зарина отчет. Ксіптік даярлау, айта даярлау жне біліктілікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту
Скачать 33.77 Kb.
|
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Кен дегеніміз құрамынан бір немесе бірнеше бағалы элементтерді тиімді түрде бөліп алуға жарайтын пайдалы қазбалар. №1, 2 Жезқазған байыту фабрикалары Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында орналасқан. №1,2 Жезқазған байыту фабрикасы "Қазақмыс" корпорациясы құрамына енеді. Байыту фабрикасы 1954 жылы іске қосылған. Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша ең ірі мыс кенін байытушы кәсіпорны болып табылады. №1, 2 ЖБФ-да жерасты және ашық карьерлердің мыс сульфидті кендері, ашық (карьерлік) кеннің аралас және тотыққан мыс кендері, Жезқазған мыс зауытының шлактары өңделеді. №1, 2 Жезқазған байыту фабрикалары (ЖБФ № 1 және №2) екі байыту фабрикасын біріктіреді және олардың байыту циклдерінен алынған концентраттары Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделеді. Жер қойнауынан ашық және жабық тәсілдермен өндірілген мыс кені Жезқазған байыту фабрикасына жеткізіледі. Фабриканың технологиялық схемасы бірнеше кезеңнен тұрады: вагондарды төгу; мыс кенін ұсақтау, елеу және ұнтақтау; флотация; концентратты қоюлау, сүзу және кептіру. Біріншісі - темір жол вагондары ғимараттарында темір жол вагондарымен шахталардан келетін кенді қабылдау. Темір жолмен мыс кені фабрикаға жеткізіледі. Олар вагон аударғыштар көмегімен түсіріледі. Екіншісі – ұсақтау бөлімдерінде кенді кезең-кезеңмен ұсақтау (ірі, орта және майда). Кен конвейер арқылы ұсатқыштарға түседі. Кеннің бір вагоны шамамен 10-20 секундта ұсақталады. Ірі ұсақтаудан кейін кен елеу, орташа және майда ұсақтау процестеріне түседі. Елеу, орташа жене майда ұсақтау процесі жүргізілетін цех. Майда ұсатудан кейін кен конвейерлер арқылы бас ғимаратқа түседі. Онда ұнтақтау және флотация бөлімдері орналасқан. Үшінші кезең - пульпа алу үшін барабанды диірмендерде кенді ұнтақтау және оны флотацияға жіберу. Төртінші кезең - флотация. Мыс минералдарының ұсақ ұнтақталған бөлшектері сулы ортада арнайы химиялық реагенттер қосу арқылы ауа көпіршіктерінің бетіне бекінеді. Мыс минералдарымен қапталған көпіршіктер көбік түзеді, ол дайын мыс концентратына айналғанша флотацияның келесі сатысына жіберіледі. Өңдеудің бесінші кезеңі - мыс концентратын қоюлау және сүзу. Бұл кезеңде флотация арқылы алынған концентраттағы ылғалдылық азаяды. №1, 2 Жезқазған байыту фабрикаларының тауарлық өнімі - Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделетін мыс концентраты. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЗАҢНАМАСЫН ОҚЫТУ. 1.1 ЗАҢДЫ ҚҰЖАТТАР. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРУ. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.[1.1] Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді Дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді. Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді. Еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол берiледi. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа: он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.[1.1] 1.2 ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗЕТІН ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕР ҮШІН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ. Осы Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы» Заң) 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уату-сұрыптау жылжымалы және құрастыру-бөлшектеу уату-сұрыптау және байыту қондырғыларын (бұдан әрі - фабрика) кесектеу (агломерация, брикеттеу, кесектеу), байыту, ұсақтау және пайдалану жөнінде қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Ұсақтау - пайдалы компоненттерді және жынысты қалыптастыратын минералдық агрегаттарды алу мақсатында, сондай-ақ байыту процесінің қажетті ірілігін қамтамасыз ету үшін уату ортасының (шарлар, өзектер) және шикізаттың соққылау және қажалу әсерінің нәтижесінде минералдық шикізатты ұсақтау процесі; Елеу - елеуіш беттері бар құрылғыларда (електерде) жүзеге асырылатын материалды ірілік кластарына бөлу процесі; Жіктеу - мөлшері бойынша біркелкі емес шикізаттың түйіршікті және полидисперстік бөлшектерін елеу, гидравликалық (пневматикалық) жіктеу арқылы немесе ортадан тепкіш алаңда ірілігі әртүрлі кластарға бөлу процесі; Флотация - беттік қасиеттердің әртүрлілігіне және минералдар бөлшектерінің фазаларды бөлу бетіне: сұйықтық-газ, сұйықтық-сұйықтық және т.б. іріктеу байланысына негізделген пайдалы қазбаларды байыту процесі; Флотация реагенттері - минералдардың флотациялануын реттеу мақсатында флотация процесіне енгізілетін органикалық және органикалық емес заттар; Байыту өнімдері - пайдалы қазбаларды байыту процесінде алынатын өнімдер: концентрат, аралық өнім, қалдықтар; Концентрат - құнды компоненттердің құрамы бастапқы материалдан (кеннен) және байыту операцияларына ұқсас қалаған өнімдерден жоғары минералдық шикізатты байыту өнімі; Қалдықтар - жынысты қалыптастыратын минералдардан тұратын және жеке жағдайларда пайдалы компоненттерді алдын ала алу орынды және технологиялық мүмкін болатын пайдалы компоненттердің айтарлықтай көп емес көлемі бар байыту процесінің қалдықтары; Қойылту - ауырлық күші немесе ортадан тепкіш күштің әсерінен қатты бөлшектердің қойыртпақта шөгу (жылжу) нәтижесінде орын алатын қойыртпақты қойылтылған өнімге және сұйық фазаға (төкпе) бөлу процесі; Сусыздандыру - шикізатты қайта өңдеу өнімдерінде судың құрамын төмендету процесі; Кептіру (минералдық шикізатты байытуда) - қыздыру кезінде ылғалды буландыруға негізделген материалдарды, соның ішінде байыту өнімдерін сусыздандыру процесі.[1.2] 1.3 ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕ АВАРИЯЛАРДЫ ЖОЮ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАБЫЛДАРЫ МЕН АВАРИЯҒА ҚАРСЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ.Қазақстан Республикасының заңнамасымен мiндеттi түрде құру көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiндеу немесе тарату үшін олар қызмет көрсететiн ұйымдар қызметінің тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құралымдар алдын алуға және жоюға арналған төтенше жағдайлардың туындау қатерінің жоюлуы негіз болып табылады. Ерікті авариялық- құтқару қызметтері мен құрылымдарын тарату туралы шешімдерді қабылдаған кезде ұйым басшылығы бұл туралы уәкілетті органға хабарбереді. |