Нұсқамалық. Кркем ебек сабатары кезіндегі оушылара арналан ебекті орау жніндегі НСамалы Жалпы ережелер
Скачать 36.24 Kb.
|
Көркем еңбек сабақтары кезіндегі оқушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ Жалпы ережелер Бұл нұсқаманың талаптарын орындау шеберханада жұмыс істейтін барлық оқушылар үшін міндетті. Оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,еңбек пен демалыстың белгіленген режимдерін сақтау тиіс. Оқушылар өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті,алғашқы өрт сөндіру құралдарының орнын білуі тиіс. Оқушыларға кабинетте жүгіруге,шулауға және ойнауға тыйым салынады. Әрбір жазым оқиға жағдайы туралы жазым оқиғаның зардап шегушісі немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге хабарлауға міндетті.Жабдық,құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек. Жұмыс кезінде оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін,жеке гигиена ережелерін сақтау тиіс,жұмыс орның таза ұстау керек. Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықты орындамаған немесе бұзған оқушылар жауапкершілікке тартылады; барлық оқушылар жоспардан тыс нұсқамалық өткізеді. Аспаздық жұмыстар кезінде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ I.Жалпы ережелер 1. Технология кабинетіндегі аспаздық жұмыстарға дәрігерлік тексеруден және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан өткен оқушылар жіберіледі. 2. Аспаздық жұмыстарын жүргізу кезінде,оқушылар тәртіп ережелерін, сабақ кестесін,белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтау тиіс. 3.Аспаздық жұмыстарын жүргізу кезінде,оқушыларға мынандай қауіпті әрі зиянды факторлардың әсер етуі мүмкін: - кабинеттің электр жабдықтарының бұзық болу себепті электр тоғынан зақымдану; - тамақ дайындау кезінде ыстық заттар мен абайсыз әрекеттерден күйіп қалу,пышақ пен жұмыс істегенде қолды кесіп алу. 4. Аспаздық жұмыстар жүргізгенде арнайы киімдер пайдалануы тиіс, олар: халат немесе алжапқыш,үшкіл ормал (косынка). 5. Жабдықтың,құралдың және аспаптың бұзық болған жағдайында жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек. II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары Арнайы киімді кию, шашты жинап,үшкіл орамалды мұқият тартып алу. Электр плитасын қосардың алдында қуат беруші электр сымының ақаусыздығын тексеру; плитаны қосқанда штепсельдің айрын мұқият қарау,розеткасынан ұясына түбіне дейін толық енгізу.Айырды электр сымынан тартып ажыратуға болмайды. Бөлмені желдету. III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары. 1.Электр плитасына тамақ әзірлеу үшін тек қана эмальды ыдысты пайдалану керек. 2.Кесетін аспаптарды пайдаланған кезде барынша сақ болу қажет. Картопты-науашықты пышақпен, балықты қырғышпен тазалауға рұқсат етіледі,ет турағышқа етті ағаш келсапшамен итеріп салу керек.Пышақ пен шанышқыны тұтқасын тек алға қаратып береді.Гастрономиялық бұйымдарды, көкөніс пен басқа да азық –түлікті тураудың дұрыс әдістерін сақтай отырып, өңдеу тақтайшасының үстін кесу керек.Сол қолдың саусақтары бүгілулі болуы және пышақтың жүзінен біршама қашықта болуы тиіс. 3. Қол үккіштер мен жұмыс істегенде сақтықты ұмытпау керек. Өңделетін азық түлікті (жемістерді,көкөністерді) нық ұстап,өз бөлшектерге бөліп өңдемеу керек. 4. Ыстық сұйықтар мен (су,май т.б.) жұмыс істегенде мыналарды сақтау керек: -сұйықтық қайнаған кезде ыдыстың шетінен асып төгілмеуін бақылау керек: отты азайту немесе плитаны сөндіру қажет: -ыстық ыдыстың қақпағын орамалмен ұстап, өзінен ары қаратып ашу керек: - табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен алу керек. IV.Сабақ аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары 1.Электр плитасын сөндіру 2.Жұмыс орнын ретке келтіру 3.Өзіңді және арнайы киімді ретке келтіру 4.Бөлмені желдету. V.Апатты жағдайлар 1.Өзің нашар сезінген жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарлау. 2.Электр плитасының жұмысында ақау пайда болғанда оны сөндіріп,бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар. 3.Жарақат алған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар,ол зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсетіп, қажет болған жағдай жақын маңдағы емдеу мекемесіне жөнелтуге және мекеме әкімшілігіне хабарлауға міндетті. Матамен жұмыс істеу кезінде еңбек қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ I.Жалпы ережелер 1.технология кабинетіндегі тігін жұмыстарына дәрігерлік тексеруден және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан өткен оқу жіберіледі. 2. тігін жұмыстарын жүргізу кезінде оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтауы тиіс: - кабинеттің электр жабдықтарының бұзық болуы себепті элекр тоғынан зақымдануы; -үтікпен абайсыз әрекеттерден күйіп қалу, инеден жарақат алып қалу. 4.тігін жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер пайдаланылуы тиіс,олар: халат немесе алжапқыш,үшкіл орамал,жеңсе. II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары 1.Арнайы киімді кию,шашты жинап,үшкіл орамалды мұқият таратып алу. 2.Электр тігін машинасының жерге қосылуының барын және ақаусыздығын тексеру. 3.Үтіктің дұрыс жұмыс істеуін тексеру,барлық ақау туралы мұғалімге хабарлау. 4.Бөлмені желдету. III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары. 1.Инемен және түйреуішпен жұмыс істегенде: -саусаққа оймақ киіп тігу; -инелермен түйреуіштерді белгілі бір жерде (арнайы қорапта,жастықшаға шаншып,т.с.с.) сақтау,оларды жұмыс орнында (үстелде) қалдырмау, инені,түйреуішті ешбір жағдайда ауызға салмау; -тігін тігуге тот басқан инені пайдаланбау; -тігін үлгілері мен маталарды түйреуіштің өткір ұшын өзіңнен әрі қаратып бекіту; 2.Қайшымен жұмыс істегенде: -қайшыны белгілі бір жерде (қорапта) сақтау; - қайшымен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау; - қайшының қосылып жабылған ұштарын өзіңнен әрі қаратып қою. 3. Тігін машинасымен жұмыс істегенде: - машинаның қозғалғыш бөліктеріне жақын еңкеймеу; -инемен түйреп алмау үшін саусақтарынды табанның жанында ұстама; - қайып тігердің алдыңда бұйымның тігу сызығында түйреуіштің немесе иненің жоқтығына көз жеткізу. 4.Үтікпен жұмыс істегенде: - желіге қосылған электр үтігін қараусыз қалдырмау; -үтікті құрғақ қолмен қосу және сөндіру; -үтікті асбест,мәрмәр немесе керамика тұғырға қою; -үтіктің дұрыс жұмыс істеуін бақылау; барлық ақаулар туралы мұғалімге хабарлау; -үтіктің табаны электр сымына тимеуін бақылау; -үтікті айырынан ғана ұстап сөндіру. IV.Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары 1.Үтікті сөндіру. 2.Жұмыс орнын ретке келтіру. 3.Өзіңді және арнайы киімді ретке келтіру. 4.Бөлмені желдету. V.Апатты жағдайлар 1.Өзін нашар сезінген жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарлау. 2.Үтіктің,тігін машинасының жұмысында ақау пайда болғанда оны сөндіріп,бұл туралы мұғалімге хабарландар. 3.Жарақат алған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар,ол зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсетіп,қажет болған жағдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жөнелтуге және мекеме әкімшілігіне хабарлауға міндетті. Қол жұмыстарын (іс тігу,кесте тігу,тоқу) орындау кезінде енбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ I.Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары 1.Қолөнер бұйымдарын арнайы сөмкеде немесе қобдишада сақтау. 2.Ине мен түйреуіштерді ине сақтайтын қорапта сақтау. 3.Сабаққа ине мен түйреуішті көп мөлшерде алып келмеу. 4.Сабаққа қайшы алып келмеу. II. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары. 1.өз жұмысың мен жұмыс аспаптарыңа ұқыппен қарау. 2. инені,түйреуішті,шалма бізді және ілгектерді ауызға салмау,оларды киімге түйремеу. 3.іс тігу мен тоқу үшін иненің көзіне ұзындығы шынтақтан аспайтын жіп сабақтау. 4.жұмыс үзіліс кезінде инелер мен түйреуіштерді ине сақтайтың қорапқа салу,қайшының жүздерін біріктіріп,үстелге қою. 5.қайшыны бір-біріңе тек жүздерін біріктіріп, сақиналарын алға қаратып беру. 6.қайшының еденге түсіп кетпеуін бақылау. 7.жіпті тіспен тістемеу және қолмен үзбеу. 8.қайшыны, шалма бізді,ілгектерді сермемеу. III. Сабақ аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары 1.Ине сақтайтын қораптағы инелер мен түйреуіштердің санын тексеру,олардың саны дәл жұмыс басталар алдындағыдай болуы тиіс,жоғалған инелер мен түйреуіштерді іздеп табу. 2.Сынған инелер мен түйреуіштерді қағазға орап,қоқыс салатын жәшікке тастау. 3.Қайшыны,шалма бізді және ілгектерді осыған арнайы бөлінген жерге алып қою. 4.Өзіңнің жұмысынды сөмкеге немесе жұмыстарды салатын қорапшаға салу. Металды қолмен өңдеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ I.Жалпы ережелер 1. Металды қолмен өңдеу бойынша өз бетінше жұмыстарға жасы 16-дан асқан,тиісті дайындықтан,еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан,дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі. Мұғалімнің (оқытушының,шебердің) жетекшілігімен металды қолмен өңдеу жұмыстарына 5-сыныптың еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі. 2. Оқушылар тәртіп ережелерін,сабақ кестесін,белгіленген оқу және демалыс режимдерін сақтауы тиіс. 3. Металды қолмен өңдеу жұмыстары кезінде оқушыларға мынандай қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін: -металл сынықтарынан зақымдану; -ақаулы аспаппен жұмыс істеу кезінде жарақат алып қалу. 4.Металды қолмен өңдеу жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары пайдаланылуы тиіс,олар: мақта-матадан тігілген халат,берет,көзді қорғайтын көзілдірік. 5.Оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға,алғашқы өрт сөндіру құралдарының орнын білуге міндетті. 6.Жазым оқиға жағдайы туралы зардап шегуші немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау міндетті,ол бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлайды. Жабдық,құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып бұл туралы мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау керек. 7.Оқушылар жұмысты жүргізу тәртібін,жеке гигиена ережелерін сақтау тиіс,жұмыс орның таза ұстау керек. 8.Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықты орындамаған немесе бұзған оқушылар жауапкершілікке тартылады; барлық оқушыларға еңбекті қорғау жөнінде жоспардан тыс нұсқамалық өткізіледі. II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары 1.Арнайы киімді дұрыс кию (алжапқыш пен жеңсе немесе халат пен баскиім-берет,мұны мен қатар шашты ұқыппен жинастыру керек.) 2.Металды кескенде көзілдірік кию. 3.Инверьтарды түгенде (күрекше,сыпырғы,егеулерді тазартуға арналған щетка,отырғыш, тоспа торкөз). 4.Жеке пайдалану аспаптарының жағдайын тексер, оларды мұғалім белгіленген ретпен бұлжытпай қойып шық.Аспаптардың ақауы болған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарла. 5.Шебер үстел қыспақтарының жағдайын тексер (қыспақтардың еріндері нықтап бекітілген, кертігі қажалмаған болу керек). III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары. 1.Өңделетін детальды қыспаққа мықтап бекіт.Қолыңды жарақаттап алмау үшін қыспақтың тұтқаларын төмен қарай бір қалыпты ұста. Жұмысты дұрыс,жақсы реттелген аспаптармен ғана орында,жарақат алып қалмау үшін мыналарды бақылау қажет: -балғалардың,зілбалғалардың басының жапрылмаған,дөңес болуын; -артқы жағы үшкір аспаптардың (егеулердің, т.б.) бекітілген пішінде,жарылмаған және сызат түспеген, нығыз орнатылған тұтқалармен жабдықталғанын: -соғып кесетін аспаптардың (темірқашау,шапқы,кернер,крейцмейсель т.б.) үстіңгі бетінің жалпаймағанын; -темір қашаудың ұзындығы 150 мм-ден кем болмауын,сонымен бірге оның созылған бөлігінің 60-70 мм болуын; -егеумен жұмыс істегенде саусақтарыңның егеудің жоғарғы жағында болуын; -кесілген үстіңгі беттің сапасын саусақтарыңмен тексерме; -аузы гайкадан үлкен кілттерді пайдаланба,кілттің тұтқасын екі кілтті қосу (айқастыру) арқылы ұзартпа; -слесарьлық аспаптарды олардың тікелей қызметіне ғана пайдалан; -металдарды қайшы мен кескенде олардың кесілетін жалпақ бөлігін қолғап киіп ұста. IV. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары 1.Аспаптардың жағдайын тексер,олар бұзылған жағдайда мұғалімге хабарла. 2.Аспаптарды дұрыс жағдайға келтір (балғадағы,темірқашаудағы,кернердегі қылауларды алып таста; егеулерді жоңқаулардан тазарт) 3.Аспаптарды мұғалім берілген ретпен қой.Қыспақтардың еріндеріндегі кертіктер бүлінбеуі үшін оларды нығыздап қыспа,1-сыңылау қалдыр. 5.Үсті-басыңды ретке келтір. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шықпа. V.Апатты жағдайлар 1.Аспаптарда ақау пайда болғанда бұл туралы мұғалімге (оқытушыға,шеберге) хабарлау қажет. 2.Жарақат алған жағдайда бұл туралы тез арада мұғалімге (оқытушыға,шеберге)хабарлап,зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету керек,қажет болған жағдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жөнелту және мекеме әкімшілігіне хабарлау қажет. Ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қорғау жөніндегі НҰСҚАМАЛЫҚ I.Жалпы ережелер 1.Ағашты қолмен өңдеу бойынша өз бетінше жұмыстарға жасы 16-дан асқан,тиісті дайындықтан,еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі. Мұғалімнің (оқытушының,шебердің) жетекшілігімен ағашты қолмен өңдеу жұмыстарына 5-сыныптың еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы жарамды оқушылар жіберіледі. 2.Ағашты қолмен өңдеу жұмыстары кезінде оқушыларға мынандай қауіпті өңдірістік факторлардың әсер етуі мүмкін: -ақаулы аспаппен жұмыс істегенде қол жарақатын алып қалу; -құрал қолданбастан кескенде қол жарақатын алып қалу; 3.Металды қолмен өңдеу жұмыстарын жүргізгенде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары пайдаланылуы тиіс,олар:матадан тігілген халат,берет,көзді қорғайтын көзілдірік. 4.Жазым оқиға жағдайы туралы зардап шегуші немесе оған куә болушы тез арада мұғалімге хабарлауға міндетті,ол бұл туралы әкімшілігіне хабарлайды.Жабдық, құрал және аспап бұзық болған жағдайда жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек. II. Жұмыс басталар алдыңдағы қауіпсіздік талаптары 1.Арнайы киімді кию,шашты ұқыппен беретке жинастыру керек. 2.Аспаптар мен дайындамаларды шебер үстелдің үстіне мұғалім белгілеген ретпен қойып шық,артық заттарды алып таста.Аспаптардың жағдайын тексер,ақаулар болған жағдайда бұл туралы мұғалімге хабарла. 3.Инвентарьды (күрекше,щетка-сыпырғы,отырғыш)түгенде. 4.Шебер үстелдің (қысатын қорап,кесуге арналған тіреу,қысатын сыналар,сызуға арналған құралдар) дұрыстығын тексер. 5.Оқу шеберханасын желдету. III. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары. 1.Өңделетін детальды қыспаққа мықтап бекіт. 2.Жұмыстарды дұрыс,жақсы реттелген аспаптармен ғана орында. 3.Жарақат алып қалмау үшін мыналарды бақылау қажет. -артқы жағы үшкір аспаптардың (егеулердің, т.б.) бекітілген пішінде,жарылмаған және сызат түспеген, нығыз орнатылған тұтқалармен жабдықталғанын 4.жұмыс кезінде алаңдама. 5.Арамен жұмыс істегенде,кескенде құралдарды пайдалан. 6.Өңделген үстіңгі беттің сапасын саусақтарыңмен тексерме. 7.Ағаш аспаптарды олардың тікелей қызметіне ғана пайдалан. 8.Технологиялық операцияларды (аралауды,жонып тігістеуді,қашауды,бұрғылап тесуді,детальдарды жалғауды) сайманда тіреуіштерді,төсейтін тақтайларды пайдалана отырып,белгіленген орындарда,шеберүстелдің үстінде атқар. 9.Шеберүстелдің қалдықтармен,жоңқалармен ластануына жол беруге болмайды. 10.Жұмыс кезінде алаңдама,жұмыс әдістерінің дұрыс орындалуын бақыла. Көркем еңбек 5-сынып, аптасына – 2 сағат, жылына – 68 сағат
Көркем еңбек 6-сынып, аптасына – 2 сағат, жылына – 68 сағат
Көркем еңбек 7-сынып, аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
Көркем еңбек 8-сынып, аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
Көркем еңбек 9-сынып, аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
Алғабас орта мектебі Қауіпсіздік журналы Көркем еңбек пәнінен (5-9-сынып қыздар және ұлдар) Мұғалім: Сәденов Медет Кеңесбекұлы 2021-2022 оқу жылы |