лекция+3. Лекция 3 Топыратаы деформацияларды анытау
Скачать 22.37 Kb.
|
Лекция 3 Топырақтағы деформацияларды анықтау Деформациялар түрлері; Тұтас бір-келкі реттелген салмақ әсерінен пайда болған топырақ қабатындағы отыру/шөгу/; Сұрақ 1. Ғимараттар құрылысының нәтижесінде топырақ беріктілігі жоғары болсада негізде деформациялар бәрі бір пайда болады. Ол деформациялардың тарағаны бір-келкі емес болғандықтан ғимараттар құрылымынды әр-түрлі кернеулер пайда болады. Ғимараттардан түскен салмақ әсерінен негіздегі топырақ үлкен «көлемді» атты «сырғыту» атты деформацияларға ұшырайды. Ол деформациялар арқылы топырақ негізінің бетінде және оның үстіндегі орнатылған ғимараттарда тік және жазық (тік және жазық) қозғалыстар пайда болады. Топырақтың деформациялану түрлері: серпімді деформация; иілімділік деформациялар; Иілімділік деформациялар келесі түрлерге бөлінеді: көлемді; сырғытатын; Көлемдік деформациялар – ол, топырақтағы кеуектлік көлемінің өзгеруі, яғни топырақтың тығыздануы. Сырғытатын деформациялар – топырақтың бастапқы пішінінің өзгеруі мен топырақтың қирағаны. Топырақ деформациясын есептеуде іргетас табанының астында орташа қысымды шектеу Р ≤ R шара орындалу тиіс. Р – орташа қысым; R – қарсыласу күш. Топырақ қабатының отыруы. Ортасында салмақтанған іргетас табанының отыруы Ѕ іргетастың ауданы А= bℓ (b- іргетастың ені, ℓ-іргетас табанының ені) және қосымша қысымның орташа мәні Р = P – γd араларындағы байланыс келесі түрде жазылады: S=WР b(1- ν )/E; W – іргетастың қаттылығы, пішіні мен ауданына байланысты коэффициент; E – деформация модулі; ν – топырақ негізінің пуассон коэффициенті; Топырақтың Е және ν деформациялық сипаттамалары эксперимент арқылы анықталады. Пуассон коэффициентінің мәні топырақ түрі мен оның физикалық жағдайына байланысты алынады. ν – Пуассон коэффициентінің мәндері: қоюлығы бойынша қатты және жартылай қатты саздармен саздақтарға – ν - 0,1...0,15 қатты иілмелі консистенциялы саздармен саздақтарға – ν - 0,2...0,25 қоюлығы иілмелі және аққышта иілмелі саздармен саздақтар – ν - 0,3...0,4 аққыштық консистенциялы саздармен саздақтарға – ν - 0,45...0,5 құмайттарға – ν - 0,15...0,3 құмға – ν - 0,2...0,25 W –коэффициентінің мәндері:
кесте осымен аяқталмайды оның тағы жалғасы бар ... Wc – төрт текшелі аудан бұрышындағы шөгу; Wо – салмақтану ауданының ортасындағы максималдық отыру; Wm – тұтас салмақтану ауданының орташа шөгуі; Wconst – қатты іргетастардың отыруы. |