Главная страница
Навигация по странице:

  • Күтілетін нәтижелер

  • Болашақта пән мұғалімдері мына жағдайларға назар аударғаны дұрыс

  • 1. Таңдау жауабы бар тапсырма

  • 2. Жабық құрылымды тапсырма

  • 3. Кешенді жауабы бар тапсырма

  • 4. Еркін құрылымды тапсырма

  • 3 күннің 1 тапсырмасы. Ктілетін нтижелер


    Скачать 23.96 Kb.
    НазваниеКтілетін нтижелер
    Дата15.07.2021
    Размер23.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 күннің 1 тапсырмасы.docx
    ТипДокументы
    #224368

    Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат – жан - жақты білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын, іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсат функционалдық сауаттылықты дамытуды көздейді. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Білім беруді жаңарту ұстаздың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін дамыту болып табылады. Ұстаз тарапынан оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.

    Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалауға  мүмкіндік береді.

    PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды.

    PISA халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған.

    Зерттеу объектісі болып 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктері алынады. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады. Осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажетті білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.

    Күтілетін нәтижелер:

    • Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыра білу  деңгейінің жоғарылауы;

    • Проблеманы ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болуы.

    Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады

    Қазақстаннның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдегі білім сапасын арттыруда стратегиялық маңызы зор. Сондай халықаралық зерттеулерге TIMSS және PISA бағдарламасы бойынша білім сапасын бағалауды жатқызуға болады.

    2015 жылғы өткен PISA халықаралық зерттеуінің негізгі басым бағыты – жаратылыстану бағыты болды. Сондықтан барлық мектеп мұғалімдері алдында тұрған міндет – осы зерттеуде оқушыларымыздың білім сапасының жоғары деңгейде көрінуіне ат салысу болып табылды. Бұл мақсатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған  «Қазақстан жолы -2050:  бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» атты Жолдауында айтылғандай Назарбаев Зияткерлік мектептері деңгейінде жұмыс атқару қажеттігі мұғалімдерге көп жауапкершілік жүктеді.

    Болашақта пән мұғалімдері мына жағдайларға назар аударғаны дұрыс:

    • Халықаралық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін білу;

    • өткізу стандарты мен нәтижесінің бағалануын ажырату;

    • зерттеу сауалнамаларына жауап бере білу;

    • тапсырмаларды талдай білу;

    • оқушылардың функционалдық жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын дамыту және бағалау жолдарын білу;

    • оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу жолдарын  үйрету;

    • PISA бағдарламасы емтихандарына қалай дайындауды үйрету;

    • оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту;

    • мәтінмен жұмыс жасау, талдау, берілетін сұрақтарды классификациялау;

    • белсенді оқыту әдістерімен өзара тәжірибе алмасу;

    • жаңа білім жүйесінің қызметкеріне қойылатын бүгінгі күннің  өзгерген   талабын талдай алуы.

    Ұстаз алдында тұрған міндет – талабы таудай – жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп Адам дәрежесіне жеткізу керек. Ол үшін оқыту мазмұнын, білім беру технологиясын өзгерту, яғни баланың талантына, дарынына, талап – тілегіне қарай жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.

    Ұлы педагог Я.А.Коменский: «Педагог - мәңгі нұрдың  қызметшісі, ол барлық ой  мен  қимыл-әрекетіне ақылдың  дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»,- деуі үнемі  шығармашылық ізденісте болып, өз білімі мен біліктілігін жетілдіруге жұмыстанушы ұстаз мәртебесін айқындайтын ой екенін ұғынған жөн.

    Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

    Міне, осы мақсатты жүзеге асыру барысында ғылыми – жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған біліктілік курстары мен қалалық, облыстық семинарды жиі өткізудеміз. Біліктілікті арттыру курстары кезінде және курстан соң пән мұғалімдерімен кері байланыс мақсатында құрылған желілілік қауымдастық арқылы үнемі хабарласып, өзара тәжірибе алмасуды жалғастырудамыз.

    Ғылыми-жаратылыстану пәндерінен PISA форматына сәйкес құрастырылатын  тапсырмалардың 4 типті түрі мен халықаралық бағалау шәкіліне байланысты күрделілік деңгейін ескере отырып шағын сабақтар таныстырылымын өткізу өз нәтижесін беруде. Осындай PISA форматына сәйкес тыңдаушыларымыз құрастырған  тапсырмалар үлгілерін ұсынсақ:

    1. Таңдау жауабы бар тапсырма

    1.Мына халықаралық ұйымдардың қайсысына Қазақстан кірмейді?

    А) БҰҰ

    Б) ЮНЕСКО

    В) МАГАТЭ

    С) ЕҚЫҰ

    Д) бәріне кіреді

    2. Жабық құрылымды тапсырма

    Бұл ұйымның жоғарғы органы – мемлекет башылары кеңесі. Жыл сайын саммит өткізіледі. Тұрақты түрде атқарушы секретариат жұмыс істейді. Штаб – пәтері Пекин қаласында орналасқан. Бұл ұйымның өз рәміздері бар: ақ туында герб орналасқан, гербтің екі жағында 2 лавр бұтақшасы, ортасында ұйымға мүше елдерінің аумағы көрсетілген шығыс жарты шардың нышандық кескіні бейнеленген. Ұйымның атауы, құрылған жылы, мүше елдерді белгіле.

    Құрылған жылы

    Ұйым атауы

    Мүше елдер

    1999 жыл

    БҰҰ

    Қазақстан, Қытай

    2000 жыл

    ШЫҰ

    Ресей, Өзбекстан

    2001 жыл

    ЕурАзЭҚ

    Тәжікстан, Беларусь

    2002 жыл

    ХВҚ

    Қырғызстан, Иран

    2003 жыл

    ЮНЕСКО

    Сауд Арабиясы, Молдава

    2004 жыл

    ДДҰ

    Ирак, Кувейт

    3. Кешенді жауабы бар тапсырма

    1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, оның сұмдықтарын адамдар енді ешқашан көрмесін деген мақсатпен құрылған. Уақыт өткен сайын ұйымның міндеттері кеңейе түсті, қазіргі кезде халықаралық мәселелерді шешуге қатысады. Әр жылдың қыркүйегінде штаб-пәтерінде Бас Ассамблея жиналады. Оған қатысушы елдердің барлық сыртқы істер министрлері жиналады. Оған әлемнің 194 егеменді мемлекеттерінің 193-і кіреді.

    Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

    Бұл ұйым БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан.

    Иә / жоқ

    Ватикан мүшелікке енбеген жалғыз мемлекет.

    Иә / жоқ

    БҰҰ үкіметаралық ұйым болып саналады.

    Иә / жоқ

    4. Еркін құрылымды тапсырма

    Геосаяси жағдай – елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жүзінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды. Қазақстанға әлемдік деңгейде гоесаяси жағдайына баға беріп, дәлелде.


    написать администратору сайта