Главная страница

лекциялар. Текст лекциялар. Лекция 15 саат. Лекция Сенім объектілері, архаикалы оамдаы тыйым салу жйесі. Діндік сана (1 саат)


Скачать 51.47 Kb.
НазваниеЛекция 15 саат. Лекция Сенім объектілері, архаикалы оамдаы тыйым салу жйесі. Діндік сана (1 саат)
Анкорлекциялар
Дата03.10.2022
Размер51.47 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТекст лекциялар.docx
ТипЛекция
#711839

«Архаикалық мәдениет» және Ежелгі дәуір мәдениеті курсының жоспары

Лекция: 15 сағат.
Лекция 1. Сенім объектілері, архаикалық қоғамдағы тыйым салу жүйесі. Діндік сана (1 сағат).

Табу жүйесі. Сенім объектілері. Алғашқы діндік наным-сенімі: тотемизм, анимизм, фетишизм, магия.

Архаикалық қоғамда тотемнің пайда болуы және тыйым салу жүйесі туралы З.Фрейд пікірлері. Тотемизмдегі табиғат пен мәдениетттің арақатынасының түрлері жөнінде К.Леви-Строс пікірі.
Лекция 2. Миф пен рәсім, магияның архаикалық мәдениеттегі ролі (2 сағат).

«Миф» - болмысты меңгерудің бірінші үлгісі, ежелгі мәдениеттің тіршілік ету тәсілі. Ежелгі Греция, Шығыс, Скандинавия мифтері. Мифтік тәжірбиелік қызметінің тәсілі – магия. Л.Леви-Брюльдің қатыстылық заңының концепциясы. Рәсімнің терминологиялық анықтамасы. Рәсім – әлеуметтің негізі ретінде миф – магия – рәсімнің өзара байланысы және өзара қатынасы.

Лекция 3. Архаикалық мәдениеттегі синкертизм (2 сағат).

Өнердің шығу тегі теориясы. Өнер – алғашқы өнердің негізгі аспектілері: мифологиясының, тәжірбиелік, ойындық түрлері. Палеолит дәуіріндегі бейнелеу өнерінің кезеңдері. Архаика мәденеттің синкертизмі.

Петроглифтер – жазу өнерінің негізі. Белгілер жүйесі, архаикалық адам тегі.
Лекция 4. Архаикалық қоғамдағы синкретикалық мәдениеттің феномені: наным-сенімі, рәсімі, мифологиялық ойлау логикасы

(2 сағат).

Ежелгі синкертизмнің 3 аспектісі: а) адам, табиғат, әлемнің тұтастығын тануы; б) адамның өзінің руы мен тұтастығын тануы, адамның қоғамнан ерекшеленбеуі, жеке адам ықыласынан ұжымдық ықыластың басымдылығы; в) мәдениеттің өзінің бөлімдерге бөлшектенбеуі « Мифология» ұғымының көпқырлылығы. Мифологиялық ойлаудың логикасы.

Миф қызметі: идиологиялық, компенсаторлық, белгілік.
Лекция 5. Архаикалық қоғамның қалыптасуы және оның ғылыми зерттелуінің дамуы (2 сағат).

Мәдени-тарихи сілтемелер және адамның пайда болуының теориясы.

Ежелгі тарихи бірлестіктер формасы: тайпа, ру, отбасы. Архаикалық қоғамның меңгерілуіне негізін салғандар – А.Морган және Э.Тайлор.

Лекция 6. Архаикалық мәдениеттің меңгерілуінің теориясы. (2сағат).

П.С.Гуревичтің әлеуметтік мифологиясындағы мифтің концептуалдық идеясы; А.Ф.Лосевтің философия, мифология, мәдениет концепциясы;

Мелетинскийдің теориясы мифтің поэтикалық таным болмысының формасы. К.Г.Юнга концепциясындағы архетип иен белгінің қоршаған болмысының ұжымдық таным формасы.

Лекция 7. Архаикалық мәдениеттің жетекші «идеясы», «парадигмасы» (2 сағат).

Мораль – архаикалық мәдениетінің ядросы. Архаикалық мәдениеттегі материалдық мәдениеттің даму кезеңі. Қоныс тебу және жерлеу түрлері. Алғашқы қоғамның рухани мәдениеті.

«Біз» - әлеуметтік бірлік формасы ретінде қоғамдағы адамның тотальдік бағыныштылығы. Материалдық және рухани әлемнің уақыт айналымы.

Лекция 8. Осы заманғы мифология (2 сағат).

Ғылыми рольге үміткер рациональдік білім. Қазіргі миф осы заманғы әлем суреті формасы ретінде бейнеленуі. Идиологиялық мифтердегі халықтың өздері мен өзгеге этникалық бөлінуі өзін-өзі тануымен нықталануы. Ақпараттық аштылық - әлемдік білімнің жетіспеушілігі, сананың стереотиптері, мәдениеті. Осы заманғы рәсім және магия.

1. Шығыстың көне діни-философиялық дәстүрлері
Шығыстық өркениет пен саяси билік түрлері. Шығыс мәдениетінің дәстүрлері, олардың этникалық түрлері. Шығыс өркениеті және оның дін мен білімге қатынастары.

Мифологиялық-діни көзқарастың негізгі мәселесі және шығыстық бағдары. Философиялық дәстүрлер, олардың идеялық негіздері және шығыстық дүниетанымдық бағдары. Шығыс философиясының негізгі бағыттары, олардың дүниетанымдық маңыздары.

2. Ертедегі Египет пен Вавилон мәдениеті және дүниетанымы
Көне Египет пен Вавилон өркениеті – өмірді орнықтыру өнері.

Египеттегі саяси-әлеуметтік идеялар, мемлекеттік құрылым және көрші елдермен қарым-қатынастың эволюциясы. Египеттегі ежелгі философиялық түсініктер мен жаратылыстану білімдері. Ежелгі Вавилонның әдеби ескерткіші “Қожайын мен құлдық “өмірдің мәні” туралы сұхбаты”.

3. Ежелгі үнді мәдениеті, оның діни-мифологиялық түптамырлары
Ежелгі үнді тайпаларының өмір салты. Болмыс туралы аңыздар және “өмірдің мәні” туралы қиялдар. Ведалық дүниетаным, оның құрылымы және рәсім-салттары. Ведалық ілім, оның түрлері және негізгі шығармалары. Упанишад рәсімі, оның рухани бастаулары. Ежелгі үнді діндері: жайнизм, буддизм, иудаизм. Олардың сипаты және бір-біріне ықпалы.
4. Ежелгі үнді философиялық және діни ағымдар
Философиялық ойланудың көне индиялық дәстүрлері. Чарвак философиясы, оның жаратылыстану және әлеуметтік идеялары. Жайнизм философиясы және этикасы. Будда философиясы және адам мәселесі. Ньяя философиясы, оның танымдық және теологиялық маңызы. Вайшешик философиясы реальдылық туралы. Санкья философиясы пуруша мен пракрити туралы. Йог философиясы адамның тазару және жарқылдау әдістемесі. Миманса философиясы, оның танымдық, діни және этикалық қызметі. Веданта философиясы негізгі мәселесі – Мен және Құдай.

Үнді философиясы Абсолютті реалдылық, Жоғарғы принцип, Атман және Брахман арақатынасы туралы. Ежелгі үнді философиясындағы менталитеттік көзқарастың қалыптасуы.
5. Ежелгі қытай мәдениеті және философиясы
Ежелгі Қытайдағы саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістер. Ежелдегі Қытайдағы мифологиялық және діни көзқарастардың қалыптасу ерекшеліктері. Ежелгі Қытайдағы философияның қалыптасуы мен дамуы.

Қытай ойшылдарының қоғамдағы рөлі. Кун Фу цзы (б.д.д. ҮІ ғ) өмірі мен шығармашылық қызметі (“Өлеңдер кітабы”, “Күз бен көктем”, “Кеңес пен талғам”). Кун Фу-цзының шығармасындағы адамды тәрбиелеу мәселесі.

Лао-цзы (б.д.д. ҮІ-Ү ғғ) білімінің басты идеясы – дао туралы түсінік. Даосизмнің адам және табиғат туралы ілімі. Даосизмнің әлеуметтік, этикалық және эстетикалық идеясы.

Мэн-цзы және Мо-цзы ілімі. Моизмдегі материалистік дәстүрдің жалғасы.

Легизм ілімі қауымдастық тәртіп туралы. Хань Фэй-цзы құқық философиясының негізін қалаушы

Ньяя ілімі және ертедегі қытай логикасы. Адамгершілікті қолдау принципі.

6. Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
Ислам өркениеті, оның түрлері және діні. Мұсылман философиясы, оның араб, парсы, түрік тамырлары. Көне түркі жазбаларындағы мұсылман ренессансы. Орта Азияның ұлы ойшылдары: Қорқыт ата, әл-Фараби және т.б.. Мұсылмандық дәстүрдегі философия, дін және ғылым арақатынасы.

Араб-түрік философиясының батыс мәдениетіне ықпалы.

Семинар сабақтарының тақырыптары
1. Ертедегі шығыс өркениеті: тарихы және таралуы

2. Ежелгі Египет және Вавилон мәдениеті, оның идеялық негіздері, ғылыми-техникалық жетістіктері

3. Ертедегі үнді мәдениетінің рухани және әлеуметтік бастаулары, олардың эфолюциясы, сипаты, құрылымы.

4. Ертедегі үнді философиясындағы ағымдар, олардың діни және этикалық қызметі, танымдық және теологиялық маңызы.

5. Ежелгі Қытайдағы саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістер.

6. Ежелгі Қытайдағы философияның қалыптасуы және дамуы, оның әлеуметтік, этикалық және эстетикалық идеясы

7. Ислам өркениеті және мұсылман философиясы, олардың түрлері және діни сипаты.

8. Шығыс мәдениетіндегі рухани сабақтастық, әдістемелік негіз және философиялық бағдар.
Основная литература

  1. Руднев В. Энциклопедический словарь культуры XX века. - М., 2001.

  2. Гуревич П.С. Культурология М., 1996

  3. Джеймс У. Многообразие религиозного опыта. М., 1993

  4. Гуревич П.С. Философия культуры. М., 1994.

  5. Фрейд З. Тотем и табу – М., 1995

  6. Элиаде М. Космос и теория – М., 1987

  7. К. Леви-Строс Структурная антропология – М., 1990

  8. Дж. Фрэзер Золотая ветвь: ритуал и магия – М., 1995



Дополнительная:


  1. Гуревич П.С. Социальная мифология – М., 1983

  2. Культурологический словарь (на каз. яз.). - Алматы, 2001.

  3. Фрезер Д. Фольклор в Ветхом Завете. - М., 1995.

  4. Бергсон А. Два источника религии и морали. - М., 1994



ӘДЕБИЕТТЕР
НЕГІЗГІСІ


  1. Ежелгі шығыс философиясы. Т.1. А., «Жазушың, 2005

  2. Антология мировой философии. Т.1, М.,1971

  3. Классики мирового религиоведения. Антология. Под общей ред. А.Н. Красникова. М.,1996

  4. Литература Древнего Востока. Тексты. М.,1984

  5. Васильев Л.С. История религии Востока. М.,1998

  6. Мифология древнего мира. М.,1977

  7. Бойетт Джозеф Г., Бойетт Джимми Т. Путеводитель по царству мудрости: Лучшие идеи мастеров управления. (Пер. с англ.) М., Олимп-Бизнес, 2002

  8. История древнего мира. М.,1983

  9. Библия и Коран. Пророки, праведники, мудрецы (Изд. Подг. Л. Яковлев) М., ЭКСМО, 2002

  10. Малерб М. Религии человечества. М.,-СПб, “Рудомино”, 1997

  11. Малов С. Е. Памятники древнетюрской письменности. М.,1951

  12. Мэри Бойс. Зороастрийцы. Верования и обычаи. М.,1997

  13. Арабо-мусульманская философия в системе мировой философии. М.,1983.

  14. Асқаров А. Ұлы Тұранның ұлдары. А.,1998

  15. Религии мира. История и современность. Ежегодник. М.,1984


1. ВИЗАНТИЯ, ВАВИЛОН, ЕГИПЕТ МӘДЕНИЕТІ
1. Каждан А. Византийская культура (Х-ХІІ вв.). М., 1997

2. Флоровский Г. Восточные отцы Ү-ҮІІІ веков. М.,1992

3. Мейендорф И. Живое предание. Спб, 1997

4. Ксавьер Субири. Интродукция к проблеме бога.//Человек,2002, №3
2. ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ


  1. Древнеиндийская философия. Начальный период. М.,1972

  2. Бонгард-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация, философия, наука, религия. М.,1980

  3. Бродов В.Г. Истоки философской мысли Индии.М.,МГУ, 1990

  4. Дж. Неру. Открытие Индии. Т.3, М.,1988

  5. Махабхаратта. М.,1991

  6. Мифы древней Индии. М.,1972

  7. Судзуки Д. Дзэн-буддизм. Бишкек,1993

  8. Чаттопадхьяя Д. Живое и мертвое в индийской философии. Перевод с англ. М.,1981


3. Қытай философиясы
Актуальные проблемы истории китайской философии. М.,1983

Буддизм и государство на Дальнем Востоке. М.,1987

Бэрр Р. Любовные гадания по И-Цзин.(Пер. с англ.) М., Мир книги, 2002

Даоская йога. М., 1991

Древнекитайская философия. Т.1, М.,1972, Т.2, 1973.

Древнекитайская философия. Эпоха Хань. М.,1990

Древнекитайская философия. Пер. Ян Хиншуна. Т. 1, 1994

ДелюскинЛ.П. Личность в традиционном Китае. М.,1992

История китайской философии. М.,1989

Китайская философия. Энциклопедический словарь. М.,1994

Книга перемен. М.,1993

Конфуций. Я верю в древность. М.,1995

17. Конфуцианство в Китае. М., 1982.

18. Лукьянов А.Е. Дао: Книги перемен. М.,1993

19. Мифы древнего Китая. М.,1991

20. Конфуцианство в Китае. Проблемы теории и практики

21. Переломов Л.С. Конфуций. *Лунь юй*, М.,1998



4. Мұсылман философиясы


  1. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана. М.,1960

  2. Авеста. М.,1993

  3. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. М.,1965

  4. Гумилев Л. Конец и вновь начало. М.,2000

  5. Иүгінеки Ахмед. Ақиқат сыйы. А.,1985

  6. Идрис Шах. Суфизм. М.,”Наука”,1994

  7. Ислам. Энциклопедический словарь. М.,1991

  8. Суфизм в контексте мусульманской культуры. М.,1989

  9. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы. М.,1976



5. Қазақ тілінде


  1. Дербісалиев А.Б. Қазақ даласының жұлдыздары. А.,1995

  2. Егеубаев А. Кісілік кітабы. А.,1998

  3. Есім Ғ. Араб фәлсафасы. А.,2005

  4. Кунд Фу-цзы.Кеңес пен толғам.Аударма.//Жұлдыз, 1998, 10

  5. Қасабек А. Тарих-философия танымы. А., 2002

  6. Молдабеков Ж. Қазақтану. А.,2003

  7. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы. А.,2001

  8. Орынбеков М. Қазақ даласының ойшылдары. А., 1995

9. Сүлейменов О. АзиЯ. А., 1982

Ежелгі Грек музыкасы







   Ежелгі Грек музыка әдебиеті Еуропа музыка мәдениетінің алғашқы тарихи кезеңін құрап, оның балалық шағы секілді. Антикалық гректің музыкалық мәдениеті өзіндік қайталанбас келбеті мен жеткен жетістіктеріне ие, олар Еуропалық ортағасырлық мәдениеті мен Қайта өрлеу кезеңінде аса айқын көрінеді.

   Сегіз ғасырға созылған (б. з. д. V – б. з. III) тарихи уақытта не бары 11 көне грециялық музыка үлгісі бар. Бұл Еуропадағы әуенді жазудың алғашқы қадамы.

   Көне Грек мәдениетінің маңызды ерекшелігі, музыканың басқа өнерлермен синкретикалық бірлікте болғанында жатыр. Музыка поэзиямен ажыратылмас байланыста (бұдан - лирика), музыка трагедияның ауыстырылмас қатысушысы, музыка және би – бұның бәрі көне гректік көркем өмірінің сипатты құбылыстары. Көне Грецияда поэтикалық сөзсіз, пастикадан тыс, немесе театрлық әрекетке кірмейтін, әсіресе асаптық музыка өнері жалпы халықтық құрметке бөлінбеді. Яғни ол тек басқа өнерлемен бірге өмір сүрген.

   Археологиялық қазбалар нәтижесіндегі мағлұматтар б – ша критомикендік кезеңде Көне Грецияда дамыған музыка мәдениеті орын алған. Систр, үрмелі, лира сияқты аспаптардың суреттері арғы көркем дамудың тек шығыстық әсерден ғана емес, жерілікті ежелгі мәдениеттің негізінде болуын айқындайды. Көне гректік мифтердің де – Орфей, Олимп, Марсия жайлылар – тамырлары ежелгі уақыттарға созылып жатыр.

   Грециядағы ерте музыка мәдениеті жайлы құнды мағлұматтары гомерлік эпос хабарлайды. Ол өзі музыка орындаумен байланысты. «Илиадада» тұрмыстық әндержайлы, поэма кейіпкерлері өздері ән салып, би билеп, форминксте ойнағаны баяндалады. «Одисеяда» халық музыканттары арасынан шыққан әнші – жыраулары, аэдтер туралы мәлімденеді. Олар эпостарды шығарып, адамдардың құрметіне бөленіп жүрген екен.           

   VII – VI ғғ. Көне Грециядағы поэтикалық – музыкалық айқын бағыттары жайлы, әнші – ақындары туралы нақты тарихи нақты мағлұматтар жатады. Бізге таныс көркем мектептердің ең ежелгісі Лесбос аралымен байланысты.Онда поэтиклық жарыстар өткізілетін қала, Спартада өзінің жеңістерімен әйгілі болған поэт және әнші Терпандр (VII ғ. соңы) шыққан. Аңыз бойынша кифарамен қосылып ән айту сол Терпандрдан басталды. Аэдтерге қарағанда кифарашылар музыкалық бастауға көңіл бөлді. Кифародиямен бірге авлодия да дамыды, бұл – авлоспен қосылып ән салу болып табылады. Ал авлистика VI ғ. дамыды, бұл  – тек аспаптық жанр.

   VII – VI ғғ. эпикалық шығармаларды жеке орындаушылықпен бірге айрықша хорлық жанрлар  да дамиды. Мысалы, Крит аралында хорлық әндетулер пластикалық қимылмен біріктіріп (гипорхема), кейбіреулеріне магиялық маңыз берілді. Мысалы, пеан (емдік ән – би). Тиртей Спартадағы мектептің көрнекті өкілі және әскери хорлық әндердің авторы.  Спартандықтар музыкаға мемлекеттік, тәрбиелік үлкен маңыз берген. Музыкаға баулу оларда кәсіби үйрету емес, жапы жастарды тәрбиелеуде берілетін. Осыдан эпос теориясы бастау алған.

   Көне Грецияда музыка – поэтикалық өнерде лирикалық тақырыпта алға шығарған жаңа бағыт ионийлік Архилок (VII ғ.) және лесбийлік мектептің өкілдері Алкит мен Софокл (VII мен VI ортасы) аттарымен  байланысты. «Лирика» сөзі лирада ойнаудан туады. Архилок крузисті қолданған, яғни «әндетуге еніп тұратынды» сүйемелдеу. Осылай вокалдық әуеннің бірге орындалып тұратын «нұсқамен» тоғысу мүмкін болды. VI ғ. лирикалық поэзиясында бірнеше  жанрлық түрлер бар: элегиялар, гимндер, үйлену тойы әндері. Анакреонт (VI ғ. ортасы) шығармашылығында аса үлкен орын махаббат лирикасына жатады. Сонымен қатар сколиялар (дастархан басында орындалатын әндер) және партениялар (культтық әндер) және эпиникиялар (жарыстар жеңісшілеріне орындалатын) әйгілі. Пиндар (522 – 448) өзінің партенияларымен танымал. Пиндардың пифийлік одасына кіріспе – біртума ескерткіш. Екінші ескерткіш V ғ. жатады. Еврипидтің «Орест» трагедиясынан үзінді болып табылады. Трагедия – бұрын болған өнерлердің (поэзия – музыка, пластика – музыка) биік синтезі деп айтуға болады.

   Трагедияның классикалық ғасыры боп  б. з. д. V ғ. саналады: оның соңғы үштен екі бөлігіне ұлы трагиктер – Эсхия (шам. б. з. д. 525 – 456 жж.), Софоклдың (шам. б. з. д. 496 – 406 жж.) және Еврепидтің (шам. б. з. д. 480 – 406 жж.) шығармашылық жолдары жатады.

   472 ж. Афинада трагедия қойылатын, Дионистің зәулім театры салтанатты түрде ашылды. Хор трагедиялық сахнада халық атынан қатысқан.

   Өзінің мазмұнында грек трагедиясы Эсхилда ежелгі мифологияға сйенсе, тұлғалық – қаһармандық, субъективті бастау Сфокл мен Еврепидте күшейе бастайды.

   Трагедия қойылымдары ұлы дионисияларда V ғ. Афинада трагиктердің сайысы сияқты өткен. Актерлар әнші де болған; хор әндетуі пластикалық қимылмен қосылған. Авлос пен кифара, гректердің сүйікті аспаптырымен, ән сүйемелдеді. Бірақ спектакль кілең музыкалық болған жоқ: диалогтар әуенді речитацияға көшті, мелодрамаға – әндетуге. Дрманың    әр эпизодын музыкалық – пластикалық хорлық стасималар аяқтады. Реніштер, «жылаулар » кейіпркерлердің коммасына ойнап отырған, актердің хормен қосылып айуын білдіреді.

   Эсхилде хорлық музыка басым болды. Хордың басында шығуы пародпен белгіленген: бұл драмаға хабарлауыш кіріспе және оның лирикалық  айындауышы. Сосын, әр эписодий    хордың стасимымен аяқталады, эскилдың трагедияларының  музыкасы ұстамды, қарапайым, диатоникалық б. т. деп жорамлдайды.

   Софоклда трагедияларының кернеулі дрматикалық даму, эпикалық және лирикалық элементтердің қысқарып, жеке актер маңызының өсуі, қаһарманның алға шығуы музыкада сәулеленеді. Софоклда хорлар лирикалық – драматикалық мазмұнды және жинақы, әрекет дамуында маңызды рөл атқарады.

   Софоклдың жаңа тенденциялары Еврипидте күшейе түседі. Драмадағы функциясын өзгерткен хордың мазмұнына жеке тұлғалық сезімнің енуі тән. Еврипид стилі бойынша   IV ғ. шыққан жаңа бағыттың өкілі, және оның музыкалық трагкдиялық театрдан асып, шекарасын аса кеңейткен.

   Ежелгі Грециялық трагедияның алдағы уақытына ықпалы, оның эстетикалық табиғатымен, синтетикаық сипатымен, драматургиялық концепциямен байланысты.

   Грек комедиясы музыкасының рөлі туралы тарихи мәлімет онша көп емес. Бірақ онда да хор қатысөаны белгілі. Комедия музыкасы жанрдың сипатына қарай – жеңіл, вакхтық кордакс болды.

   Элминисттік кезеңде өнер халықтың көркемдік өмірінен шыққан емес, ол толығымен кәсіби түрде дамыған. Дәл осы уақытта Филоксен, Цитера өкілі (435 – 380)хорлық дифирамбтарды үлкен виртуоздық соло қосып жасайды. Милет өкілі Тимофей (449 – 359) кифарада ішек санын көбейтіп, шығарманың виртуоздығымен тыңдаушыларды тамсандырған.

   Ежелгі Греция музыкасы айлы жазылғанның барлығы, сақталған материалдарға қарап отырып мелодиканы сипаттау болды деп айта аламыз. Ежелгі Греция  музыкасына бірдауыстылық тән.

 

   Платонның алға шығарған, Аристотель тереңдеткен эпос теориясы антикалық музыка туралы ой аса қызықты.

   Платон өзінің кіршіксіз мемлекетінде (басқа өнер арасынан) музыкаға басты рөлді жақсы азаматты тәрбиелеуде бекіткен. Платон көзқарасы бойынша эпостың маңызы шығармада немесе оның бейнелігінде, мәнерлеу тәсілдері системасында емес, тек аспаптың сазы (лад) мен тембрінде жатыр.

   Аристотель музыкасы, бір емес, бірнеше мақсатта қолдануы керек деп санайды. «1)  тәрбиелеу үшіін, 2) тазару үшін, 3) интеллектуалдық сауық – сайран үшін, яғни кернеулі жұмыстан дем алып, сабырлы олу үшін.

   Гректің ойшылдарының арасындағы музыка жайлы жазған алғашқы философ, математик – Пифагор (б. з. д. VI ғ.). Ол бастапқы музыкалық интервалдардың зерттеулерінің иесідеп саналады. Бұл толығымен математикалық қатынастарға, ішекті бөліп санау арқылы болған. Және адам есту қабілетінің талаптарына, әуезділікке мүлдем жауап бермеу болды.

   «Пифагоршы – канониктерге» соңыра «гармониктер» бағыты қарсы тұрды. «Гармониктер» – IV ғ. Таренттен шыққан Аристоксеннің, Аристотель оқушысының ізбасары. Аристоксен жетістігі – музыка теориясының талаптарын белгілеп, жуйелеу.

   Ежелгі гректік саз туралы ілім бірнеше ғасыр бойы күрестіріліп, александрийлік ғалым Клавдий Прюломейдің қолымен қорытындыланды. Ол б. з.  II ғ., антикалық дыбыс тізбектерінің теориясының толық мәлімдемесін қалдырды.

   Ежелгі Грецияның саздық жүйесінде негізгі мелодиялық буын рөлін тетрахорд атқарған. Егер ми – ре – до – си тетрахорды соңынан тағы сондай келсе – саз дорийлік болады, оны Платон мен Аристотель қатаң, адам жанына ішкі тепе – теңдік тудыратын мәдениет деп санады. Екі фригийлік тетрахорд біріксе (ре – до – си – ля және соль – фа – ми – ре) фригийлік саз , пайда болды, бұл дифирамб сазы. Екі лидийлік тетрахорд (до – си – ля – соль және фа – ми – ре – до) лидийлік саз құрады, бұл мұңлы, интимді.

  Хроматизм мен энгармонизм бірге дыбыстізбектің ішіндегі бегілеулерде гректер аспаптың сазына сүйенген. 

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

"Геродот мүсіні"

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен

"Зевс"

Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады.


Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі
Антикалык әдебиет – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады.

Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар:

  1. антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі (мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер – адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б. проблемалар сол кездің өзінде-ақ көтерілген);

  2. антикалық әдебиеттің өмірге орайлығы;

  3. антикалық әдебиеттің саяси мазмұнды болуы (сол кездегі болған саяси оқиғалардың барлығы антикалық әдебиетте бейнелеуін тапты);

  4. антикалық әдебиеттің өзінің заманының тілектеріне сай келген және көп ғасырлардан өтіп, балаусалығын жоймаған көркем шығармаларды жаратуы (қанша ғасыр өтсе де, антикалық әдеби шығармалар әлі күнге дейін өз қызығын жоймаған);

  5. антикалық әдебиеттің көркем түрлерінің әр алуандығы (грек және рим әдебиетінде сол кездің өзінде-ақ жаңа заман әдебиетінің барлық жанрлары болған; олардың көбі әлі күнге дейін антик атауларын сақтаған, мысалы: лирика, эпос, поэма, драма, трагедия, комедия, роман);

  6. антикалық әдебиетте мифологияның зор роль атқаруы (басқа әдебиеттермен

салыстырғанда, антикалық әдебиетте мифологиялық бейнелер орасан зор роль атқарады).

Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары. Мысалы, Эсхилдің 90 пьесасынан толығымен 7 жеткен, Софоклдың 123 драмасынан 7 қалған, Еврипидтің 92 шығармасынан 19 жеткен.

Антикалық әдебиетке әр түрлі уақытта көптеген ақын-жазушылар назар аударған. Антикалық әдебиеттің сюжеттері мен сарындары орта ғасырлардағы Вергилий («Энеида» поэмасы), ХVІІІ ғасырдағы И.В. Гете, И.Ф.Шиллер (Прометей туралы поэмалары), ХІХ ғасырдағы Д.Г.Н.Байрон, П.Б.Шелли шығармаларында кездеседі.

Грек әдебиеті.

Еуропаның оңтүстігінде шағын ғана таулы ел – Греция орналасқан. Б.э.б. ІІ мың жылдықтарда Грецияның неғұрлым құнарлы аймақтарында құлиеленушілік құрылыс қалыптаса бастап, мемлекет пайда болған. Ежелгі гректер жат елдердің ұлан байтақ жерлеріне тарап, қоныстанса да, өздерін біртұтас халықпыз деп есептеді. Олар отанын Эллада деп, ал өздерін эллиндерміз деп атаған.

Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағы ең көне әдебиет.

Грек әдебиетінің кезеңдері:

І. Архаикалық кезең – б.д.б. V ғ. басы;

ІІ. Аттикалық кезең – б.д.б. V-VІ ғ.;

ІІІ. Эллинистикалық кезең – б.д.б. ІV-І ғ.;

IV. Римдік кезең – б.д.б. І ғ. аяғы;

Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – архаикалық кезең. Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды.

Екінші кезең – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады.

Үшінші кезең – антикалық әдебиеттің эллинистикалық кезеңі.

Төртінші кезеңге рим әдебиеті де кіреді, сол себепті бұл кезеңді римдік кезең деп атайды.

Гректердің мифологиялық образдар мен сюжеттерді мол пайдалануы грек әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде яғни б.ғ.д. 97 ж. құл иеленушілік пайда болған кезден бастап грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиетінің негізгі арқауы болып қала берді. Бұл кезеннің ұлы ескерткіштері - «Илиада» мен «Одиссея». Ру - тайпалық қарым-қатынастардың күйреу кезінде Гесиодтың (8-7ғ.) дидактикалық поэмасы «Теогония» (құдайлардың тегі) туды. Бұл дәуірде лирика жетекшілік роль атқарды. Б.з.д. 6 ғасырда Анаксимандр, Анаксимин, Гераклит сияқты философтар сөздерінің ой-пікірлерін прозалық трактат түрінде жазды. Өмірде болғанды хроника жолымен хабарлау – тарихнаманы, ал өмір көрінісін фольклорлық сыңайда баяндау - новелланы туғызды. Құл Эзопқа байланысты аңыз-әңгімелер – осының бір көрінісі. Эзоп тек прозалық фольклордың негізгі кейіпкері ғана емес сонымен қатар талай мәнді де құмарлы мысалдардың авторы болды деген жорамал бар.

Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Антика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл «Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті.
Ежелгі грек мифологиясы.
Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.

Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.

«Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс.

Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.

Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон.

Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған.

Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.

Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады.

Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды.

Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған.

Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс.

Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.

Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б..

Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген.

Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.

Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы).

Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады.
Гомердің эпостары.
Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады.

Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады.

«Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша).«Илиадада» соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: «Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына...». Ахилл (Ахиллес) – фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, «Илиада» поэмасының негізгі бейнесі.

Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі.

Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады.

Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады.

Гомердің «Одиссея» атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары.«Одиссеяның»негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. «Одиссеяда» бұл сюжет жартылай берілген - әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған.

«Одиссея» «Илиаданың» жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы ) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған.

Гомердің екі поэмасы әдебиеттің ұлы туындыларына жатады, олар эпостың классикалық үлгісі болып саналады. Гомер эпосын «көне заманның энциклопедиясы» деп атайды. Жыршы тек қана өзінің кейіпкерлерінің тұрмысын емес, өзге жерлердің де таңғажайып ерекшеліктерін (түрлі халықтардың өмірін, әдет-ғұрыптарын, т.б.) көрсетті. «Илиада» мен «Одиссея» адамгершілік, өмір сүйгіш т.б. асыл қасиеттерімен дүниежүзілік әдебиетте ерекше орын алады. «Илиадада» соғысып жатқан екі жақ бірдей сүйіспеншілікпен суреттеледі. Поэмалар ерліктің, адамгершіліктің даңқын шығарады.

Гомер поэмалары халық поэмалары, өйткені олардың тамырлары грек фольклорынан тарайды. Поэмаларда грек халқының ең жақсы қасиеттері бейнеленген. Олар бүкіл Грекия аймақтарына тарап, сол кездегі тәрбиенің негізі болып есептелген. Поэмалар үлкен мейрамдарда орындалған. Оларды айтатын жыршыларды рапсод деп атаған. Гомердің поэмалары салтанатты өлең – гекзаметрмен жазылған. Гекзаметр алты стопадан құрылған, антикалық өлең шығару өнерінде ұйқас болмаған.
Гомердің зерттеушілері.
«Илиада» және «Одиссея» поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп. Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті? Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала аталған, соның ішінде Троя. «Гомер» деген сөздің өзі ерте заманда кішіазиялық гректерде «соқыр» деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген.

Кейбір антик ғалымдарда «Илиада» мен «Одиссея» екі автордың шығармасы деген пікір болған. Ғалымдардың көпшілігі екі поэманы Гомердің атымен байланыстырады. Мұндай қарама-қарсы пікір «Илиада» мен «Одиссеяның» стиліне байланысты. «Илиаданың» стилі көтеріңкі де, «Одисеяның» стилі жайлы болып келеді. Оны зерттеушілер былай деп түсіндіреді: «Илиаданы» ақын жас шағында, ал «Одиссеяны» қартайған кезде шығарған. Поэмалардың әрқайсысы жеке ақынның қолынан шыққан дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Тек «Илиада» мен «Одиссеяны» жазған бір адам деген пікір таласты болды.

Антикалық әдеби сынның қойған екінші сұрағы: поэмалардың сол алғашқы түрінде сақталуы. Гомер жазуды білмеген, сол себептен оның шығармалары ауызша, тек қана жыршылардың есінде сақталған. Писистраттың арқасында бөлек-бөлек өлеңдер жиналып біріктірілді (б.д.д.VI ғ.). Жазусыз заманда мұндай үлкен поэмаларды шығару мүмкін емес, «Илиада» мен «Одиссея» бөлек өлеңдердің жинағы деген пікір болды (Вольф). Вольфтың ойынша, поэмаларға кірген өлеңдердің көпшілігі бір жыршының шығарғанына жатады, ал қалған өлеңдер – кейінгі ақын-жыршылардың қосқандары.

Германның теориясы бойынша, «Илиада» мен «Одиссеяның» негізінде екі кішкентай эпос жатыр. Кейінгі жыршылар сол эпостарға жаңа материал қосып, оны ұлғайтты, дейді Герман.

В.Г.Белинскийдің айтуы бойынша, «Илиаданы» рапсодтардың жинағы деп қарауға болмайды, себебі оның көркемдік бірлігі соншалық. Сонымен қатар, Гомер эллиндік өнердің өмірі мен өнеріне мәңгілік ескерткіш тұрғызу үшін азды-көпті дайын материалды пайдаланды дегенге де сенуге болады.

Грек лирикасы.
Лирика – көркем әдебиет тегінің бір түрі (эпос, лирика, драма). Лирикада автордың дүниеге қатысы, көзқарасы оның сезімін, ойын, көңіл-күйін, ынта-ықыласын суреттеу, бейнелеу арқылы көрсетіледі. «Лирика» деген термин соңғы кездерде шыққан. Ерте кездерде бұл термин «мелика» деп аталған (melos - өлең). «Мелика» деп ішекті аспаппен қостап айтатын өлеңдердің түрі саналатын. Көбінесе сол өлеңдерді жетішекті лирамен қостап айтқан, сондықтан олар кейін «лирика» деп аталып кетті.

Антикалық классификация бойынша грек лирикасының үш түрі бар. Олар:

1) элегия,

2) ямб,

3) мелика немесе лирика.

Мелика өз алдына тағы екі категорияға бөлінеді: монодикалық (жеке адаммен орындалатын) және хор лирикасы.

Элегия деп Кіші Азияда жоқтауды айтатын болған, көне Ионияда элегия деп өсиет мәнді, маңызды іске шақыратын, әр түрлі ой туғызатын лирикалық өлең саналатын. Ямб деп егіншілік мейрамдарында бір топ адам немесе бір адамға қарсы айтылатын өлеңдер айтылған. Бұл өлеңдер мазмұн жағынан сайқымазақ, дөрекі болып келеді.

Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған.

Грек лирикасының ямб түрінің өкілі – Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған.

Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) – ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы – махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы – махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған.


написать администратору сайта