мін Лабораториялық зерттеу әдістері. Лабораториялы зерттеу дістері
Скачать 0.71 Mb.
|
Лабораториялық зерттеу әдістері. Лабораториялық зерттеу әдістері науқасты зерттеудің өте маңызы қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда, науқастың жағдайын бағалауда шешуші роль атқарады. Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелері биологиялық материалды дұрыс алу ережелеріне байланысты болып келеді. Зерттеуге қан, бөлінділер /зәр, нәжіс, қақырық/, асқазан 12 елі ішек сөлі, өт, жұлын сұйықтығы, экссудаттар, транссудаттар, пунктаттар, мұрын және жұтқыншақтан жағынды т.б. алынады. Кейбір зерттеулер барлық науқастарға жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі Лабораторлық зерттеу әдістері : Клиникалық қан анализі Биохимиялық қан анализі Коагулограмма Адамның хориондық гонадотропинге антидененің анықталуы • Жалпы зәр анализі Нечипоренко бойынша зәр анлизі Зимницкий бойынша зәр анализі Реберг сынамасы Ақуызды анықтау үшін тәуліктік зәр анализі Диурезді есептеу Зәрді бактериологиялық зерттеу Зертханалық зерттеулерге қанды алу. Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық. Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты – қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау. Дені сау адамның өзінде қанның құрамы тәулік ішінде тамақтың, физикалық жүктемелердің, ішке қабылдаған сұйықтықтың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жалпы клиникалық зерттеуге қан саусақтан (лаборант алады) таңертең ашқарынға алынады. Биохимиялық зерттеу кезінде қандағы кейбір заттар (қандағы глюкоза, билирубин, холестерин, белок т.б.) анықталады. Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет. Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған кездегі мейірбикенің атқаратын іс- әрекеттері: Қолды сабындап жуу. Электроқұрғатқыш немесе орамалмен құрғату. Қолды спиртке батырылған мақта шариктерімен өңдеу (біреуі алақанды, Екіншісі алақанның сыртқы бетін). Қолды саусақтар ұшынан бастап Білезікке қарай бағытта өңдеу.Қолғапты киіп, емделушінің шынтақ сүйегінің астына жастықшаны Салыңыз. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыңыз; қолғапты Спиртпен өңдеңіз. Емделушінің жұдырығын “ашып-жауып” жұмыс істеуін сұраңыз. Теріні спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеңіз. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту Керек. /Бұл жағдайда емделушінің қолы жұдырыққа түюлі/ Көк тамырға иньекция жасап керекті мөлшерде қанды алыңыз /5-10мл/. Бұрауды алып, емделуші жұдырығын ашуын сұрау керек. Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені Шығарып алу керек. Емделушіден 5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз. Қанды пробиркаға салып жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз. Қанды бактериологиялық зерттеуге алу іс-әрекеттері жоғарғыдай, бірақ қан стерильді тығыны бар пробиркаға алынады. Жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберу қажет. Жабдықталуы :Стерильді астауша /мақта шариктері, салфеткалармен /, пинцет стерильді шыны пенициллин флакондары /консервантсыз/, резеңке тығынымен, контейнер, су моншасы 45С, парафин, контейнерді тасымалдау үшін мақта поролон салынған бикс, шыныға жазу үшін арнайы қалам, спирт 70% ; бұрау, жастықша, 30% хлорамин, астауша, 2 нұсқа жолдама және олар үшін целлофанды пакет. Мейірбикенің іс-әрекеттері: Қолды жуу кептіру, арнайы киім киіп, венепункция үшін науқасты Ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу. Шприцті алып, венепункция жасаңыз. Күре тамырдан 3-5 мл қанды алып, Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені Шығарып алу керек. Емделушіден 3-5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз. Қанды стерильді флаконға салып, стерилденген тығынмен жауып, Номерлеу қажет. Флакон тығынын ерітілген балауызбен /парафин – су моншасында /Өңдеңіз. Флаконды металл контейнерге орналастырыңыз, контейнерді, Герметикалық лейкопластырмен жабыңыз. Тампонды дез. Ерітіндіге тастаңыз. Қақырықты бактериологиялық зерттеу Қақырықты бактериологиялық зерттеу ауру қоздырғышын анықтау және антибиотиктерді эффективті таңдау үшін жүргізіледі. Жабдықталуы: стерильді мойыны кең шыны ыдыс /бактериологиялық зертханадан алынған/, крафт-қағаздан қақпағымен, ыдыста қоректі орта болуы тиіс. Мейірбике іс -әрекеті: Науқасқа қақырық таңертеңгілік, ашқарынға алатындығын түсіндіру Қажет. Науқас қақырық жинаған кезде стерильді ыдыстың қабырғаларына Қолы мен ауызын тигізбей қақырығын тастаған соң жылдам қақпағын Жабу керек. Қақырық 1-1,5 сағатқа дейін бактериологиялық зертханаға контейнермен Жіберіледі. Атипиялық жасушаларға қақырықты зерттеу Көрсетпе: қатерлі ісікке күдіктенгенде. Жабдықтау: құрғақ, таза шыны ыдыс. Мейірбикенің іс-әрекеті 1. Зертханалық ыдысты дайындау. 2. Жолдама жазып оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту. 3. Кешке емделушіге түсіндіріп, дайын ыдысты беру. 4. Науқас таңертең сағат 8.00-де аш қарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет таза шыны ыдысқа қақырықты жинайды. 5. Мейірбике сағат 8.30-да зертханаға қақырық жиналған ыдысты жібереді. Ескерту. Атипиялық жасушалар тез жойылады, сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек. Қақырықтың тәуліктік мөлшерін анықтау Жабдықтау: құрғақ, таза мөлшерленген қалта түкіргіш. Мейірбикенің іс-әрекеті: 1. Емделушіге қалта түкіргішін беріп түсіндіру. 2. Науқас түкіргішке таңғы сағат 8.00-ден ертеңгі күні сағат 8.00-ге дейін қақырықты жинайды. Мейірбике түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшерін жазып алады. Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілейді. Ескерту. Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеледі. Ахметов А. А тәуліктік қақырық мөлшері: Күні: мөлшері: 17/3 100,0 18/3 25,0 19/3 25,0 Қ ақырық пен қалта түкіргішті залалсыздандыру Зертханалық зерттеу әдістері Зертханалық зерттеу . әдістері пациенттерді зерттеудің өте маңызды қосымша әдістерінің бірі болып саналады . Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда , пациенттің жағдайын бағалауда шешуші рөл атқарады . ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ Зертханалық тексеру әдістері Зәрді зерттеу : жалпы тексерісі – мөлшері , түсі , меншікті салмағы , құрамында – белок ; тұнбасында қан элементтері –Эр . , Л. , эпителийлер ( сопақша , цилиндрлік ) , тұздар , кілегейлер , ірің ; бактериялогиялық және бактерияскопиялық зерттеу – қабынулық себебін , жұқпалар түрін ( таяқшалар , коккалар ) және антибиотиктарға сезімталдығын анықтау құрамындағы қан элемен енттері мен эпителий санын анықтау : Нечипоренко ( эритроциттер , лейкоциттер , цилиндрлер ) Аддиса – Каковский ( эритроциттер , лейкоциттер , цилиндрлер ) сынақтары Зимницкий сынағы – зәр арқылы бүйректің концентрациялық қызметін анықтау анықталатын көрсеткіш – зәрдің меншікті салмағының тәулік бойында 3 сағат аралықтағы өзгерісі ( 8 мөлшері алынады ) және тәуліктік зәр мөлшері , күндізгі мен түнгі дәрет тепе – теңдігі анықталады . Реберг сынағы -шумақтық фильтрация көлемі мен судың кері сіңірілу деңгейі анықталады – бүйректің 1минутте тазартып шығаратын плазма көлемі креатинин мөлшері арқылы есептеледі . Зертханалық тексеру әдістері Қанды зерттеу – қанның жалпы анализі –ЭТЖ , Л – тоз , анемия белгілері ; қанның биохимиялық анализі -азот алмасуының қалдық заттарры -креатине , қалдық азот , мочевина. |