ЖАҢА ЖЫЛ 2019. Крнекіліктер таырып жазылан плакат, жаа жылды ойыншытар, семделген шырша Зал мерекеге сай сем безендірілген. Балалар мерекеге сай киінген
Скачать 67 Kb.
|
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, жаңа жылдық ойыншықтар, әсемделген шырша Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Балалар мерекеге сай киінген. Музыка әуенімен балалар кіреді. Тәрбиеші : Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, балалар, қонақтар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Жаңа жыл тек қана табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз! Әлем елдері Жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алу дәстүрі де бір-біріне ұқсамайды. Әр ел жаңа жылды қалай қарсы алады екен, оны бізге балаларымыз айтып берсін! Балалар ұлттар киімін киіп шығады. Айбар. Мысалға еврей ұлттары Жаңа жыл «Рон Ашана» деп атайды. Бұл күні адамдар күліп жүруге тырасады екен. Мерей: Ал үнді ұлты –жаңа жылды қазан айының соңында тойлайды. Бұл күні олар тек қызыл түсті киім киеді екен. Жасұлан: Ал Жапонияда Жаңа жылды қарсы алу сәтінде қоңырау 108 рет соғылады екен.. Нұрболат: Француз елінің аяз атасы жаңа жыл түнінде балалардың аяқ киімдеріне сыйлықтар қалдырады екен. Ақмерей: қара нәсілділер – жаңа табыс пен жаңа ырыс әкелсін деп, жаңа жыл мерекесінде адамдар бір-біріне су шашады екен. Ажар: Колумбияда Жаңа жылдық карнавалдың басты кейіпкері — Ескі жыл. Ол топтың ішінде биік ағаш аяқпен қыдырып жүреді және балаларға қызықты оқиғалар айтып береді. Айшат: Иран елінде Жаңа жыл 21 наурызда тойланады. Жаңа жылға аз уақыт қалғанда халық арнайы ыдысқа дән егіп қояды. Жаңа жыл кезінде дән өсіп шығып, бұл жаңа өмірдің, жаңа жылдың келгендігін білдіреді екен. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, ал біздің халық, біздің балалар жаңа жылды қалай тойлататынын көрсетейік. Қане ендеше отырмайық, ән айтып бір шырқатайық ортаға кеп шығыңдар Жаңа жылды тойлайық. Ән «Жаңа жыл» Тәрбиеші: Балалар, ендеше бүгінгі мерекеге арнап, тақпақ айтып берейікші. Ажар: Кел, достар, бастайық, Бастайық жыл басын, Қызықтан бос қалып Кей бала қалмасын. Абдурахман: Жақсы жаңа жыл келді, Асқар таумен тұлғалас. Біз осылай жылды енді, Қарсы алайық бәріміз. Малика Оралды өлкеме Жаңа жыл, армысың! Оранды ақ көрпе, Асқар тау, қарлы шың. Ислам: Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап, Жаңа жыл да келеді, Бізге қарай жылыстап Еңлік: Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз. Тәрбиеші: балалар, мына шыршамызға біреу хат іліп кетіпті ғой.Қане ашып оқып көрейік, ішінде не жазылыпты екен. Хатта: «Амансыңдарма балаларым! Мыстан кемпір мені Үндістанға аттандырып жиберді, мында ыстық абден ыстықтадым, сендерге жете алмай жатырмын маған көмек керек ,! Деп жазыпты Аяз атамыз!» Тәрбиеші: Балалар мыстан кемпір аяз атамызды үнді еліне атандырып жиберіпті енді қалай көмектесеміз? Бала: мен білемін, мерекеге ақшақарды шақырайық, оның сиқырлы таяқшасымен сиқырлап аяз атамызды осында алдырайық. Тәрбиеші: Ендеше бәріміз ақшақарды шақырайық. Барлығы: Ақшақар! Ақшақар! Музыка әуенімен залға ақшақар болып киінген мыстан кемпір кіреді. Ақшақар-Мыстан: Сәлеметсіңдерме балаларым! Сәлеметсіңдерме балапандарым! (мысқылдап) Шақырдыңдар естідім, Асығып тез жеттім. Мен Ақшақармын(мысқылдап) Балалар: Ақшақар неге сенің мұрның ұзын? Ақшақар- мыстан: Сендердің қайда жүргендеріңді иіскеп сезу үшін.(мысқылдап) Балалар: Ақшақар неге сенің тырнағың үзын? Ақшақар- мыстан: Бүкіл жерді қазбалап, сендерді тауып алу үшін.(мысқылдап) Балалар:Ақшақар қолыңдағы сыпырғыш не үшін? Ақшақар- мыстан: Сендерге тез жету үшін. (ашуланып) неге, неге не деген көп сұрақ қоясыңдар! Қазір кетіп қаламын (бұлданып) Тәрбиеші: Жоооқ, жоқ кетпеңіз, Ақшақар біздің аяз атамызды мыстан кемпір алысқа жіберіпті, соны сиқырлы таяғыңмен сиқырлап мында акелуге көмектесіңізші? Ақшақар – мыстан: Сиқырлы таяқ (таңырқап) а – а сиқырлы таяқ па, (мысқылдап) Менде сиқырлы таяқ емес, сиқырлы сыпырғыш бар. Тәрбиеші: сыпырғыш (таңданып) жарайды мейлі, не болса да , аяз атамызды мерекеге акелсеңіз болды. Ақшақар мыстан: (сиқырлы сыпырғышымен сиқырлап) Ахалай махалай аяз атамызды жибер! (жарық өшіп-жанып, балалар орманға тап болады. (жарық өшкенде ағаштар мен шыршаларды шығару)). Тәрбиеші: Ақшақар бұның не? Бізді қайда акелдің? Ақшақар-мыстан: (мысқылдап) Ой балалар сыпырғышым мені дұрыс түсінбей қалған ғой. Тәрбиеші: Енді қайтсек, не істесек, мында торайлар бар ғой.. Балалар, қорықпаңдар, торайлар бізге тиіспейді.Қараңдаршы оларда мерекеғе қызу дайындалып жатқан сияқты.олардың мазасын алмайық.Ақшақарға бізді қайтар дейік. Тәрбиеші: Ақшақар енді бізді қайтадан бақшамызға жибер! Ақшақар-мыстан: Иә, әрине. Ахалай-махалай бізді топқа қайтар! (сыпырғышына сиқырлап) Ақшақар-мыстан: балалар, сендердің қандай өнерлерің бар, аяз атаға дайындаған.Маған да өнерлеріңді көрсетсеңдер, аяз атаны әкелемін. Мәрям: Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Нұрдәулет: Шыршамызды әсемдеп, Ән шырқаймыз билейміз. Өзімізде күлімдеп Жабырқауды білмейміз. Т.Нурали: Жаңа жылда жаңаша Тақпақ айтамыз. Болсын риза балаша Аппақ атамыз. Мерей: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүреміз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік! Санжар: Әдемілеп біз ілген, Ойыншықтар тізілген. Қандай әсем шыршамыз. Ән шырқайық баршамыз! София: Ақ қар жапты даланы Ақ жамылды айнала, Жарқыратып шамдарын Шырша келді ортаға. Жасұлан: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Miнe, сұлу шыршамыз. Көптен күтіп, сағынған, Кел, балалар, келіндер, Тамашаны көріңдер! Би: шырша Ақшақар-мыстан. Ахалай-махалай, бізді аяз атаға апар. Ой-ой-ой мынау сыпырғышым сиқыр жасамай жатыр. Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар бізді біреу алдап жүрген сияқты? Балалар: Иа, ол ақшақар емес, мыстан кемпір. Тәрбиеші: Ах бәлем, мыстан кемпір сен екенсің ғой бізді алдап жүрген. Мыстан кемпір: ха-ха –ха –ха, бәріңді де алдап соқтым, (қуланып, билейді) Аяз аталарыңды енді көрмейсіңдер! Балалар мыстан кемпірді қалай қуып шығу керектігін мен білемін. Ойын: «Қармен атысу» (мыстан кемпір шығып кетеді) Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, міне мыстанды да қуып жібердік? Енді Аяз атаны қалай құтқарамыз? Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, мерекелеріңізбен.Сендерге жете алмай кешігіп қалдым, сендерді шақырды деп естідім. Тәрбиеші: Алақай ақшақар келгенің қуаныштымыз, Бізді мыстан кемпір Ақшақармын деп алдап соқты.Сен шынымен Ақшақар болсаң, бізге алыстағы аяз атамызды қайтар, балалар өнелерін көрсетіп, сыйлық алсын. Ақшақар: жарайды бірақ менің екі тілегім бар! Алдымен мына көңілсіз шыршамыздың шамдарын жағайық, Артынан көңілді би билеп, ән шырқап берейік.Келісесіңдер ме, балалар? Би: «аққала» Шырша шағу: Барлығы бірге: Шамшырақ, шамшырақ Жайна шырша жарқырап. 3-рет Ақшақар:Сиқырлы таяқшам сиқырла, бізге Аяз атамызды әкел!!! Аяз атаның келе жатқан дыбысы естіледі: Балалар , Аяз атаның жақын маңда жүргеннін сеземін, Қане барлығымыз аяз атаны шақырайық. Бірге: аяз ата, аяз ата, аяз-ата, Музыка әуенімен ортаға аяз- ата жетеді. Армысың балаларым, боталарым!!! Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз! Сәлеметсіңдер ме, халқым! Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау! Ақшақар: Аяз-ата өзіңді көп күттік, сен кел, демал. Біздің балалар саған тақпақтарын арнап берсін. Айшат: Ақ қырауға малынған Сақалы да, мұрты да Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына. Іңкәр: Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей, Қызыл ала шапаны, Сағындым Аяз - атаны. А.Нурали Қандай әсем шартарап Шаттық күйге бөлеп тұр Кәмпиттерңн арқалап Аяз ата келіп тұр. Айару: Жаңа жылға сәніміз Біздің айтар әніміз Келдің бе аман алыстан Сәлем, Аяз атамыз. Альтаир: Жаңа жыл, жаңа жыл Сені күттім елеңдеп Өзіңменен ілесіп Аяз ата келер деп. Әмина: Жаңа жылда жаңаша Тақпақ айтамыз. Болсын риза балаша, Әппақ Аяз атамыз. Диас: Аяз келді қаһарлы Айналаны қар жапты. Ақтон киіп орман тұр Дәл атамдай салмақты. ӘН «Аяз ата» Би: «Аяз ата» Ортаға ит шығып, Аяз атаның сыйлық толы жәшігіне үреді. Аяз ата: оу, мына ит қайдан кеді?Менің балаларға әкелген, жәшік толы сыйлығыма неге үріп тұрсың? Аяз ата: Ақшақар, қызым, мына ит текке үріп тұрған жоқ, жәшікті ашып, балаларға сыйлығын таратып бер. /Осы кезде жәшіктің ішінен, торайлар шығады/ Тәрбеші:балалар, мына торайлар, бағана орманда мерекеге дайындалып жатқан еді ғой. Аяз ата: балалар,ескі ит жылын шығарып, жаңа доңыз жылын қарсы алайық. Ит жылы /Айбар/: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім. Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2019 жыл қадам басқан Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным. Келесі жыл бастауын доңызға берем Дәулет /доңыз/ Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Келдім міне еліме Келдім міне жеріме Шаттыққа бөлеп әр үйді Шығам енді төріме. Би: «Аңдар» Тәрбиеші: балалар, жаңа жылға арнап тақпаққа кезек берейік: Айсұлтан: Ақ жапты даланы, Ақ жамылды айнала Жарқыратып шамдарын Шырша келді ортаға Адилжан. Жаңа жылым жол болсын, Басқан қадам оң болсын. Төрлет, төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын! Айбын: Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын жанашыр, Ата - әже, ата - әже, Құтты болсын, Жаңа жыл! Айсымбат: Аралайды бақшаны Үзілмейді жақсы әні Гүлденеді бақшалар Жауса,жаусын ақшақар Ақмерей: Той мереке, салтанат, Думандатты шартарап, Келді міне, жаңа жыл Тартуларын арқалап. БИ: «шыршалар» Аяз ата: балалар, сендер өнерлі екенсіңдер, сендерге арнап мерекеге сыйлық әкелім. Ақшақар қызым, балалардың сыйлығын таратып берейік. Жыл айналып келгенше, Өздеріңді көргенше, Қош аман сау болыңдар! Бүлдіршіндер, балалар! –келесі жаңа жылда кездескенше сау болыңдар, балалар. Балалар, сау болыңыз аяз ата мен ақшақар. Тәрбиеші: балалар, осымен бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, жаңа жыл тек жақсылық әкелсін.олай болса, аяз ата берген сыйлықты ашып көрсеңдер болады. |