Курсовой. Курсты Жмыс таырыбы Сын есімді оыту барысында дамыта оыту дістсілдері арылы білім алушыларды лтжандылыа трбиелеу Орындаан 181 тобыны студенті А. Ж. Шотова Курсты жетекші Г. Ж. Жолкенова араанды аласы 2022 жыл Жоспар Кіріспе
Скачать 407.65 Kb.
|
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер. Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы ақпарат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды имандылыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: әңгімелеу. Сабақтың көрнектілігі: кітап, кесте, сурет. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың кітап, дәптерлерін түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақ Кіріспе, әңгімелеу. Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылады. Онда біраз мысалдар келтірілген.
Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды. Талап көзіне сұрақ қойыңдаршы. Не? Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар. Қандай? Талап – түбір, -ты – жұрнақ, Талантты – сын есім. Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнің өзіне ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғартады. Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін -т, -ты, -ті, -лы, -лі, -ды, -ді т.б. жұрнақтар жалғанады. ІV. Сергіту сәті. Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын, Самғап биік ұшады. Оқулықпен жұмыс. 373-жаттығуды орындау. Сөздерді салыстырып оқу, Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, олардың қай сөз табына жататын айыру ақылды, тәртіп, білгіш, айнадай. 374-жаттығу. Мақалмен жұмыс. Сын есімдердің негізгі, туынды екенін ажырату. Сулы жер құрғақсыз болмас, Таулы жер бұлақсыз болмас. 2. Ойын. «Кім тез табады?». Жақсы деген сын есімге тіркес келетін бірнеше зат есім ойлап жаз. қыз оқушы Жақсы бала адам жер Керісінше, «бір зат есімге көп сын есім» ойыны. Инабатты Ажарлы Әдепті қыз Көңілді Сұлу V. Сабақты қорытындылау мына сұрақтар бойынша іске асырылады: - Сын есімнің қандай түрлерін өттік? - Туынды сын есім қалай жасалады? - Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде? Мысал келтір. Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ережесі мен сұрақтарын айыра білулері керек. Өз ойлары мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен жаңа сабақты қорытындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сәбіз, жапырақ, түлкі т.б. суреттері үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түр-түсін айыру үшін сөйлем құр деп тапсырылады. Қай бала без, дұрыс сөйлем құрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, ұтқан болып шығады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынандай сөйлемдер ойлап табуға тиісті. Ту Қара тоғай Көгілдір ту Қара торғайға Жезбіреді Ұя жасадық Машина Қоян Бақытжан жеңіл Сұр қоян Машинаға мінді Қашты Мамам қызыл Жапырақ Алма әкелді Күзде жапырақ Алма Сары түске боялды. VІ. Үйге 388-жаттығуды жазып келу тапсырылады. VІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау. Сөзжұмбақты шеш.
Ешкімге еш нәрсе бермейтін, беруге қимайтын адам. «Тентек» сөзінің синонимі. Заттың пішіні. Заттың көлемі. Айтқаны сен алатын, еш нәрсеге байыптап байқамайтын адам. Малдың түсі. «Ақ» сөзінің антонимі. Сабақтың тақырыбы: Сын есім. 363-368 жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сын есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу. Дамытушылық: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік: Кішіпейілділікке, адамгершілікке жылдам ойлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгілемеу, көрсету. Сабақтың көрнекілігі: ребус, тірек сызбалар, суреттер, танымдық тапсырмалар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Біз ақылды боламыз, Айтқан тілді аламыз. Сұрақ, жұмбақ, ребустың, Жауабын тез табамыз. Туын ұстап білімнің Жақсы оқушы боламыз. Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау. Қазір қай сабақ? Қазір қазақ тілі сабағы. Жылдың қай мезгілі? Көктем. Көктем айларын атаңдар. Наурыз, сәуір, мамыр. Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Өткенді қайталау. Етістік дегеніміз не? Негізгі, туынды етістік дегеніміз не? Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не? Жаңа сабақ. Бүгін сөз табының бір түрі сын есіммен яғни заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімен танысамыз. Мынау не? Түрі қандай? Көлемі қандай? Дәмі қандай? Иісі қандай? Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? Яғни бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық. Ереже. Зат есім алдына келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Топтастыру стратегиясы. ІҮ. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс. 363-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Мың құбылды қырдағы Әннің әсем ырғағы – Күміс қанат бозторғай Күнді мақтап жырлады. Әнші аспанда қалқып тұр, Әуеледі шалқып жыр. Жусанды кең даланың Жұпар иісі аңқып тұр. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөз табы екенін айт. 361-жыттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жаз. ... мақта, ... алма, ... айран, ...дала, ... тау, ...көл. Керекті сөздер: қою, кең, терең, ақ, тәтті, биік. Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? Заттың Түсі Дәмі Сергіту сәті. 365-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Жақсы сөзге жан семіреді, Жаман сөзден жан қорқады. Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Мақалдың мағынасын түсіндір. 366-жаттығу. Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз. Тәтті, жақсы, қоңыр. топырақ Мысалы: Құрғақ жер сөз 367-жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз. Сиыр, көйлек, тамақ. Жылы Кең Мысалы: Биік үй Аласа Әдемі V. Ойын. Сәйкестендіру. қорқақ және мақтаншақ қорқау және жыртқыш қу және өтірікші ҮІ. Танымдық тапсырма. Сурет бойынша қандай? деген сұраққа жауап жаз. Бағыттаманың көмегімен өзара байланысты сын есім мен зат есім болатын сөзді тап. Ақ Су Суық Мата Тегіс Алма Дәмді Жер Жасыл Аспан Көк Жапырақ Қорытынды. Сыныпты 2 топқа бөлу. 1 топтың сұрақтары. Зат есім дегеніміз не? Наурыз сөзінде неше дыбыс бар? Сенің дәптерің нешінші жақта айтылып тұр? Күн жылынды? Қандай сөйлем? Шеге сөзінен туынды сөз жаса. Жасыл сөзіне дыбыстық талдау жаса. Болымды етістікке мысал келтір. 2 топтың сұрақтары. Етістік дегеніміз не? Мамыр сөзінде неше дыбыс бар? Біздің дәптеріміз нешінші жақта айтылып тұр? Арала сөзінің түбірін тап. Күн жылынды ма? Қандай сөйлем? Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата. Болымсыз етістікке мысал келтір. Венн диаграммасы. Сын есім Зат есім Үйге тапсырма: 368-жаттығу. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау. Қорытынды Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі мектепке өскелең ұрпақты интеллектуалдық білімдік, жеке тұлғалық қабылеттерін барынша терең де жан-жақты дамытып, шығармашыл ойлай алатын болуын таалп етуде. Осы талапты орындауда қазіргі кезеңде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдер көптеп оқыту процесіне өтуде. Морфолониялық негізгі міндеті сөздің құрылысын тексеру болғандықтан, ең алдымен сөз морфемаларын қарастырады. Сөз қалай жасалды дегенде, түбір сөздің шыққан тегін, оның мағынасы мен тікелей байланысын, дыбысталуын жол-жөнекей ғана айтады. Морфология құрамы сын есімдер негізгі түбір және туынды түбір болып бөлінеді. Негізгі түбір сын есімдер әрі қарай морфемаларға (түбір, қосымша) бөлінбейді: ақ, көк, үлкен, биік, жаман т.б. Морфология жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары (сонымен бірге категориясы да) жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, екінші тобы қатыстық сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды. Бұл курстық жұмыс сын есімді оқыту методикасын қарастырды. Қорыта айтқанда бастауыш мектепте сын есімді оқыту әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады: Сын есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде оқушылардың тереңдейді; Сын есімді оқыту тапсырмаларын қолдану арқылы бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға болады; Оқушылардың сын есімді оқыту тапсырмалары арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады; Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында сын есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың педагогикалық, психологиялық негіздерін айқындау тапсырмаларды жан-жақты сапалы пайдалануға әсер етеді. Пайдаланылған әдебиеттер Сыздықова Г., Қазіргі қазақ тілі, Морфология, 2012 ж., 49-58б. Мұсабаев Ғ., Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары, 2014 ж., 9-25б. Шәкенов Ж., Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы, 2011 ж., 22-28б. Төлеуов Ә., Қазақ тіліндегі есім категориясы, 2003 ж., 8-12б. Қазақ тіліндегі есім сөздерінің жасалуы, 2007 ж., 66-68б. Сыздықова Г., Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипаты. 2000 ж. Сөз таптары, 2001 ж., 45-54б. Әбуханов Ғ., Қазақ тілі (лексика, фонетика, морфология, синтаксис), 2012 ж., 165-166б. Мұсабаев Ф., Сын есім, оның қолданылуы, 2011 ж., 44-51б. Исабаев С.И., Тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның рөлі, 2009 ж. «Бастауыш мектеп» 2005 ж., № 7. Сейтова Н., «Сын есім» 51-53б. |