Баяндама. Отпен ойнама, балақай әңгіме. Крнекілігі сюжетті суреттер дісі гімелеу, сра жауап, сурет салу. Барысы
Скачать 16.72 Kb.
|
Тақырыбы: «Отпен ойнама, балақай» Мақсаты: 1) Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. 2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын кеңейту. 3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: сюжетті суреттер Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сурет салу. Барысы: І. Ұйымдастыру. Қонақтармен амандасу. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда сендермен оттың пайдасы мен зияны туралы айтпақшымыз. ІІІ. 1) тақтамен жұмыс. Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Отты. Ал, балалар, оттың қандай пайдасы бар? Отпен тамақ істейміз, үйімізді жылытамыз. Ал, енді оттың зияны туралы не білеміз? От қатты лаулап жанса, өрт болуы мүмкін. Өрттің кесірінен қаншама адамдар үйінен, тіпті өмірінен айырылып қалуы мүмкін. «От - дос, от – жау» сөзінің мағынасын сұрау. 2) Жұмбақ шешу. - Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын. Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап берейік. Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе? Жаны жоқ қимылдауға денесінде. Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр, Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке) Жаурағанды күлдірер, Аяғы жоқты жүргізер. Өз еркіне жіберсең, Дүниені бүлдірер. (от) Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін) 3) Жағдаяттарды шешу. (көрініс түрінде көрсету) - Бақдәулеттің ата – анасы жұмыста болатын. Ол үйде жалғыз қалды. Бір кезде оған досы Қаршыға келді. - Бақдәулет не істеп отырсың? - Сабақ қарап отырмын. - Сабақты қайтесің, одан да екеуіміз ойнайық. - Жарайды. Екеуі ойнауға кіріседі. Бір кезде Қаршыға қалтасына қолын салып, сіріңкені алып шығып: Бақдәулет, мынаны қара, менде сіріңке бар. Қане, сіріңкемен от жағып көрейік.Қызық болатын шығар? Екеуі от жағуға кірісті. Содан от қатты жанған кезде екеуі шошып, үйден қаша жөнелді. Ал, балалар, айтыңдаршы Бақдәулет пен Қаршығаның істегені дұрыс па? Балалар пікірі тыңдалады. Екінші ситуацияны мұғалім оқып береді. 4) Өртке байланысты ережелермен таныстыру. Сіріңке балаға ойыншық емес. Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа. Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма. Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас. Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу керек. 5) Сабақты бекіту. Сабақ бойынша алған әсерлерін сурет арқылы көрсету. ІY. Сабақты қорытындылау. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауданы әкімдігінің «Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебі» КММ Әңгіме сабағы Тақырыбы: «Отпен ойнама, балақай» /1 «А» сынып/ Өткізген: Отебаева А.С. 2019-2020 оқу жылы |