Әлеуметтану №2 СӨЖ. л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Философия жне саясаттану Кафедрасы Педогогика и психология
Скачать 62.27 Kb.
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Факультеті «Философия және саясаттану» Кафедрасы «Педогогика и психология» СӨЖ Тақырыбы: "Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері" Орындаған:Кемалхан Ақбаян Тексерген:А.Омарова Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері Жоспар: 1.Кіріспе 2.Әлеуметтік теңсіздік себептері,салдары 3.Елдердің дамуы бойынша бөлінуі 4.Б.Бербердің тенсіздік тудыратын критерийлері 5.Қорытынды Әлеуметтік теңсіздік-бұлқазіргі қоғамда болып жатқан үлкен мәселе.Яғни қоғамдағы топтарды мүмкіншіліктеріне,артықшылықтарына,құқықтарына сай бөлу.Әлеуметтік теңсіздік ұғымы адам баласы пайда болғаннан бері қолданылып келеді,себебі,сол замандағы құлдық,қысымшылық басып алу қоғамдық топты басып алушылар, бағынушылар деп екі топқа бөледі.Ал қазіргі заманда бұл ұғымды біз белгілі бір баспалдақ схема түрінде сипаттайтын болсақ,ең төменгі топқа көбінесе зұлымдыққа ұшырайтын,кедейлік проблемасы бар адамдарды үстіңгі топқа бай,беделді адамдарды жатқызамыз. Әлеуметтік теңсіздік ұғымына тек табыс көлемі ғана емес сол елдердің денсаулық жағдайы,мемлекеттік жағдайдағы орны,білім сапасы да қарастырылады.Теңсіздік көбінесе мемлекеттер ішінде, мемлекеттер арсында болады.Жаппай теңсіздік негізі ел ішіндегі саяси тұрақсыздыққа,салауатты,бақытты өмір сүру деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Сондықтан әр мемлекет бай болсын, кедей болсын, халықаралық деңгейде теңсіздікті бәсеңдетуді қолдайды.Сондықтан мемлекет халықтың біркелкі дамуы үшін даму жоспарларын ұйымдастырады.Даму-төменгі нәтижені жою,жоғарғы деңгейге жетуді көздейді.Яғни даму әлеуметтік теңсізікті шешуде маңызды рөл атқарады.Яғни мемлекет даму үстінде жеткен жетістіктері қоғамның еңбек өнімділігін жетілдіруге және өмір сүру ұзақтығына, өмір сүруге қажетті материалдық игіліктердің болуына, білім алу саласының кеңеюіне, тұрғын үй құрылысының жақсаруына және тұтыну тауарларының сапасы артуына септігін тигізеді.Бірақ даму нақты тұрақты процесс емес.Себебі қазір Корея дамыған елдер қатарына қосылып жатыр,ал АҚШ,Жапония сияқты елдер ендігі дамып жетіліп тоқтап қалған елдер қатарында. Халықаралық деңгейдегі теңсіздік қазіргі таңда елдердің статистикалық картасында бейнеледі.Ол көрсеткіш елдердің білім сапасына,материалдық жағдайына,денсаулық жағдайына,өмір сүру ұзақтығына қарай есептеледі .Осыған байланысты елдер 3 топқа бөліп қарастырылады.Олар: 1)Қарқынды дамыған елдер 2)Орташа дамыған елдер 3)Төмен дамыған елдер Қарқынды дамыған елдер-елеулі экономикасымен,шикізат көлемімен,саяси тәуелсіздігімен белгілі бай мемлекеттер.Яғни ол елдер дүниежүзілік халық санының көп бөлігін,әлемдік жалпы өнім мен автомобиль шығару бойынша да жоғары орындарда тұрады. Орташа дамыған елдер-саяси экономикада орта шеттен орын алатын елдер.Яғни бұл елдердің өмір сүру ұзақтығы,өнім мөлшері қарқынды дамыған елдерден салыстырғанда төмен,төмен дамыған елдермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш көрсетеді. Төмен дамыған елдер-ел ішіндегі кедейлік,аштық,саяси әлсіздігімен белгілі,даму көрсеткіші төмен елдер. Қазіргі қоғамдағы теңсіздік –бұл ажырамас қасиет.Осы бойынша американдық әлеументтанушы Б.Барбер теңсізікке алып келетін себептерді нақты 6 критерий бойынша бөлді: 1)Биліктің болуы 2)Байлық пен табыс 3)Діни бағыт 4)Білімнің болуы,білімге ие болу 5)Бір немесе басқа этникалық топқа ,ұлтқа тиесілі 6)Белгілі мамандық түрлері Халықаралық теңсіздіктің негізгі белгілері еңбек бөлінісі сияқты құбылыста байқалады.Халықаралық дәрежедегі теңсіздік –қазіргі таңда нәсілшілдік,ксенофобия,гендерлік дискриминация.Бірақ осы мәселелердің ең маңыздысы ол-халықтың әртүрлі табысы.Және бұл көптеген жылдаран бері өзгеріссіз келеді.Қалалық,ауылдық жұмыс көрсеткіші бойынша қалада жұмыс түрлері көп және жалақысы жақсы,ауылда жұмыс түрлері қиын жалақысы қаладан қарағанда төмен.Осыған байланысты мемлкеттің де табыс мөлшері өзгеріп отырады.Сондықтан ел ішіндегі табыс мөлшері халықаралық деңгейдегі теңсіздікке алып келетін көрсеткіш ретінде қарастырылады.Қорытындылай келгенде,халықаралық денгейдегі теңсіздік көрсеткіші адами әрекеттер негізінде өлшенеді.Яғни біз осы халықаралық деңгейде теңсіздікті тудырмау үшін құқықтық теңдікті,ресурстық теңдікті,экономикалық және әлеуметтік теңдікті қатар ала жүруіміз қажет. |