Главная страница
Навигация по странице:

  • Раздольский симптомы

  • 2.

  • Воскресенский белгісі ("к

  • 8 .К

  • Симптомы аппендицита. Кюммель симптомы Ровзинг симптомы


    Скачать 0.64 Mb.
    НазваниеКюммель симптомы Ровзинг симптомы
    Дата15.10.2022
    Размер0.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСимптомы аппендицита.docx
    ТипДокументы
    #735057

    Аппендициттің негізгі симптомдары:

    • Кохер-Волкович симптомы

    • Кюммель симптомы

    • Ровзинг симптомы

    • Раздольский симптомы

    • Ситковский симптомы

    • Бартомье-Михельсон симптомы

    • Образцов симптомы

    • Воскресенский симптомы

    • Щеткин-Блюмберг симптомы

    1.Щеткин-Блюмберг белгісі.
    Белгіні анықтау әдісі: адамды шалқасынан жатқызып, зерттеуші оның оң жағынан орын алады. Одан соң ол ауру адамның аяғы тізе буынында сәл бүгілген қалыпта саусақтарымен пациенттің оң жақ мықын аймағын (Мак-Бурней нүктесі тұсын) жайлап басады. Сол кезде ауру сезімі байқалады, ал содан соң дәрігер саусақтарын аталған аймақтан тез тартып алса, ауру сезімінің күші басымырақ болып білінеді .






    2.Ровзинг белгісі. Анықтау әдісі: шалқалай жатқан пациенттің сол жак мықын тұсын екі-үш рет түртпелі қимылмен тез басқан сәтте, ауру сезімі оң жақ мықын жақта анықталады. Бұл белгі, автордың пікірінше, сол жақ мықынды түрте басқанда тоқ ішектегі ауа (газ) оң жаққа қарай ығысады да соқыр ішектің күмбезіне тіреліп, қабынған өсіндіні тітіркендіреді. Міне осы себептен ауру сезімі оң жақта пайда болады.



    3.Ситковский белгісі. Анықтау әдісі: ауру адамды сол жақ қырымен жатқызғанда оң жақ мықын тұсындағы ауру сезімі күшейе түседі. Оның себебі пациент сол жағымен жатқанда қабынған өсінді орнынан төмен карай жылжып, өзінің иннервациясы мол шажырқайын төмен тартып, созады. Бұл жағдай, өз кезегінде, ауру сезімін күшейте түседі.



    4. Воскресенский белгісі ("көйлек" немесе "сырғу" белгісі). Анықтау әдісі: дәрігер шалқасынан жатқан ауру адамның іш көйлегін (халатын) сол қолымен төмен тартып тұрып (сырғанау қимылы бөгетсіз өту үшін), оң қолдың екі — үш саусақтарының ұштарымен оң және сол жақ кабырға доғасы және эпигастрий тұстарынан бастап оң жақ мықынға қарай, белгілі жылдамдықпен сырғанау қимылын жасайды. Белгі оң нәтижелі болса, қимылдың соңында аталған аймақта ауру сезімі туады. Белгі өсіндідегі қабыну процесінің, сол аймақтағы ішастарға қарай өткенін аңғартады (жергілікті перитонит белгісі).



    5. Бартомье — Михельсон белгісі. Анықтау әдісі: ауру адамды сол жақ қырына жатқызып, оң жақ мықын тұсын пальпация тәсілімен зерттеу барысында ауру сезімі арта түседі. Бұл құбылыстың түсініктемесі мынандай: пациент сол жақ қырымен жатқанда қабынған өсінді іштің алдыңғы қабырғасына таман, яғни хирургтің саусақтарына қарай жақындайды, демек пальпация қабынған өсіндіге механикалық әсерді толығырақ тигізуге мүмкіндік туады. Демек ауру сезімі де анығырақ анықталады.



    6. Раздольский белгісі. Анықтау әдісі: пациент шалқасынан жатқызылып, іштің алдыңғы қабырғасының әр бөліктерін (оң және сол жақ қабырға асты, оң және сол жақ мықын аймақтары) салыстырмалы перкуссия тәсілімен зерттеу барысында ауру сезімі оң жақ мықын аймағында ғана туады.



    7. Образцов белгісі. Аныктау әдісі: шалқасынан жатқан пациенттің оң жақ мықын аймағын хирург саусақтарымен басады да, оған оң аяғын тік жазылған қалпында жәйләп жоғары көтеруін өтінеді. Осы сәтте ауру сезімі пайда болады немесе оның күші арта түседі. Оның себебі пациенттің аяғын көтеруге қатысатын бұлшық ет (m. ileo-psoas)



    8
    охер-Волкович — ауырсыну эпигастрийден немесе іштің жоғарғы бөлімінен оң жақ мықын аймағына таралады


    написать администратору сайта