Лекция 2. Лекция 2 Таырыбы Негіздіктер мен іргетастарды жобалау
Скачать 16.98 Kb.
|
Лекция №2 Тақырыбы: Негіздіктер мен іргетастарды жобалау Сабақтың мақсаты: негіздіктер мен іргетастарды қалай жобалауды үйрену. Сабақ жоспары: Негіздіктер мен іргетастарды жобалау Ғимараттар негіздіктерінің шекті жағдайлары Негіздіктер жаратылыс қалаптастырған табиғи негіздік және әр түрлі тәсілдермен тығыздалған, бекітілген немесе топырақтың жекелей алмастыру жолымен табиғи топырақтың қасиеттерін жасанды түрде өзгерту арқылы жақсартылған жасанды негіздік болып бөлінеді. Ғимаратты (имаратты) тікелей жер бетінде тұрғызу өте сирек кездеседі. Бұл топырақтың беткі қабаты имараттың салмағынан түсетін қысымды көтере алмауына (көтеруші қабілетінің аздығы); метеорологиялық жайлардың әсерінен тік бағытта қозғалып кетуі ықтималдылығына (суықтан қатқан кезде қампиюы, еріген кезде шөгуі, ылғалданған кезде ісінуі, құрғаған кезде шөгуі); неше түрлі жертеселердің, өсімдік тамырларының, жел қағуының топырақты бұзуына байланысты. Сондықтан түсетін қысымды едәуір тереңде жатқан топыраққа беруге арналған жерасты құрылымын – құру қажет. Негіздіктер мен іргетастарды жобалаудың басты ұстанымдары мыналар: Ғимараттардың негіздіктерін жобалау іргетас түрлерінің қандай екендігіне қарамастан шекті жағдай әдісі бойынша жүргізіледі; Ғимараттың негіздігінен, іргетастарынан және жер бетіндегі көтеруші құрылымдарынан тұратын күрделі жүйенің бірлесе атқаратын қызметі ескеріледі; Инженерлік-геологиялық алғышарттарды имараттардың көтеруші құрылымдарының әркелкі шөгінділерді қабылдау әсерін, іргетастарды құру жұмыстарының өндірістік тәсілдерін біртұтас қарастыру негізінде іргетас түрлерін жинақты тұрғыда жүзеге асырады. Ғимараттар негіздіктерінің шекті жағдайлары Ғимараттың ұнтақты (дисперсті) топырақтан тұратын негіздігіне іргетасты орнату процесінде топырақтың нығыздалуы өзгереді, осының салдарынан іргетас шөгеді. Бұл орайда ғимараттың немесе имараттыңжеке бөліктерінің астындағы шөгу әркелкі болуы мүмкін. Бұл негізгі көтеруші құрылымдардың деформациялануына, тіптен бұзылуына әкеп соқтыруы ықтимал. Сондай-ақ, сәулеттік немесе технологиялық себептерге байланысты (мәселен, құрал-жабдықтарды пайдалануға қолайсыз жағдайлар қалыптасады) ғимараттардың (имараттардың деформациясына) жиі жол беруге болмайды. Сондықтан, негіздіктерді есептеу ең алдымен шекті жағдайлардың екінші тобы, яғни деформацияларды есептеу бойынша жүргізіледі. Негіздік топырағындағы кернеу негіздік топырағына түсетін есептік қысымнан артық болмауға тиіс, іргетас табаны ауданынаң мөлшері осыны басшылыққа ала отырып белгіленеді. Кейде (әсіресе жылжымалыққа кедергісі аз босаң топырақта) іргетастың астындағы топырақтың орнықтылығы мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайдың бірініші тобы – орнықтылық бойынша қосымша есептеу жүргізеді. Бақылау сұрақтары: Іргетас пен негіздіктерді жобалау ерекшеліктері Ғимараттар негіздіктерінің шекті жағдайлары ӘДЕБИЕТТЕР Берилинов М.В., Ягупов Б.А. Примеры и расчета оснований и фундаментов: учеб. Для техникумов-М.: Стройиздат, 1986.-173с.:ил Основания, фундаменнты и подземные сооружения/ М.И.Горбушев-Посадов, В.А.Ильичев;и др.: Под общ.ред.Е.А.Сорочана и Ю.Г.Трофименкова-М.:Стройиздат, 1985-480 с, ил- (Справочник проектировщика). |