Главная страница
Навигация по странице:

  • Шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтары

  • Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді

  • Елдер топшасы Құрамы Ерекшеліктері

  • 13 Лекция. Лекция 13 Айматы нысаналарын географиялы трыда зерттеу Дние жзі елдерін айматара блу мселелері


    Скачать 26.34 Kb.
    НазваниеЛекция 13 Айматы нысаналарын географиялы трыда зерттеу Дние жзі елдерін айматара блу мселелері
    Дата14.12.2022
    Размер26.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13 Лекция.docx
    ТипЛекция
    #845604

    Лекция №13 Аймақтың нысаналарын географиялық тұрғыда зерттеу

    Дүние жүзі елдерін аймақтарға бөлу мәселелері
    1. Айматың географиялық жағдайы мен орналасуы

    2. Аймақтың рекреациялық жағдайы

    3. Аймақтың экологиялық жағдайы

    Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

    1) ел экономикасының типі;

    2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;

    3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

    4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;

    5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;

    6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

    Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан еларалық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік — АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды.

    Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады

    Шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтары

    Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т.б.) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.
    Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.
    Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.
    Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.
    Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді.

    Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді.

    Елдер топшасы

    Құрамы

    Ерекшеліктері

    Жетекші дамушы елдер

    Қытай, Үндістан

    Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуетінің жоғарлығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор

    Жаңа индустриялық елдер

    Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина

    Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономикасының, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы

    Плантациялық шаруашылық елдері

    Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка

    Агрономиялық жағдайлардың қолайлығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі

    Мұнай экспорттаушы елдер

    Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.

    Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы; жоғары технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты

    "Жалға пәтер беруші" елдер

    Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама

    Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы

    Даму деңгейі төмен елдер

    Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел

    Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; табиғи өсудің жоғарлығы; аграрлық сектордың басымдылығы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы

    Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы еддер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметтік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, экологиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.
    Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.
    Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылыққа елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады.


    написать администратору сайта