Техника безопасности. қауіпсіздік техникасының ережелері. Лабораторияда жмыс істегенде ауіпсіздік техникасыны ережелері
Скачать 14.64 Kb.
|
Лабораторияда жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелері 1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жүргізілетін тәжірибелердің барлығы ауа сорғыш шкафта істелінуі тиіс. 2. Бөлініп жатқан газды ыдысқа жақындап иіскеуге болмайды. 3. Қышқылдарды сұйылтқан кезде қыщқылға суды емес керісінше суға қышқыл қосу қажет. 4. Реактивтерді қйып жатқан кезде бетіне немесе киіміне шашырап кетпес үшін ыдысқа еңкейіп тұруға болмайды. 5. Пробирканы қыздырып жатып аузын өзіне немесе қасындағы жолдасына қаратуға болмайды. 6. Егер бетке немесе қолға сұйық таматын болса сол мезетте сумен жуып тастау керек. Күшті қышқылдың тамшыларын судың көп мөлшерімен жуып болған соң сұйытылған сода ерітіндісімен шайқау керек. Ал сілті тамған жерді сумен әбден тайғанақтағаны кеткенше жуу қажет. 7. Оңай тұтанатын ұшқыш заттамен жұмыс істегенде, оттан алыстау жерде не болмаса ауа сорғыш шкафтың астында істеу қажет. 8. Жанған бензин, спирт, эфирді сөндіру үшін жанып жатқан отқа құм себу керек. 9. Күйіп қалған жағдайда, күйген жерді калий перманганаты арітіндісі батырылған мақтамен немесе құрғақ калий перманганаты кристалдарымен сүрту қажет. 10. Қатты уланған және күйген жағдайда дәрігерге көріну қажет. 11. Лабораториядан кетер кезде газ түтікшелерінің жабық екенін тексеру қажет. Реактивтерді қолданғанда келесі ережелерді сақтау қажет. Тәжірибеде реактивтің мөлшері көрсетілмесе, реактивті өте аз мөлшерде қолдану қажет. Реактивтің артық мөлшерін қайтадан алынған ыдысына салуға немесе құюға болмайды Реактивті қолданып болысымен ыдыстың қақпағын жауып орнына қою керек. Құрғақ реактивтерді әр уақытта фарфордан немесе металдан жасалған құрғақ , әрі таза қасықтамен алу қажет. Қолданып болған соң оларды тазалап қою қажет. Егер реактив тамшуырмен (пипеткамен) алынса оны жумастан басқа ыдысқа салуға болмайды. Улы және оңай тұтанатын заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін толық сақтаған жөн. |