Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың жүргізілу әдісі: Дәріс, пікірталас сабақтары.Біліктер

  • Түсінік хат

  • Оқу – тақырыптық жоспар

  • Пайдаланған әдебиеттер

  • Курсты масат міндеттері


    Скачать 73 Kb.
    НазваниеКурсты масат міндеттері
    Дата16.10.2021
    Размер73 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла0006013b-e3bfbee9.doc
    ТипДокументы
    #248761

    .

    Курстың мақсат – міндеттері:

    Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың дәстүрлі таным – түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.Қазақтың қария сөздерінде , яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырды. Қоғамның саяси – әлеуметтік , мәдени – рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болуы керек , қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен, адам санасын шындауға көбірек мән беріледі.Дәл осы сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.


    Сабақтың жүргізілу әдісі:

    Дәріс, пікірталас сабақтары.


    Біліктер:

    • оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

    • алған білімін талдап, жүйелеу .



    Түсінік хат
    Ел тарихын тарихи тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың түрлі таным – түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде , яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси – әлеуметтік , мәдени – рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болу керек , қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын , алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән береді. Дәл осы сияқты шежірелік дәстүр де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.

    Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы, ал адам сапасы – тарихтың қозғаушы күші. Әрбір адам әкесі мен шешесінің перзенті ғана емес , сонымен бірге этностың да бір бөлшегі. Яғни, шежірелік зердеде этнос тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды , керісінше адам әулетінің өмірбаяны ретінде қарастырылады.

    Тарихи тұлға дегеніміз – жағдайға байланысты және жеке басының сапасына қарай танылғандар деп келетін жалпылама анықтама белгілі. И.А.Ильиннің сөзімен айтқанда , халық шашырап жатқан ұлы тобыр. Ал, оның күш – қуаты шоғырланып, өзін – өзі халық ретінде айғақтауы үшін тұтастануы қажет, құқық еркі мен мемлекеттік рух белгілі бір тарихи тұлғалар арқылы көрініс табуы керек. Халық та бір нөсер жауынды аңсаған шөл дала сияқты , дана көсемге қашанда зәру. Платон айтқандай, дана тұлға патшалық немесе патша дана тұлға болғанда дүние шырайнала түспек.

    Оқу – тақырыптық жоспар


    Сабақ

    реті

    Тақырыбы

    Уақыты

    Қысқаша мазмұны

    1

    Тұмар ханша (570-520)




    Күнгей түркі - сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.

    2

    Мыңзықұлы Еділ ( Аттила) қаған (410-453)




    Батыстағы ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билейшісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға.

    3

    Домалақ ана (VI-VII ғғ.)




    Қазақстанның Қңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан тайпалардан тараған ұрпақтың арғы атасы Бәйдібек батырдың үшінші әйелі.

    4

    Айша бибі ( XI-XII ғғ)




    Қараханидтер негізін қалаушы Қараханның қалындығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы архитектуралық әсем ескрткіштің иесі.

    5

    Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж)




    Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы .

    6

    Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ(1388-1478 жж)




    Қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік – саяси өмірінде жүйрік тарихшысы.

    7

    Сәбитұлы Асанқайғы (XIV-XV ғғ)




    Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен дәулескер күйші де болған.

    8

    Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғасыр)




    Аты аңызға айналған халық батыры.

    Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде - Қара Қыпшақ.

    9

    Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518 жж)




    Қазақтың ұлы хандарының бірі , Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы.

    10

    Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605 жж)




    Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы , атақты биі.

    11

    Сейтқұлұлы Жалаңтөс (1576-1656 жж)




    Қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшысы, Самарқанның әмірі.

    12

    Бұқар жырау (1668-1781 жж)




    Қазақтың ұлы жырауы , 18 ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

    13

    Әскен( әжі) ұлы Әбілқайыр хан (1693-1748 жж)




    Қазақтың Кіші жүзінің ханы, Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының бас сардары , қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы.

    14

    Хангелдіұлы Райымбек (1705жылы туылған)




    Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан.

    15

    Уәлиұлы Абылай хан (1711-1781)




    Қазақ халқының әйгілі ханы.Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.

    16

    Тайманұлы Исатай (1791-1839 жж)




    1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.

    17

    Кенесары хан (1802-1847 жж)




    Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт – азаттық күресінің әйгілі басшысы.

    18

    Аронұлы Сүйенбай (1815-1898 жж)




    Қазақтың әйгілі ақыны , айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туған жері Алматы маңы , Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені.

    19

    Уәлиханов Шоқан (1835-1865)




    Қазақтың ұлы ғаламы; ориенталист, тарихшы, фольклоршы ,этногроф, географ, ағартушы, демократ.

    20

    Балуан Шолақ (1864-1916)




    Қазақтың халық компазиторы , ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз , күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

    21

    Әлихан Бөкейханов (1870-1937 жж)




    Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , ғұлама ғалым, ұлт – азаттық қозғалаысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

    22

    Мұңайтпасұлы Қажымұқан (1871-1948 жж)




    Қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі – Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Алтыбас руынан.

    23

    Тынышбаев Мұхамеджан (1879-1937 жж)




    Қоғам қайраткері , қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.

    24

    Халел Досмұхамедұлы (1883-1937жж )




    Аумалы – төкпелі заманда мұі мен зардың , айтыс пен тартыстың , өмір мен өлімнің бел ортасында жүрседе азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрсада , қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын.

    25

    Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941 жж)




    Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.

    26

    Қашаубаев Әміре (1888-1934 жж)




    Қазақтың атақты әншісі. Туған жері – Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы.

    27

    Рысқұлұлы Тұрар (1894-1938 жж)




    Мемлекет және қоғам қайраткері , Әулие ата уезіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы .

    28

    Сәтбаев Қаныш (1899-1964 жж)




    Аса көрнекті қазақ геологы , қоғам қайраткері , Қазақ КСР Ғылым академиясынұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі , қазақтың меттологения мектебінің негізін қалаушы.

    29

    Марғұлан Әлкей ( 1904-1985 жж)




    Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі , Қазақстанның ғылымға сіңірген қайраткері, профессор.

    30

    Момышұлы Бауыржан (1910-1982жж )




    Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері , халық қаһарманы , қазақтыі көрнекті жазушысы.

    31

    Қонаев Дінмұхамед (1912-1993 жж)




    Аса көрнекті мемлекетжәне қоғам қайраткері , үш мәрте Социалисттік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО , шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.

    32

    Назарбаев Нұрсұлтан (1940 жылы туылған)




    Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті .

    33-34

    Қорытынды









    Пайдаланған әдебиеттер:


    1. Қазақ тарихы




    1. Қазақстан энциклопедиясы.



    1. «Елтұтқа» Мырзатай Жолдасбекұлы,Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек.



    1. « Көрекм суретті Қазақстан тарихы» I ,II, III, IV томдар



    1. «Аңыз адам» журналы


    написать администратору сайта