гистология. Гистология. Лейкоциттеранны а тйіршіктері, ядролы, ірі торшалар. ндірілетін жері тйіршікті лейкоциттер,моноциттер,моноциттер сйек кемігінде,лимфа тйіндерінде,днекер лпаларында тзіледі
Скачать 16.4 Kb.
|
Лейкоциттер Лейкоциттер-қанның ақ түйіршіктері, ядролы, ірі торшалар. Өндірілетін жері түйіршікті лейкоциттер,моноциттер,моноциттер -сүйек кемігінде ,лимфа түйіндерінде,дәнекер ұлпаларында түзіледі. Өмір сүру мерзімі: лимфоциттердің тіршілігі 20 және одан да көп жылдарға созылад,ал басқа түрлерінің тіршілігі-бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады.Қалыпты жағдайда одан қанның 1 көлемінде 4-9 мыңға жуық лейкоцит болады. Лейкоциттер сыртқы және ағзаның ішкі әртүрлі реакцияларына бірінші болып жауап беретін торшалар.Мұндай реакциялар бірінші лейкоциттің мөлшерінің көбеюі-лейкоцитоз ретінде байқалады. Лейкоцитоздың 2 түрі бар: физиологиялық және патологиялық. 1.Физиологиялық лейкоцитоз-тамақтанғаннан кейін,түрлі ауыр қол жұмыстарынан кейін,эмоциональды жағдайларда (қатты қуанып,қатты қобалжығанда ) байқалады. Физиологиялық лейкоцитозда лейкоциттер мөлшері қатты көтерілмейді және уақытша байқалады,солсебепті лейкоциторлық формула өзгермейді. 2.Патологиялық лейкоцитоз немесе реактивті,шын лейкоцитоз түрлі жұқпалы ауруларда және қабыну процесстерінде ауру тудырушы әсерлерге ағзаның қорғаныш реакциясы ретінде байқалады. Патологиялық лейкоцитоз кезінде қан жасайтын ағзалардың лейкоцит өндіруі үдей түседі де, лейкоциттің мөлшері едәуір көбеюі.Физиологияның лейкоцитозбен салыстырғанда,патологиял-лық лейкоцитоз кезінде лейкоцитарлы формула едәуір өзгереді.Қанның құрамында жас нейтрофильдар және табақшалы-ядролы нейтрофильдер көбейеді. Лейкоцит мөлшерінің азаюы-лейкопения деп атаймыз. Соңғы он жылдың ішінде диактивті фонның жоғарлауынан және түрлі қолайсыз экологияның факторларының әсерінен дүние жүзінде лейкоцит мөлшерінің төмендеуі байқалады.Ауыр,айқын лейкопенияны сүйек кемігі зақымдалғанда жиірек сәуле ауруларында байқалады.Лейкоцит мөлшерінің төмендеуі оның өндірілуінің белсенділігінің төмендеуімен сипатталып,ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Лейкоциттердің емлесі: түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді.Түйіршікті лейкоциттерге: базофильдер 0-1%түйіршіктері ірі және ұсақ (2әртүрлі) болады,көқ түске (азурмен) болады. Базофильдер гистамин және гепорин бөледі.а)Базофильдердің мөлшері жедел қабынудың (қалпына келу фазасында) едәуір көтеріледі. Базофильдер гистамині қабыну ошағында капилляр қабырғаларын кеңейтеді де, гепарин-қанның ұюуын жеделдетеді, сол себепті осы аймақтың қан айналыммен жақсартады.б) Эозинофильдердің түйіршіктері ірі әрі біркелкі .Азур-эозинмен боялғанда олар тек эозинді қабылдайды,яғни қызыл түске боялады. Эозинфильдер аллергендерді заласыздандырып,жойып отырады.Олар фермент-гистоминоза бөледі,ол гистаминді бұзады.Ал,ең әлсіз аллергияның реакиясы гистаминсіз жүрмейді. Сол себепті аллергия кезінде гистаминге қарсы дәрілер-тавегин,супрастин,дилодрол қолданылады.Яғни,қандай да аллергиялық жағдайда болмасын ағзада бөгде зат т.б кезінде эозинофил мөлшері көбейеді. Нейтрофилдер немесе арнайы лейкоциттердің түйіршіктері өте ұсақ және олар негізгі және қышқыл бояуларға боялады.Негізгі бояғыш-азур (көк түс) қышқыл бояғыш –эозин(қызыл түс).Азур мен эозин нейтрофильдері фиомтофий түске боялады (түйіршіктері нейтрофильді реакция береді)-сол себепті арнайы лейкоциттерді нейтрофильдер деп атайды. Нейтрофильдер-ағзаны микробтар мен токсиндерден қорғайтын басты негізгі қорғаушылар.Нейтрофильдер өте тез қозғалатын лейкоциттер олардың жалған аяқтары болады,сол себепті олар амеба тәрізді қозғалып,қан капиллярлары қабырғасынан өтіп торша аралық саңылауларында минутына 40мкм дейінгі жылдамдықпен жылжи алады,сондықтан олар ағзаға енген бөгде заттарды тауып,қоршағайды да,өз цитоплазмасына алып,органикалық
|