Главная страница
Навигация по странице:

  • Қабылдаған

  • Жұмыстың мақсаты

  • Қысқаша теориялық кіріспе

  • Толқынның таралу жылдамдығы

  • Жұмыстың

  • Бақылау сұрақтары

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • 2-апта. лФараби атындаы аза лтты Университеті 4Зертханалы жмыс


    Скачать 66.92 Kb.
    НазваниелФараби атындаы аза лтты Университеті 4Зертханалы жмыс
    Дата24.12.2021
    Размер66.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2-апта.docx
    ТипДокументы
    #316805

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



    4-Зертханалық жұмыс

    Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау

    Орындаған: Валериева Ж

    Дакен Н

    Дүйсембай И

    Қабылдаған: Амренова А.У

    Алматы 2021

    4-Зертханалық жұмыс

    Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау

    Жұмыстың мақсаты: Судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

    Құрал жабдықтар: Зертханалық жұмыстарға, арналған ұзындығы 0,5-1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.

    Қысқаша теориялық кіріспе

    Суға лақтырылған тастың түскен жерінде пайда болады. Тас түскен жердегі су ығысады да, ол жерде ойыс пайда болады. Ойыс төңірегінде ығысқан су дөңгелек сақина пішінді өркеш түзеді. Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан-жағына қарай кеңейе отырып, тастың түскен жерінен алыстай бастайды. Біріншіден кейін екінші, содан соң үшінші, т.с.с. өркештер пайда болады. Өркештер бір-бірінен ойыстармен бөлінеді. Бұл процесс толқындық қозғалыс болып табылады. Мұндағы ең маңызды анықтап алатын жай — судың толқынмен бірге ығыспайтыны. Егер сол толқын бетіне суда қалқып жүретін кез келген денені (қалтқы, ойыншық қайық, тал қабығы, т. б.) тастасақ, онда олардың жағалауға жақындамайтынын, тек сол толқынның өркештеріне келгенде көтеріліп, ойыстарына келгенде төмен түсіп, тербеліп қана тұратынын байқауға болады.

    Тербелістің ортада таралу процесін толқындық қозғалыс деп, ал өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер жиынтығын толқын депатайды. Тербеліс таралған кезде энергия қоршаған ортаға беріледі, сондықтан үздіксіз толқын таралу үшін сол серпімді ортада орналасқан тербеліс көзі болу керек. Толқындық қозғалыс кезінде кеңістіктің бір аумағынан екінші аумағына бөлшектер емес энергия тасымалданады. Егер ортаның бір бөлшегі тербемелі қозғалыс күйіне келсе, онда дәл осы күйге сол жүйемен байланысқан барлық жүйенің де бөлшектері тербемелі қозғалысқа келеді, бірақ уақыт бойынша кешігеді.

    Толқындық қозғалыстарды сипаттау үшін екі физикалық шама - толқынның ұзындығы және таралу жылдамдығы енгізілген. Толқын ұзындығын гректің λ әрпімен белгілейді. Толқын ұзындығы — Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз. Толқынның таралу жылдамдығы - тербелістің бірлік уақытында толқынның қандай қашықтыққа таралғанын көрсететін физикалық шама, яғни

    ν=λ/Т

    Механикалық толқын серпімді ортада таралатындықтан, оның таралу жылдамдығы ортаның қасиетіне байланысты. Толқынның бір ортадан екінші бір ортаға өтуі кезінде оның жылдамдығы өзгереді.

    Ал Т тербеліс периоды ν тербеліс жиілігімен Т = 1/ν қатынасы арқылы байланысатындығын еске түсірсек, онда толқын жылдамдығы

    v=λν өрнегімен анықталады.

    Жұмыстың барысы:

    1. Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.

    2. Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар,ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.

    3. Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.

    4. Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.

    5. Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.

    6. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.



    Тәжірибе реті

    Уақыт,

    t

    Уақыттың орташа мәні,

    Қашықтық,

    l,м

    Толқын жылдамдығы, ,м/с

    1.

    1,64




    0.20

    0.122

    2.

    1,51




    0.15

    0.099

    3.

    1,05

    1.106

    0.10

    0.095

    4.

    0,79




    0.5

    0.633

    5.

    0,54




    0.3

    0.556









    Қорытынды:

    Судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтадық. Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйдық.Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салып,кейін оның қарсы шетінен су бетіне ауыр затты тастап жібердік. Осы кезде пайда болған толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алып дәптерге жазып тұрдық. Тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтадық. Уақыт және таралу жылдамдық арқылы қателік таптық.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Толқын дегеніміз не?

    2. Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

    3. Толқынның таралу жылдамдығы 

    4. Толқын ұзындығы

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    1 Башарулы Р , Атамұра 2017 жыл

    2 https://kk.wikipedia.org/wiki/ Толқындық қозғалыс


    написать администратору сайта