді жаз. (Асты сызылып курсивпен жазылған жауаптардың орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады. Шартты түрде әр деңгейдің бір тапсырмасы бір баллмен бағаланады). Демек, оқушының 1-4 теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады. Бірінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтау үшін үлгісі бойынша берілген клесі 5-практикалық тапсырма орындалады. Мұндай тапсырмалар сабақтың екінші кезеңінде бекіту тапсырмалары ретінде орындалған. Бұл үшінші кезеңдегі бірінші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда «сынақ» тапсырылған болып саналады. Тәжірибе дәлелдегендей, «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса. Екінші деңгейде меңгерілетін мазмұн критерийлері Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс екінші «Түсіну» қадамына сәйкес тапсырмалар: а) бірінші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмалар. Қолданылатын сұрақтар түрі: оқушының бірінші деңгейде берген әр жауабына: неге? неліктен? себебі неде?, түсіндір сияқты сөздер қатыстырылған тапсырмалар беріледі. б) екінші деңгейде меңгерілетін мазмұнға қойылатын тағы бір талап (критерий) – оқушының «Талдау» жұмысын жасауға арналған тапсырмалар: 1)салыстыр, 2)айырмашылығы неде? 3)ұқсастығы неде? 4)тақырыптың басты идеясын жаз. Мұнда: салыстыруға алынатын объектілер тақырып аясынан шықпау керек және жоғарыда «Себебі неде?» деп берілген сұрақтардың жауаптары ішінен таңдалады. Екінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап бағалау үшін оқу материалын түрлі өзгертілген жағдайда қолдана білуге арналған практикалық тапсырма беріледі. Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса. Үшінші деңгейде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс бесінші «Жинақтау» қадамына сәйкес білімді қорытындылауға бағытталған тапсырмалар беріледі: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, тақырыптың басты идеясын кесте, тірек-сызба, сөзжұмбақ түрінде бер, ребус шеш сияқты сөздер тапсырмалар шартында болу керек. Егер үшінші деңгейде екі ғана тапсырма болса, онда әр тапсырмаға 1,5 балл 1,5 балл берледі (жоғарыдағы 3-деңгей тапсырмаларын қара). Үшінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап, бағалау үшін Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс соңғы алтыншы қадам: «Баға беруге», рефлексия жасауға бағытталған, яғни, күнделікті өмірде кездесетін проблемлық жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар 12-жылдық мектеп мазмұнында «құзырлылық тапсырмалары» деп анықталған. Тапсырмалар шартында «Сен қалай ойлайсың?», «....не істер едің?» сияқты сөзтіркестер болу керек. Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский). Үш деңгейлік тапсырмалар жүйесі стандарт анықтаған мазмұнды ғана қамтиды және оларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгеретін болады, егер тапсырмалар Б.Блум теориясының негізінде іріктелген болса. В.П. Беспалько ұсынған төртінші меңгеру деңгейінің тапсырмаларын оқушылар жоғарыда меңгерген зерттеу әдісін пайдаланып, қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайда өз бетімен орындайды (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, үйірме, селективті курстар, факультатив сабақтар мазмұны, т.б.). Олар стандарттан жоғары мазмұнда болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұратын «Ашық журналға «+» белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады (1-кесте). «А Ш Ы Қ Ж У Р Н А Л » 1-кесте («+» - класта , «V» - үйде орындалған тапсырмалар)
1-сурет. Сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіштер МОНИТОРИНГІСІ Үшінші кезеңнің мұндай үш деңгейлік тапсырмаларын оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15-20 минуттың 12-17 минут аралығында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. Дәстүрлі журналға қосымша мұғалім өзіне де жеке журнал (немесе мектеп сайтында электрондық журнал) арнайды. Не үшін? Ол үнемі қол астында болады және әрбір оқушы жетістігінің көрсеткішін қадағалау арқылы үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін қажет. Бұл журнал «Ашық журналдың» толық көшірмесі болып табылады. Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі жұмыс дәптерінің соңына тігілетін бағалау парағына (күнделік орнына) және “Оқушының даму мониторингісіне” белгілеп отырады (1-сурет). Қорытынды: Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық және 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы», тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 2-кестеге назар аударыңыз): 2-кесте Әр пән бойынша оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері
Баллды бағаға айналдыру шкаласы: 11-12 балл – багасы «5» (90%-100%); 7-10 балл - «4» (58%-83%); 5-6 балл - «3» (42%-50%); 5 баллдан төмен – «сынан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті). Мұндай мазмұнның күрделілігіне сәйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элитарлы мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пәндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Яғни, ҰБТ тапсырмалары көбіне ақпараттық мазмұнда болатындықтан, оқушылар ең жоғары балл жинауға кепілдік алады; жеке басының қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Сонымен қатар, біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептердің де өзекті мәселелері шешімін табады. ҮӘЖ технологиясын қолдану жағдайында ішкі саралау (внутренняя дифференциация), яғни мазмұнды деңгейлік тапсырмалаға іріктеу арқылы сыртқы саралау (внешняя дифференциация) жүзеге асады: бір сыныпта гимназияның оқушысы да, лицейдің оқушысы да және дарынды оқушылар да бір-бірімен гармоникалық үйлесімде жеке басының қабілетіне сәйкес бағытта терең де берік білім алады. Ең бастысы: әр оқушының, аз дегенде, бір пәнге болса да, қызығушылығы оянады. Қабілетсіз бала болмайды, сондықтан оқушының «ұйықтап» жатқан қабілетін «оятып» дамыту, және 5-6 сыныптан бастап барлық оқушыларды ерте кәсіби бағдарлау мәселелері шешімін табады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару (рефлексивті амал негізінде) арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады және өмір бойы өз бетімен білім алып, проблемалық ситуацияларды шешуде қолдана білу дағдысы қалыптасады. Оқушылары өз бетімен дамуын өзі басқара алатын мұндай сынып синергатикалық амал негізінде өзін-өзі басқаратын ұжымға айналады. Кобдикова Жанартай Уажитовна, «Жоғары оқу орнынан Кейінгі білім беру «ҮӘЖ» орталығы» жекеменшік мекемесінің директоры, педагогика ғылымдарыныңдокторы www.pttmso.info zhuk53 @ mail.ru Осыған орай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті химия кафедрасының магистранттарымен ҮӘЖ-педагогикалық технологиясын жоғары оқу орындарында қолдану шараларын, соған сәйкес жұмыс дәптерлерін жасауды қолға алдық. Нәтижесінде студенттердің тақырыпты меңгеру сапасын арттыру арқылы, олардың оқу сапасын (семестрлер бойынша) арттыруға болады. Жоғары оқу орны түлектерінің білім сапасы түзеледі. Жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштерді көрсете бастайтындығы магистранттар жүргізген педагогикалық эксперимент мәліметтері дәлелдейді. Осындай жасалған шаралардың бірі «Студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту және даму деңгейін критериалды бағалау жүйесі арқылы өлшеу» жұмыс дәптері және оның кілті немесе әдістемелік жүйесі химия саласында, медицина, биотехнология, жаратылыстану бағытындағы және т.б. жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушыларына арналады. |