ТМД елдерінің саяси жүйесі. Саясаттану СРС-3. лФараби атындаы аза лтты университеті Шыыстану факультеті
Скачать 354.37 Kb.
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Турксой кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің саяси жүйесі» Орындаған:______________________ Тексерген: доцент Инкарбаев Есенай Алматы-2021 Жоспар: Кіріспе Ресейдің саяси жүйесі Қазақстан саяси жүйесі Ресей мен Қазақстан саяси жүйелерін талдау Қорытынды Осыдан 30 жыл бұрын «ешқашан бөлінбейді» деген Кеңес Одағы ақыры бөлініп, ғасырға жуық өмір сүрген тарихы шегіне жетті. Одақтағы барлық мемлекеттер, яғни 15 мемлекеттің әрқайсысы ( РСФСР; Украин КСР; Белорус ССР; Молдавиялық КСР; Қазақ КСР ; Түрікмен ССР; Тәжік ССР; Өзбек ССР; Қырғыз ССР ; Литва ССР; Латвия ССР; Эстон ССР; Грузин ССР; Армян КСР; Әзірбайжан КСР ) толық дербес мемлекет атанып, тәуелсіздікке қол жеткізді. Алайда бұл мемлекеттің 12-сі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атты одаққа бірікті. Олар: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан. Осыған байланысты барлық ТМД елдерінің түбірі КСРО-дан шыққандықтан, бұл елдердің саяси жүйелері бір-біріне өте ұқсас, себебі Ресей оларға барынша ықпал жасауға тырысқан. Ал мен Ресей мен Қазақстанның саяси жүйелерін салыстыратын боламын, онымен қоса бұл екі ел ТМД-дағы басқа елдерге қарағанда ең қуатты елдер болып есептеледі. Ресейдің саяси жүйесі. Ресей – республикалық басқару нысаны бар демократиялық федералды мемлекет. Федерация аумақтардан, облыс, маңызы бар қалалардан, автономиялық округтерден құралған. Мемлекеттік жүйесі дәл Қазақстан секілді Заң шығарушы, Атқарушы және Сот деп үшке бөлінген. Заң шығарушы орган - Федералдық жиналыс, оның өзі Федералды кеңес және Мемлекеттік Дума деп екі палатаға бөлінеді. Атқарушы билік Үкіметтің қолында және сот істерін арнайы мекемелер басқарады, мысалы Конституционалды Сот және Жоғарғы Сот. Мемлекет басышысы – Президент. Ол өз кезегінде елдің тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігінің сақталуына жауап береді. Және де Федералдық заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Ресей Федерациясының Президенті мемлекет басшысы ретінде ел ішінде және халықаралық қатынастарда Ресей Федерациясының атынан өкілдік етеді. Ресей Федерациясының Президентін Ресей Федерациясының азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы алты жыл мерзімге сайлайды. Сонымен қатар ол - Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады. Қазақстан саяси жүйесі. Негізінен Қазақстанның саяси жүйесі біршама шиеленісті болды, себебі Ресей өзінен бөлінген мемлекеттерге саяси жағынан қысым жасаған. Мысалы, Қазақстандағы ірі орыс диаспоралары Ресейден қолдау алып, өздерінің саяси партияларын құра бастады; тіпті қазақ ұлтының өзін – өзі билеуі туралы бапты алып тастауды талап етті, алайда бұл орындаусыз қалдырылды. Тағы бір мәселенің бірі – діни секталардың көбеюі, яғни әр жерден оралмандар оралып, бір ғана ислам дінінің түрлі тармақтарының адамдары да болды. Содан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары террористік ұйымдар қауіп төндірді. Қазақстанның саяси жүйесінің типологиясын бәсекелестіктің жоқтығымен байланыстырамыз. Себебі бізде сайлау болғанда, жаңа саяси топтардың немесе партиялардың пайда болу ықтималдығы төменгі деңгейде десек те болады. Дегенмен, Ресей мен Қазақстандағы саяси элитаның трансформациясына байланысты басқа елдерден белгілейтін ерекшелік – саяси шешім қабылдауға қатысатын саясат субъектілерінің санына байланыстылығы. Яғни, саяси партиялардың саяси шешімдер қабылдауы оңайға түспейді, себебі Мәжілістің өзінің стратегиялық шешімдер қабылдау өкілеттігі шектелген. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы да жергілікті басқару мәселесін айналып өте алмады. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы Ресеймен бірдей десек те болады. Қазақстан – Президенттік Республика, унитарлы мемлекет. Мемлекетті Президент басқарады. Биліктің үш түрі бар: Заң шығарушы, Атқарушы және Сот биліктері. Атқарушы билікті Үкімет атқарады. Заң шығарушы билік парламент мойнында, Парламенттің өзі жоғарғы және төменгі деп бөлінеді. Жоғарғы палата – Сенат; төменгі палата – Мәжіліс. Ресей мен Қазақстанның ұқсастықтарының көп екендігі сөзсіз. Себеп ретінде бұл екі мемлекеттін генетикалық және этникалық, саяси мәдениет және менталитеттері секілді бірегейлігін айтсақ болады. Генетикалық дегенім олардың бір кеңестік одақтан шыққандығы. Бұдан бөлек Ресей мен Қазақстаннын геосаяси жағдайы да өте ұқсайды. Жоғарыда айтқандай екі ел ТМД елдері және бұрынғы Кеңестік Одақ елдері арасындағы ең аумағы үлкен елдер. Және де тағы бір ұқсастығы – өркениеттердің полюстерінің арасында транзиттік орналасқандығы. Посткеңестік кеңістікте Ресейден басқа держава рөліндегі үлкен ойыншыларға Қазақстан, Украина, Өзбекстанды айта аламыз, себебі олар ерекше мәдени және өркениеттік аймақта орналасқан. КСРО елдерінің ішінде Қазақстан басқаларына қарағанда көп қиыншылық көрген, мысалы әлеуметтік эксперименттер айлағына айналды және интернационалданудың толқындарын басынан кешірді. Біріншісі – репрессияға ұшырауы болса, екіншісі – тың игеру жылдарында болды. Мұның салдары ретінде этно-демографиялық және әлеуметтік-саяси трансформацияны бастан кешірді. Бұл оны Ресей Федерациясына халықтың көп ұлттылығының түрі бойынша ғана емес, сонымен бірге жаңғырту процестерінің сипаты мен векторы бойынша да жақындатты. Осылайша Қазақстан тәуелсіздік алған соң алғашында Горбачевтың саяси моделінен, яғни тоталитаризмнен біртіндеп авторитаризмге көшті. Көріп отырғанымыздай, мәселен Ресей жергілікті басқару органдарын реформалау барысында тарихи қалыптасқан басқару түрлерінің ішінен толық дербес түрін таңдаса, ал Қазақстан аралас түріне таңдау жасағанымен бірінші түрден алыс кете алмай отыр. Бірақ Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесін реформалау толық аяқталған жоқ. Оның бір себебі, мемлекет басшыларының өтпелі кезеңге байланысты ұстанған конституциялық құрылымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға «біртіндеп бейімдеу», ұйымдық және функционалдық жағынан бөлінген, күшті теңдестірілген біртұтас мемлекеттік биліктің қажеттілігіне байланысты болды. Бірақ, Қазақстан жағдайындағы біртіндеп бейімделу тым ұзаққа созылып отыр. Мысалы, 1996 жылы жобасы дайын болған «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң 2001 жылы қабылданса, ал сол кезде жобасы дайындалған «Өзін-өзі басқару» туралы заң әлі күнге қабылданған жоқ. Дегенмен Қазақстанда өзін-өзі басқарудың дамуына біршама жағдай жасалған. Біріншіден, Қазақстандағы экономикалық реформалар Ресейге қарағанда біршама түбегейлі жүргізілгендіктен, демократиялық өзгерістерге қоғам дайын деп есептеуге болады. Екіншіден, Қазақстанда коммуналдық-шаруашылық реформаның толық жүзеге асуына байланысты өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеуіне экономикалық негіз жасалған. Қорытынды. Мен Ресейді және Қазақстанның саяси жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын аштым деп ойлаймын. Екі мемлекеттің түбі бір болғандықтан, олар саяси құрылымы бойынша ұқсастықтары өте көп болады. Бұдан шығатыны, транзиттің ең қиын кезеңінде бірде-бір саяси режим немесе бірде-бір саяси жүйе кепілдік берілмеген, бар қиындықтарға қарамастан, Қазақстандағы саяси дамудың эволюциялық моделі өзінің әлеуетін пайдаланған. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп түсінген жөн. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Қалай болғанда да, Қазақстандағы саяси жүйенің жай-күйі мен динамикасының жағдайы оның дамуының эволюциялық моделін үзудің болмай қоймайтындығы туралы болжамым бар. |