Қоршаған орта. Ластанумен байланысты сияты, біра мндай кзарастар салыстырмалы жаынан араанда онша дрыс емес. Мысалы, кдімгі ас тзы ауыз суыны рамында болса ол ластандырыш
Скачать 55.92 Kb.
|
6. Тірі зат космос энергиясының белсенді тасымалдануы оның максималды көбеюімен, барлық мүмкін болатын кеңістікті толтыруымен қоса жүреді. Бұл процесті В.И.Вернадский « Өмірдің қысымы »деп атайды. |
7. Химиялық элементтердің бөлу формалары –тау жыныстары, минералдар, магма, шашыраған элементтер және тірі зат. Жер бетінде үнемі заттардың өзгерістері, айналымы, атомдар мен молекулалардың қозғалысы болып жатады. |
8. Біздің планетамызда тіршіліктің таралуы жасыл өсімдіктердің тұрақтылық өрісімен анықталады. Тіршіліктің максималды өрісі организмдердің өмір сүруінің шектерімен шектеледі, бұл өріс тірі затты құрайтын химиялық қосылыстардың ортаның белгілі бір жағдайларына төзімділігіне тәуелді. |
9. Биосферадағы тірі заттардың мөлшері тұрақты, ол атмосферадағы газдардың, ең бірінші оттектің, мөлшеріне сәйкес болады. |
10. Кез –келген жүйе орнықты тепе-теңдікке келеді, ол кезде жүйенің еркін энергиясы нөлге жақындайды. |
|
Ноосфера-биосфера дамуының жоғарғы сатысы. |
|
В.И.Вернадский еңбектерінде биосфераның эволюциясы туралы көзқарастары ерекше оын алады. Ол биосфера дамуының үш кезеңін қарастырады. |
Бірінші кезең заттардың биотикалық айналымы болатын алғашқы биосфераның пайда болуы. Бұл кезеңдегі қозғаушы факторлар-Жердегі геологиялық және климаттық (ауа райы) өзгерістер. |
Екінші кезең-бірклеткалы және көп клеткалы эукариотты организмдердің пайда болуының нәтижесінде биосфера құрылымының күрделіленуі. Мұнда қозғаушы күштің рөлін биологиялық эволюция атқарады. |
Үшінші кезең-адамзат қауымының пайда болуы, сөйтіп биосфераның біртіндеп ноосфераға айналуы. Бұл кезеңнің қозғаушы факторы адам баласының ақыл-оймен жүргізетін заттың бір-бірімен байланысының ұтымды реттелуі. |
Соңғы кездерде ноосфера термині (грек, « ноос» ақыл-ой) кең таралып келеді. Бұл терминді тұңғыш рет француз ғалымы Э.Леруа және П.Тейяр де Шарден (1937) енгізген. Ал В.И. Вернадский ноосфера деген түсінікті табиғат пен қоғам байланысынан туатын жаңа форма ретінде әрі қарай дамытты. Бұл форма табиғат заңдарымен ақыл-ойдың және әлеуметтік-экономикалық заңдардың тығыз байланыстылығымен сипатталады. Қазіргі кезде ноосфераның қалыптасуына табиғи процестермен қатар, адам баласының тигізетін әсері үлкен. |
Біздің заманымыздағы биосфера тірі және сірескен (косное) заттардың ұзақ уақыт бойы эволюциялық процесінің нәтижесінде қалыптасты. Биосфера дамуындағы адамның рөлі ең алдымен биоәлеуметтік табиғатымен анықталады. Адамның гетеротрофты организм ретінде өмір сүруі органикалық азықтық тағамдармен , ауамен, сумен т.с.с. байланысты. Сонымен қатар, адам баласының тірі табиғаттың ішінде ерекше маңызды қасиеттері бар олар ақыл-ойы, еңбек ету қабілеті, шығармашылық әрекеті және өндірістік қарым-қатынасы. |
Ерте заманда өмір сүрген адамдардың іс-әрекеттері биосферадағы тепе-теңдікке ешқандай әсерін тигізген жоқ. Адам баласы пайдаланған ресурстар, адамдардың тіршілік өнімдері, басқа да тірі организмдердің тіршілік өнімдері сияқты, жалпы зат айналымында болды. Бірте-бірте адамдардың іс-әрекеттері өмір сүрген ортаның жағдайларына бейімделген ғана болмай, ақыл-ойдың нәтижесінде қоршаған табиғатты өзгерте бастады. |
Адамдар өсімдіктер мен жануарлардың табиғи түрлерін көбейту мақсатында көптеген жаңа сорттарын шығарады, сонымен қатар көптеген түрлер жоғалды немесе жоғалудың қасында болды (дронт, стеллер сиыры, кезбе кептерлер және т.б.) |
Қазір адамдардың іс-әрекеті табиғат пен биосферадағы тепе-теңдікті бұзатын күшті экологиялық факторларға айналып қоршаған табиғатқа адамдардың әсері қазіргі кезде планетарлық масштабқа жетті. |
Адам әрекетінің нәтижесәнде климат, ланшафт, атмосфераның құрамы, тірі жануарлардың түрлері мен сандары өзгеріске ұшырады. Ағаштарды жаппай кесудің нәтижесінде атмосфераға оттектің бөлінуі және көмірқышқыл газының қайта пайдаланылуы азайып, жерқыртысының эрозиясы, климат өзгерісі, су жүйелерінің бұзылуы байқалады. Органикалық жанармайдың жануы әсерінен атмоферадағы оттектің құрамы, азаяды (мысалы, автокөліктің 100 км. жол жүруіне бір адамның бір жылда пайдаланатын оттек жұмсалады). |
Соңғы кезде атмосферада көмірқышқыл газының өнеркәсіп шаң-тозаңының көбейгені байқалады. Соның әсерінен «парниктік эффектінің» (булану, жылулану эффектісі) пайда болуы жылудың жер бетінен космосқа таралуының бұзылуы байқалады, планетада климаттың бірте-бірте жылынуын туғызады. Жыл сайын атмосфераға миллиондаған тонна ласталған заттар келіп түсті. |
Ерекше қауіптілікті күкіртті газ тудырады, ол су буларымен қосылып қышқылдық жаңбырлары жаууның себебі болады. Біздің планетамызда су жүйелерінің нашарлау жерді суландыру (ирригация) шалшық суларды кептіріп жерді тазалау (мелкорация) жұмыстары кезінде білінеді. |
Жерасты суларының азаюы; кіші –гірім өзенднрдің жоғлуы, ірі өзендердің жоғалуы, ірі суаттардың кеуіп қалуы байқалады (мысалы, Жер беті мен Арал теңізі жоғалды). Адамның Атмосфераға айтарлықтай әсері бар , мысалы, ауылшаруашылығына қажеттілік үшін жерді жырту (қазіргі егістікке жердің 30% пайдаланылады) топырақтың эрозиясын, оның тұздануын, жер асты суларының көтерілуін тудырады. Адамдар биосферамен біртұтас жүйеде болмайтын, жаңа энергия қорларын бермейтін техносфераны жасап жатыр. Сөйтіп, адамзат әрекеті экологиялық тепе-теңдікке, биосфераға қауіпт төндіруде. |
Экологиялық тоқыраудан шығудың жолы - Жерде ноосфераны қалыптастыру. В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі оның ғылыми еңбектерінң нәтижесі. |
Ол былай деп жазған: |
«бір кезде биосфера ақыл-ой сферарасы - ноосфераға ауысады». |
Ұлы бірлестік болады, соның нәтижесінде планетаның дамуы ақыл-ойдың күшіне бағынады. Жерде ноосфераның қалыптасуы туралы өзінің аяқталған « Научная мысль как планетная явление» деген еңбегінде жан-жақты көрсеткен. |
Биосфераның ноосфераға (ақыл-ой сферасына) ауысуын қарастыра отырып, И.В. Вернадский ноосфераның қалыптасуының нақты шарттарын көрсетті. Олар: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ноосфера-биосфера дамуының ең жоғарғ сатысы; бұл сатыда адамдардың көркейту әрекетін табиғат дамуының жалпы заңдарын ескере отырып, табиғи және әлеуметтік процестерді ғылыми тұрғыдан түсінуге негізделеді. Ноосфераның қалыптасуы стихиялық емес, оның қалыптасуына ажамдардың саналы түрдегі іс-әрекеті, табиғатқа ақыл-ойдың белсенді араласуы қажет. Биосфераның өзгерістері адам мұқтажымен байланысты болуы қажет, бірақ биосфераның өзіне зиян келмеуі керек. Адам мен биосфераның осындай қарым-қатынасы коэволюция деп аталады. |
Ноосфераның құрылымы мынадай компоненттерден тұрады: адамзат, ғылыми білімдердің жиынтығы, биосферамен тұтастықта болатын техника және технология. |
Ноосфера адамзаттың тіршілігін ғана емес, экосфераның тірі және өлі табиғаттарының үйлесімді сақталуын, биогеоценоздағы органикалық организмдер ресурстарының сақталуымен бірге табиғаттың сақталуын қарастырады. |
В.И. Вернадскийдің идеясы қазіргі замандағы тұрақты даму концепциясыда айтылады. |
Адамзаттың мәдени дамуын өзінің қиын-қыстау деңгейіне (критический уровень) жетті, бұл деңгейден кейін дамудың жаңа сапалы сатысы басталуы мүмкін, немесе дамудың апатқа ұшырауы да мүмкін. Тұрақты даму кезінде табиғат ресурстарының тұтынуы мен өндірілуі арасында теңдік (баланс) орнайды және әл-ауқаттың өсуі мен әлеуметтік қаралуды, жеке адамның гармоникалық дамуының тұрақты түрде жоғарылауы қамтамасыз етіледі. |
Тұрақты даму-экономиканың өсу қарқынының үдемелі қозғалысы, мұндай көзқараста қоршаған ортаға жасалатын қысым оның қасиеттерін қайта жақсартумен теңдесуі керек. Ноосфералық көркейтулер адамзаттан рационалды (орынды, ұтымды) ойлауды, алдын-ала ғылыми болжауды, экология, эконогмика және саясаттың бірлігін сақтауды талап етеді. |
Ноосфера- биосфераның сапалы жаңа күйі, ол ылғи да эволюциялық дамуда болады. |
|
Дәріс3. |
Атмосфера – биосфераның механизмін реттеуші. Атмосфераның құрылысы, ерешеліктері |
Сыртқы ірі планеталар, күннен алысырақ орналасқандықтан тығыздығы аз газдардан құралады, бұл газдардың конденсациясы едәуір төмен температураларда жүрген сутек пен гелий, элементтер түзілуінің ең алғашқы қалдықтары ретінде, әлемде ең көп мөлшерде. Әйтсе де, нақтырақ айтқанда, космоста элементердің салыстырмалы құрамдары жұлдыздардың пайда болу процесі кезінде қалыптасқан. |
Литий, бериллий және бор жұлдыздар ішінде онша тұрақты емес, сондықтын олардың әлемдегі құрамы да азырақ. |
Көміртек азот және оттек жұлдыздардағы тиімді циклді процестердің нәтижесінде түзілгендіктен олардың салыстырмалы түрдегі мөлшерлері көп. |
Кремний жұлдыздардағы фотодиссоциацияға едәуір тұрақты, сондықтан ол бізде қоршаған ортадағы минералдардың басым көбі болып саналады. |
|
|
Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша, мұхит қыртыстары мұхиттың орталық қыраттарынан газдардың және судың аздаған мөлшерде бөлініп шығуы нәтижесінде пайда болған. Жаңадан пайда болған жас Жердің бетінің (Жер қыртысының) қалыңдығы барлық планета көлемінің 0,0001%-нан да аз болатын жыныстардан қалыптасқан. Континетальді және мұхит қыртыстарын түзетін жер беті қабатының құрамы уақыт өткен сайын өзгеріп, хиимялық элементтердің жер бетінен 100 км тереңдікте балқып, мантиядан возгонкалауы нәтижесінде эволюцияланады. |
2-суретте Жердің қимасының сызбанұсқасы берілген. |
Жер бетінің қазіргі кездегі құрамында ең көп мөлшерде оттек болатыны, ол кремний, алюминий және бсқа элементтермен силикаттар түзетіні белгілі болды. |
Жер қазіргі кездегі масасына дейін өскеннен кейін тұрақсыз изотоптардың радиоактивтілік ыдырауы әсерінен және планетезималдармен соқтығысудың кинетикалық энергиясын аздап сіңірудің нәтижесінде қызуға ұшыраған. |
Осындай қызудың әсерінен темір және никель балқып, тығыздықтары көп болғандықтан олар планетаның ортаңғы қабатына жылжып жер ядросын қалыптастырады. Ядро суынуы кезінде пайда болған, құрамы MgFeSiO3 материалдар жер мантиясын түзеді. |
Жер қыртысында ең көп тараған элементтер: |
|
|
|
|
|
Жерде оттек қосылыстары ең көбі. Олар силикаттар, алюмосиликаттар, оксидтер және гидрооксидтер. Карбонаттық қосылыстар бұлардан азырақ таралған. Минералдар тобы тау жыныстарын құрайды. Мысалы, граний кварцтан, дала шпатынан және слюдадан түзілген тау жынысы. |
Силикаттар және алюмосиликаттар жер қыртысының негізі болып табылады. Жер қыртысының 90%-ы кальций және магний силикаттарынан, алюмосиликаттарынан және кремнеземнен тұрады. Бұл минералдар тау жыныстарының және олардың желмен мүжілген өнімдерінің, топырақтың және саз балшықтың құрамдарын құрайды. |
Атмосфера су, оттек, азот және көміртектің айналымын реттейтін механизмдердің басты бөлігі. Атмосфераның маңызы Жерді космостық жойқын әсерлерінен сақтайтын экран болуында. Атмосфера арқылы тіршілік көзі болып саналатын күн сәулесі өтеді. Атмосфера толқын ұзындығы 0,3-тене 0,52 нм дейін электрмагниттік сәулеленулерді, сонымен қатар ұзындығы 1 мм-ден 30м дейін радиотолқындарды өткізеді, электромагниттік сәулелендіруде күн сәулесі энергиясының 82%-ын құрайды. Қысқа толқынды қатаң рентген және ультракүлгін сәулелер атмосфера қабатына сіңіріледі, бірақ жер бетіне дейін жетпейді. Оттек биологиялық тотығудың басты компоненті ретінде ерекше маңызды . Зат алмасуды үзбеу үшін тканьдар мен жасушаларға оттектің үздіксіз берілуі қажет. |
Атмосфералық азот өсімдіктердің қоректенуіне қажет заттардың көзі болып табылады, ал көмірқышқыл газы фотоминтез процесінің жүруі үшін қажет. Жерде тіршіліктің даму процесі кезінде барлық тірі организмдер,оның ішінде адамдар, атмосфераның дәл осы құрамына үйренген, сондықтан оның өзгерісі тез сезіледі. Атмосфераның тірі организмдерге тура әсерімен бірге жанама әсері де болады, мысалы, жер бетіне жететін күн радиациясы, климат және басқа да биосфераның өмір сүруін реттейтін факторлар атмосферамен байланысты. |
Атмосфералық озонның (О3) ерекше маңызы бар, ол толқын ұзындығы 0,29 нм-ден төмен қысқа толқынды ультракүлгін сәулеленулерді күшті жұтады. |
Сөйтіп, атмосфера жердегі тіршілікті қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. Сонымен қатар ол күннің инфрақызыл сәулеленулерін өткізеді, бірақ ондағы озон, көмірқышқыл газы және су буларының арқасында жердің инфрақызыл сәулеленулерін өткізеді. |
Егер бұл газдар атмосферада болмаса, онда Жер үстіндегі қабатының температурасы-230С болатын жансыз шарға айналған болар еді, ал шын мәніндегі температура +14,80С. |
Жерде тіршіліктің болуы атмосферамен,оның физикалық және химиялық қасиетерімен тікелей байланысты. |
|
Атмосфераның құрамы және құрылысы. |
|
Атмосфера химиясы соңғы екі онжылдықта жалпы жұртты алаңдатып отыр. Атмосфера тағдырына назар аудару мақсатында мемлекетбасшылары Стокгольмде, Монреалда, Лонданда және Рио-де-жанейрода бас қосып кездеседі. Әдетте теледидарлар ғылыми мәселелерге онша көңіл бөлмейтін, озон тесігін және 1991 жылғы персия шығанағындағы соғыста орын алған мұнай өртінен тараған орасан қалдықтарды қашықтан түсірген түрлі-түсті суреттермен көрсетті, озон тесігі туралы мәселелер теледидар экранынан әлі күнге дейін түспейді. Мұндай назардың аударылуы жердің геологиялық резервуарларының ішінде атмосфера ең кіші резервар екендігімен байланысты туып отыр. |
Органикалық молекулалардың синтезін, қазір біз организмдер деп атайтын құрылымдарды қандай кездейсоқ, оқиғалар тудырғаны белгісіз, бірақ олардың пайда болуына жағдайлармен шектеулердің болғаны рас. 1950 жылдары дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) ашылғаннан кейін және метан мен аммиак бар жолмен қарапайым молекулаларды ашқаннан кейін көптеген ғалымдар тіршіліктің пайда болу себептері табылды деп есептеді. |
Бірақ, қазір биомолекулалардың минтезі шектелген ерекше орталарда, мысалы, сазды минералдарда немесе вулкандардың су астындағы жолдарында жүргені шындыққа жанасатын сияқты. |
Ең ықтимал болжамдар бойынша , тіршілік (өмір) 4,2-3,8 млд. жылдай бұрын мұхиттарда басталған. Қазып алыған организмдердің ең көнесі –жасы 3,5 мың жылға тең жыныстарда болатын бактериялар. Жасы осындай жыныстарда жеткілікті түрде метаболизмнің болғаны туралы айғақтар бар, бұл метаболизмдерде орагикалық заттардың синтезделуіне күн энергиясы пайдаланылған. Ең алғашқы реакциялар вулканнан пайда болған күкіртке негізделген: |