Курсовой. Курсты Жмыс таырыбы Сын есімді оыту барысында дамыта оыту дістсілдері арылы білім алушыларды лтжандылыа трбиелеу Орындаан 181 тобыны студенті А. Ж. Шотова Курсты жетекші Г. Ж. Жолкенова араанды аласы 2022 жыл Жоспар Кіріспе
Скачать 407.65 Kb.
|
2.2 Сын есімнің семантикалық топтары мен синтаксистік қызметі. Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де сол сөз табы – сын есім. Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есіс неше алуан сыр-сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін лексика-грамматикалық сөз тобын айтамыз. Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып, айқын көрініп отырады. Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем, т.б.) жағынан анықтайды, бірақ өз (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен, т.б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар: сын есімнен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі. Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы, төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев). Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабылеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы: зат есімге септулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінде тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) сын есімге еркін, тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі бұл екі сөз табының – зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-біріне ажырайтын ерекшеліктері болып саналады. Егер екі де я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б.Майлин); Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп тұр. Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттармен байланысты, сын есімдер симатикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді. Сапалық сын есімдер деп – мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап, айтқанда, түрі мен түсін (ақ, көк, қызыл, жасыл т.б.) сыры мен сапасын (тәуір, нашар, жақсы, жаман т.б.) көлемі мен аумағын (ауыр, жеңіл, үлкен, кіші т.б.) дәмі мен иісін (ащы, тәтті т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет – белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Әдетте сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрып-ақ, заттың әр-қилы сыр сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы: үлкен, ұзақ, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыған, момақан, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағынан сапалық сын есім деп, морфемалық құрылымы жағынан сапалық сын есім деп есептелетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте ұдайы дамып отырады. Осыған сәйкес, ертеректе туған сындарды ғана емес, кейінгі кездерде жұрнақ (я басқа тәсіл) арқылы жасалған туынды есімдердің кейбіреулерінде де, негізгі, сапалық сындардың грамматикалық қасиет сипаттары болып отырады (қараңғы-қараңғылау, қараңғырақ, қап-қараңғы, таныс-таныстыру, танысырақ, тап-таныс т.б.). Сапалық сындар жалпы сын есім деп ататлатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Осы ерекшеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне қарай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семаникалық даму процесі арқылы адъективтенген сөздер де бірте-бірте сапалық сын есімдердің сыр-сипатына ие болып, сө топқа көшіп отырады. Ал, сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мынадай: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады; екіншіден оларға сандық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жасалады; үшіншіен, олар атрибутты семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Міне, осы аталған негізгі үш белгі сапалық сын есімдердің әрі қатынастық сындарданерекшеленетін әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептелінеді. Қатыстық сын есімдер деп – бір заттың белгісі басқа бір заттың іс-қимыл қатыс арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Осы ерекшеліктеріне қарай, қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдермен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сандық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді. Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (қатыстық сындардың) нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздермен байланысты. Осы себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш – атаның борышы, ауылдағы адам – ауылда тұратын адам, ауыспалы қызыл ту – ауыстырылып отыратын қызыл ту. Өздерінің бастапқы төркіндерінен алшақтап кеткен ұзақ (әңгіме), тұнық (су), ашық (сөз) сияқты негізгі сын есім беріліп саналынатын, бастапқы ұза (ды), тұн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстатады дегенімізбен де, өздерінің бастапқы төркіндерімен мағыналас (синонимдес) келеді. Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Cинтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті т.б.) негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлану арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады. Морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздердің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы, мысалы: (басқа, өзге, шала – жансап т.б.) жасалады. Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз. Сын есімдер компоненттерінің құрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі сатыға бөлінеді. Жалаң сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (жасыл, сары, қызыл, көк, тік, аласа, тар т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды (малды, шөпті, құнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, ұйқышыл, көтеріңкі, серіппелі және т.б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық жағынан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауыр, басқа, өзге т.б.) жатады. Сөйтіп, жалаң сын есімге жататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компанент болады, бірақ ол негізгі компанентте қосымша морфеманың болуы я болмауы шарт емес. Күрделі сын есімдерге кемі екі я одан да астам компоненттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есімдер негізгі сынардан да, олардың өзді-өздінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қйталануы, қосарлануы, әредік бірігіп жасалуы арқылы бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері (модельдері) төмендегідей: Сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торлы ала, шұбар ала деген үлгі бойынша жасалады, демек, алғашқы компененті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сандарда, қара көк, қара сұр, қара торы, қара қоңыр, қара күрең, қара шұбар, қара кер деген үлгі бойынша, демек, алғашқы компонентті ауыспай, соңғы компонентті ауысып жасалатын екі компонентті күрделі сынды да, алқара көк, алқара кер тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады. Бұл топқа енетін күрделі сын есімдер жалаң сапалық сындар сияқты, шырайлы формаларында да жұмсала береді. Біріңғай я негізгі (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар не қайталанады, не косарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, аппақ-аппақ, үлкен-үлкен, малды-малсыз, қоралы-қопсылы т.б. Негізгі сын есім мен -лы (-лі) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл-шырайлы т.б. Зат есім, сын есім, есімдік, есімше формаларымен -лы (-лі...) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: теке сақалды, адыраң көзді, алтын баулы және т.б. Я не екі компоненті де бірдей -лы (-лі...) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті -лы (-лі...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -сыз (-сіз) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: таулы-тасты, орманды-тоғайлы, әкелі-балалы, ағалы-інілі, ессіз-түссіз, жөнді-жөнсіз, орынды-орынсыз т.б. Осы топқа төртбұрышты, қос атты сияқты тіркестерден енеді. Зат есім, сын есімдермен -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) формалары сын есімдер тіркесіп, күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: халықаралық, бесжылдық, бескісілік, он адам сиярлық, екі-үш күндік т.б. Сондай-ақ тұрақты тіркестерден де осы жұрнақ арқылы күрделі сын есім жасалады. Мысалы: көңіл көтерерлік, түс шайысарлық, қабырға – қайысарлық, күн көрерлік т.б. Я екі компонентінде де (сыңарына да) бірде, ие -лық (-лік) жұрнағы арқылы не -и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті -лық (-лік...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я алғашқы компоненті зат есім, соңғы компоненті -лық (-лік...) жұрнағы арқылы, жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: әскери-саяси (кадрлар), ғылыми-әдеби (мұра), әлеуметтік-экономикалық (шара), идеялық-саяси (өмір), қоғамдық-тарихи (тәжірибе) және т.б. Тәуелділіктің үшінші жағының қосымшасы қосылған зат есімге (бірініші компоненті) сын есім (екінші компоненті) тіркесіп, күрделі сын есім негізінде қолданылады. Мысалы: көзі ашық, тілі майда, басы бос, жөн түзу, жүзі жылы, қолы ұзын, қолы ашық және т.б. Жалпы атаулардың белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде (мысалы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында, және басқа қасиетінде) әр алуан рең болатынын, ол реңнің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген нее, тілімізде қандай-қандай шырайлары бар және олар қандай тәсілдер (формалар) арқылы жасалынады деген мәселелерді де анықтау қажет болады. Мысалы: Жоғарғы Советтің мәжіліс залы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сөйлемде бір залдың өзінде бес түрлі белдгі аталып тұр. Бұдан көптеген заттардың алуан түрлі белгілерін салыстырудан да, бір жеке заттың әр түрлі белгілерін салыстырудан да басқа-басқа белгілер анықталғанымен, әлденеге заттың бір түрлі я біркелкі белгісін айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, салыстырудың бәрі бірден бір түрлі сындық белгінің әр қилы дәрежесін аша алмайды. Сын есімнің синтаксистік қызметі. Сын есімдер мағына жағынан заттық сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбірек анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді (Ғ.Мұстафин); Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды (Абай); Тоты құс түсті көбелек жаз сайларда гүлемек (Абай) деген сөйлемдердегі негізгі сын есімдер де, туынды сын есімдерде анықтауыш болып тұр. Сын есімдер сөйлемде баяндауыш та болады. Ондайда, сөйлемнің бастауыштары жіктеу есімдіктерінен болса, сын есімнен болған баяндауыштарға жіктік жалғаулары қосылады. Мысалы: Мен тіпті жүйрікпін (Ғ.Мүсірепов); Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін (С.Сейфуллин) деген сөйлемдегі жүйрікпін, қара көкпін деген сын есімдер – баяндауыштар. Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды дегендегі алғашқы жақсы анықтауыш та, соңғы жақсы – пысықтауыш, сол сияқты, жақсы оқу үшін көп оқу керек дегенде де, жақсы деген сөз пысықтауышты пысықтап тұр. Сын есімдерге негізінен көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанбайды, бірақ сөйлемде жүктелген міндетке қарай сын есімдер зат есімнің қызметіне де ие бола алады. Мұндай жағдайларды сын есімдерге ие көптік, не тәуелдік, не септік жалғауы (я олар қабаттасып) жалғанады да, зат есім орнына жұмсалады. Мұны, әдетте, сын есімнің субстантивтенуі (заттануы я заттық мағынада қолданылуы) деп айтамыз. Мысалы: Жақсыдан үлгі ал (мақал); Ескіге жаңа өлшеуіш (мақал). Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) дегендердегі жақсыдан сөзі жақсы адамдардан дегеннің орнына, ескіге сөзі ескі нәрсеге дегеннің орнына, жастарға деген жас адамдарға дегеннің орынына қолданылып отыр. Сын есімдерге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанып заттанғанда (субстантивтенгенде), сын есімнің өзінің негізгі сындық мағынасының үстіне заттық мағынаны жасап алады. Мұндайда, сын есім атау тұлғада тұрып кім? не? деген сұраққа жауап берсе, сөйлемнің бастауышы болады да, бұрма жалғауларда тұрып (іліктен басқа) толықтауыштың сұрақтарын жауап берсе, толықтауыш болады. Кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанбай-ақ сын есімдер атау ретінде тұрып заттық мағына береді де, бастауыш бола береді. Мысалы: Бітер істің басына, жақсы келер қасына (мақал) дегендегі жақсы деген сын есім кім? деген сұраққа жауап беріп, жақсы адам дегеннің орнына жүріп тұр. Бұл сөйлемдегі жақсы – бастауыш мүше. Бірақ ондай сын есімдер тек ол сөйлемде ғана субстантивтенеді, біржолата зат есімге айналып кетпейді. 2.3 Жоғарғы сыныптарда сын есім мен зат есімді байланыстырып оқытудың маңызы. Сыныптан сыныпқа көшкенде оқушының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады. Сын есімді оқығанда оған объекті болатын сөздері мен мол мәтіндері пайдаланылған жақсы нәтиже береді. Мысалы: Гүлдер, гүлдер, мол гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер... деген сияқты мәтінді алдық дейік, сонла осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сыны айтылғанын оқушы аңғартатын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есмідер екенін айтсын. «Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады. Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімдерге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушылар білуге тиіс. Мысалы, семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мұндай мысалдар, ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді. Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде танып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет. Мұндай тапсырмаларды сыныпта орындаулары керек. Ол үшін мұғалім алдын ала жеке, сөйлемдерді балаларға оқытып: Ақылбай, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Сурет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады? – дегендей сұрақтар қойып, сын есім мен зат есім таптарын талдап, айқындап алу керек. Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімді таптыру, оларды тіркестіре беруге үйрететін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық – сапалары болу екендігін білдіру керек. 3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен, ақылды адам, тәртіпті бала, шырайлы жер, әдепті келін, қызық ертегі тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратқызып байқату тәсілмен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сын есім салыстырып, олардың бір-бірімен өзгешелігін аңғартамыз. Тағы бір ескертіп кететін нәрсе сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарымен ісжүзілік тұрғыда таныстыру көзделеді. Өйткені оқушылар заттардың әр алуан қасиеттерін бір-бірінен салыстырып айту барысында аталған жұрнақтарға кездеспей тұрмайды. Сол себепті жаттығулар орындау барысында салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыра беру артықтық етпейді, керісінше оқушылардың сөз байлығын молайтады, заттарды сипаттай білуге, өзара дұрыс салыстырып айтуына мүмкіндік береді. Оқулықтағы 389-392 – жаттығулар осы мақсатқа орай берілген. 389-жаттығуда негізгі сын есімдерге -да, -деу, -пау, -пеу, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту. Мысалы: ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, ұсақ-ұсақтау, көк-көкшіл. 3-сыныпта сын есімге арналған күнделікті сабақ жоспарының үлгісі: |