ЛЕКЦИЯ №2 ФҒЖҰ пәні М1502-12-22 топтарына 31-01-2023ж. Лекция 2 Оу топтары М15021212, М150222 Оушыларды ылымизерттеу (жоба) жмыстарын йымдастыру
Скачать 22.99 Kb.
|
Пәні: «Физикалық ғылыми жобаларды ұйымдастыру» ЛЕКЦИЯ №2 Оқу топтары: М1502-12+12қ , М1502-22 Оқушылардың ғылыми-зерттеу (жоба) жұмыстарын ұйымдастыру. Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолымен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу. Оқушыларды шығармашылық конкурсқа дайындау және оның негізгі бағыттары. Физика сабағында оқушы физикалық құбылыстарды, табиғат заңдылықтарын зерттейді, есептер шығарады. Пәнаралық байланыс-ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе екені анық. Пән бойынша алған білім мен дағдылардың бірлігі, оның оқу үрдісінде қолданылу өрісін кеңейтеді. Осы біріктірілген курс оқушылардың қызығушылығын, дүниетанымын дамытудағы басты құрал болып табылады. Оқыту үрдісінде тәжірибе, нәтиже негізінде, біз, біріктіру ойлау үрдісін дамытатын құрал деген ойға келіп тірелдік. Мұны бүгінгі қолданып жүрген тәжірибе көрсетіп жүр және оның болашағы шәкірт үшін қолайлы да нысаналы. Жалпы білім беретін орта мектептің физика пәні бойынша оқушылар төмендегідей бағыттарға сәйкес физикалық кокурстарға қатысады:
Сонымен қатар аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиядалрға қатысып, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі жүлделермен гранттарды иелене алады. Оқушылардың ғылыми жарстарын қалай өткізу керек? Бұл жарысты табысты өткізу үшін біраз шаралар жасауға тура келеді. 8-10 сынып оқушылры арасында ОҒҚ ұйымдастыруға оның мақсаты мен міндеттеріне, ыңғайластырылған үйірмелер мен клубтар ұйымдастыруға арналған сынып жиналыстрын өткізу керек. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конференциялардың, ғылыми жарыстарының жеңімпаздарына, слеттер мен олимпиядалардың мүшелеріне өз жұмысының жетістіктері жайлы айтып беруді ұсыну, барлық секцияларға өз саласына сай қабырға газеттерін-бюллетень шығруға дайындалу (немесе ең үздік газет үшін жарыс өткізу), ғалымдарды, кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдерін, ғылым, мәдениет, өнер саласы қызметкерлерін шақыру керек, ең үздік рефераттардың, қолдан жасалған оқу –көрнекі құралдарының, оқушылардың техникалық және қолданбалы шығармашылық еңбектерінің, оқушылардың шығармалары мен басқа да шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру керек. Мектептегі ғылыми жарыстарына секция отырысында сұрыптап алынған ең үздік жұмыстар қатысады. Басқарудың негізгі органы мектеп конференциясы болып табылады, оны қыркүйекте (бір жылға ғылыми жоба тақырыбын бекіту), мамырда (аяқталған ғылыми жобалардың қорытындысын шығару, жобаны қорғау) өткізу қажет. І кезең (мектепшілік) жеңімпаздары ІІ кезең (облыстық) ғылыми жарыстарға қатысады. Жеңімпаздар әрі қарай республикалық және халықаралық конкурстарға жолдама алады. Оқушылардың ғылыми жобаларын тіркеу жыл сайын “Дарын” РҒПО-да 1 мен 20 қыркүйек аралығында өтеді. “Дарын” РҒПО-ы мектептік ғылыми жарыстарының қорытындысын шығара отырып, мамыр айында өткізуді ұсынады, себебі 1 қыркүйекке дейін оқушылардың жоба тақырыптары облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармасында (департаменттерінде) тіркелуі тиіс. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу); зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелерді белгілеу); зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу); шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау); зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; ақпараттар жинау, реттеу(алған білімдерін есепке алу); алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау); есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау); баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтрға жауап беру). Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ережелері І. Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ережеге сәйкес әрбір мектепте оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарын дұрыс бағытпен ұйымдастыру керек. Жалпы ереже Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) -өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі. ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі бар. ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілермен сәйкес жүзеге асырылады. ОҒҚ мақсаттары мен мідеттері ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше: Оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру; Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан –жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, әмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыпуға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету; Оқушыларға кәсібінтаңдауда кәсіби бағдар беру. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру ОҒҚ осы қоғамда болуға тілек білдірген, мұғалімдер, пән бірлестігі жетекшілері ұсынған кез келген оқушы мүше бола алады. Қоғамның мүшелері сессиясы ОҒҚ жоғарғы органы болып табылады және ол жылына бір рет өткізіледі. Сессияда оқу жылының міндеттері анықталады, жеке секциялардың немесе қоғам мүшелерінің жұмысы туралы есеп тыңдалады, жұмыс жоспары бекітіледі және түрлі құжаттар мен шешімдер қабылданады. ОҒҚ сессия аралық жұмысына ондағы сайлаған, педагогикалық, ғылыми-қоғамдық және ОҒҚ қатысушы түрлі ұйымдар өкілдері мен оқушылар кіретін үйлестіруші кеңес басшылық жасайды. ОҒҚ мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келісім-шарт немесе қосымша мұмыс тәртібі бойынша істейді. Олар оқушылардың секциялары мен ғылыми бірлестіктерді, сондай-ақ оқушылардың жеке таңдаған тақырыптары бойынша жұмысына басшылық жасайды. ОҒҚ бөлімшелер жетекшілері үйлестіруші кеңеспен келісілген және ОҒҚ жанынан құрылған ұйым басшысының бекітуімен арнайы бағдарламалар жасауы мүмкін. ОҒҚ мүшелерінің сабақтары жеке немесе ұжыммен ғылыми жетекшілерінің басшылығымен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының тақырыптары мен бекітілген бағдарламасы негізінде аптасына бір рет өткізіледі. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми конференциясы түрінде оқушылар мен ғалымдардың қатысуымен, арнайы ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құрылған әділқазылар көмегімен ұйымдастырылады. Онда ең үздік деген ғылыми жобалар анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, марапттау, сыйақы, демеушілер тарапынан сыйлықтар беріледі. Қоғам мүшелері үшін қысқысы және жазғы каникул кезінде оқу-нұсқаулық жиыны, лагерьлер, экспедициялар мен серуендер ұйымдастырылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Жексенбаев Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұыстарын ұйымдастыру», -Астана: «РАДиАЛ» баспасы, 2005ж, 32 бет. Битуова Т.Р. «Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар». Библиотека «Дарын». Астана-2006ж. |