Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Іс-әрекет.

  • КӘСІБИ САУАТТЫЛЫҚ. Ксіби сауаттылызаманауи мектепке дейінгі білім беру жйесіні басты бадарлары г.лім азастанда 2012 жылды 25 маусымында азастан Республикасы кіметіні


    Скачать 14.95 Kb.
    НазваниеКсіби сауаттылызаманауи мектепке дейінгі білім беру жйесіні басты бадарлары г.лім азастанда 2012 жылды 25 маусымында азастан Республикасы кіметіні
    Дата26.10.2022
    Размер14.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКӘСІБИ САУАТТЫЛЫҚ.docx
    ТипДокументы
    #755088

    КӘСІБИ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАНАУИ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ БАҒДАРЛАРЫ

    Г.Әлім
    Қазақстанда 2012 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №832 Қаулысымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимылдар ұлттық жоспары» бекітілді. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдарлары ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасында айқындалған және оның мақсаттарының бірі болып жалпы білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда ҚР зиятккерлік, дене бітім және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдениеттілік, саяси және экономикалық іс-әрекеттерге белсенді қатысуына және бкүкіл өмір бойы білім алуына ықпал етуші негізгі факторлардың бірі. Алайда, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары балабақшаның болашақтағы күйінің үлгісін, сыртқы және ішкі жағдайларды талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымның даму стратегиялары мен үдерістерін басқаруды реттейтін құжаттарды жасап дайындап, жобалаған кезде анағұрлым қиындықтармен кездеседі. Көптеген басшылар мекеменің ішкі мүмкіндіктерін ескере отырып, қызметтің ұзақ мерзімді жоспарлауын жасап, тіршілік әрекетіне әсер ететін өндірістік үдерістің төмендеуіне алып келетін сыртқы факторларға көңіл бөлмейді. Көбінесе, стартегиялық басқаруды жүзеге асыруда басшылардың психологиялық нанымдары кедергі жасайды: рационалды ойламауы,екі жақты ойлауы, жан-жақты мүмкіндіктерге сенімсіздікпен қарауы, ақпараттанбауы. Ал қазіргі заманда қоғам өмірінде және білім беру ұйымдарында болып жатқан елеулі өзгерістер кезеңінде басқару шеберлігіне басты назар аударылды. Мектепке дейінгі ұйымның табысты дамуы мекеме басшысының кәсіби іскерлігіне, оның шешімді тез қабылдай білуіне, ұжымды үнемі дамуға бағыттайтын дарындылығына, шығармашылық өсуіне байланысты. Балабақша басшысының басқарушылық мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруда мәні мен мағынасы бар басқарушылық-педагогикалық құндылықтардың жиынтығынан құрылған. Басшы- менеджер басқарудың құндылықтары мен технологиясын игере отырып, оларды өзгертеді, әсерлейді, бұл басшының тұлғалық ерекшеліктерін және де басқару обьектісінің ерекшеліктерін айқындайды. Балабақша басшысы басқару қызметін де тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады. Қазіргі кезде басқаруды енгізу-мектепке дейінгі ұйымды басқаруды модернизациялау стартегиясы болып отыр. Басқарудың жобалаушы жүйесінің негізі (Сапаны жалпылама басқару) идеялогиясына сай сапаны басқару жүйесін ұйымды жалпы басқару жүйесінен ажыратпай Демингтің толық циклды басқаруын ескере отырып, балабақшаны басқару моделі мынадай болуы мүмкін: -Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Іс-әрекет.

    Ал, кәсіби сауаттылық-заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басты бағдарлары. Сауаттылық-білімнің барлық тарихи және ғылыми даму кезеңдерінде ілесіп келе жатқан тығыз байланыстылығы көп қолданылатын ерекше ұғым. Сауатты сөзімен адамды «сауатты маман», «сауатты басшы» деп анықтайды. Сондықтан ұйым басшысы:

    -басқарушылық жұмысын жобалау сызбасын әзірлей білу керек;

    -оқу іс-әрекетінің сапасын талдай білу;

    -оқу іс-әрекетін әдістемелік қамсыздандыру;

    -басқару қызметінің мақсаттарын дамыту;

    -мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби сауаттылығын басқарудың стартегиялары мен шаралар жүйесін жасақтай білу керек.

    мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшысының функционалдық міндеті:

    -оқу-тәрбие үдерістерін бағдарламаға және ЖМББСС сәйкес ұйымдастыру;

    -мектепке дейінгі ұйымда әкімшілік-тәрбиелік жұмсты қамтамасыз ету;

    -мектепке дейінгі ұйымда нормаларды қадағалау тәртібін, техника қауіпсіздігі ережелерін жасақтау;

    -оқу-тәрбие жоспарын жетілдіруге, медициналық қызметке жағдай жасау;

    -мемлекеттік нормалар мен нормативтік талаптарға сәйкес әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, бөлмелерді жасақтауды, жабдықтауды ұйымдастырады.

    -мектепке дейінгі ұйымның типтік үлгісіне, Жарғыға және мектепке дейінгі ұйым мен құрылтайшы арасындағы келісім-шартқа сәйкес балалар құрамын реттейді.

    -мехника қауіпсіздігін сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдағы іс-қағаздардың, есептің дұрыс толтырылуын, мүліктер мен қаражатты тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етеді.

    мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысының кәсіби сауаттылығы Ол:

    -мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың алғышарттарын;

    -мектепке дейінгі ұйымның нормативтік-құқықтық негізге сай қызметі;

    -мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда басқарудың заманауи теориясы мен мүмкіндіктерін білуі;

    -мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшысының басқару мәдениеті мен тәрбиелік қызметі;

    -мектепке дейінгі білім беру ұйымының басқарудағы негізгі теориялық амалдар,

    -мектепке дейінгі білім беру қызметін заманауи жоспарлау;

    -мектепке дейінгі білім беру басшысының бақылау –талдау қызметі туралы түсінігі болуы керек;

    -басшы жұмысының мектепке дейінгі білім беруді жаңарту бойынша өзіндік ерекшелегі;

    -мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби сауаттылығын қалыптастыру бойынша басшының негізгі қызметі;

    -басшылық жұмысты мектепке дейінгі білім беру ұйымының нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жобалауды;

    -педагогикалық ұжымды заманауи педагогикалық технологияларды, білім сапасын арттыратын әдістерді қолдануға мотивация жасауды;

    -педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру үрдісін басқаруды;

    -педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда кәсіби маңызды білім, қабілет және дағдыны рефлексиялауды қолдана білуі керек.
    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Селевко Г.К. «Современные образовательные технологии». Москва-1998.

    2.Замедлина Е.А. Управление качеством.Ростов на Дону.2008.

    3.Педагогика 21-века на пороге школы. Жайтапова А.А. Рудник Г.А. Алматы-


    написать администратору сайта