Главная страница
Навигация по странице:

  • Конфуциандық

  • Адамгершілік

  • Ритуал

  • Тәрбие

  • Асыл

  • Конфуцизмдегі құндылықтар

  • Әлеуметтік

  • Құлшылықтары

  • ЛЕКЦИЯ. лекция5 Д. Лекция ытай діндері Кне ытай діндері з бастауларын б д. д Іімыжылды ортасында Хуанхэ зеніні бойында алыптасан Инь


    Скачать 34.53 Kb.
    НазваниеЛекция ытай діндері Кне ытай діндері з бастауларын б д. д Іімыжылды ортасында Хуанхэ зеніні бойында алыптасан Инь
    АнкорЛЕКЦИЯ
    Дата08.04.2022
    Размер34.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция5 Д.docx
    ТипЛекция
    #454305

    №5 Лекция


    Қытай діндері

    Көне қытай діндері өз бастауларын б.д.д ІІ-мыңжылдық ортасында Хуанхэ өзенінің бойында қалыптасқан Инь өркениетінен алады. Инь өркениеті дәуірінде көне қытайлар рухтарға, көптәңірлерге сеніп, олардың құрметіне құрбандық шалып діни рәсімдер жасайтын. Жоғарғы құдайы Шанди деп аталатын. Кейінгі дәуірлерде Шанди барлық қытайдың түпкі ата-тегі деп қабылданды. Бұл Қытай діндерінің негізі ата-баба ғұрпы мен дәстүрге беріктікті, екінші жағынан абсолютте (шексіздік) жоқ болмауды, қағида бойынша дұрыс өмір сүруді, осы өмірде белсенді ғұмыр кешуді мақсат етті.

    Діни рәсімдер мен салтанаттарды өткізу мемлекеттік маңызды іс ретінде қарастырылды.

    Чжоу әулеті билігі тұсында тәңрі Шандимен қатар Аспанға табыну мен билікті қасиеттендіру күшейді. Қытай билеушісі Аспан баласы, мемлекет аспан астындағы мемлекет, адамдардың міндеті аспанға, оның баласына және аспан асты мемлекетке бағыну үкімдері орнықты. Себебі Шандидің келесі бір мағынасы «ең ұлық император» деген мағынаға да келуші еді.

    Көне қытайда философиясында жаратылыс бастауы ер мен әйел бастауларына бөлу арқылы басталды. Ер «Янь» (жарық, күн, күшті) дегенді білдірсе, әйел «Инь» (қараңғылық, ай, әлсіздік) дегенді білдірді. Бірақ екеуі де тұтас болмысты құрастырады.

    Осының негізінде ұлы Дао (заң, ақиқат пен ізгіліктің нышаны) түсінігі қалыптасты. Дәстүрге беріктік, ата-баба рухына табыну және мемлекет пен императорды қасиетті санау конфуциандық ілімінің негізі болды.

    Б.д.д. 800-200жж аралығында Қытайдағы өзгерістер нәтижесінде діни өмір жаңарады, бұл екі данышпан Кун-цзы мен Лао-цзы есімдерімен байланысты. Этикаға негізделген конфуциандық және мистикаға бейімделген дао діндері пайда болды.

    Конфуциандық діни-этикалық ілімі: Конфуцизм ежелгі Қытайда б.д.д VI ғасырдың орта шенінде қалыптасқан

    діни-этикалық, философиялық жүйе, ілім. Бертін келе Қытайдың ұлттық діні болды. Оның негізін – Кун-цзы қалаған. Халық арасында Кун ұстаз деп танылған. Бүгінде Конфуций ілімінің тұтынушылары 1 миллион 500 мың шамасында. Уақыт өте келе Конфуцийдің өзі құдаймен теңестіріліп, оның құрметіне көптеген ғибадатханалар салынды. Конфуцийдің ілімін таратушылар ұстазын көктегі күн мен айға теңеп, оның ілімін көкке өрмелеу яғни тер төгу арқылы ғана меңгеруге болатындығын айтады.

    Кунь-Цзы (551-479ж. б.э.д.) Лу провинциясында Цюй фу деген шағын қалашықта дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде өскен. Жеті жасынан ілім үйреніп, он жыл бойы ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Оның ілімі ізбасарлары арқылы тез тарады. Өмірінің соңына дейін 3 мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген деседі. Тұрақты тәлім алып қасында болған шәкірттері 10-нан астам болған. Өмір сүру принципінде бос қиялға, менмендікке, қара басын ойлауға, қасарысуға жол бермеген. Конфуций ілімінде әдептілік қағидасын ұстанғандарды - текті адамдар деп санаған. Сондықтан да Конфуций ілімінің басты мәселесі адам.

    Ізбасарлары тарапынан жинақталған кітаптар:

    1. «Идзин» Өгерістер кітабы (құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған.)

    2. «Шудзин» Көне тарих кітабы (көне патшалық, атақты адамдар)

    3. «Шидзин» Діни өлең кітабы (миф, өлеңдер, жырлар)

    4. «Лидзи» Салтанатты рәсімдер кітабы (тәрбие, жастармен әйелдерге өсиет, киім кию салты)

    5. «Чүндзүу» Көктем мен күз кітабы (Лу патшалығы туралы).

    Ілімдегі басты мәселе тәртіп, ереже, дұрыс өмір сүр негіздері. Үлгі ретінде «алтын ғасырды» (немесе «алтын ереже») негізге алады. Данышпандардан үйренуге шақырды. Себебі Конфуцы өзіне, өткен мәдени мұраны шәкірттеріне жеткізуді міндет санады.

    Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғамға әсерін тигізбей қоймайды. Адамдардың жүріс-тұрысы, тұрмысы өзгере бастады. Соның салдарынан моральдік азғындау басталды. Сонда «алтын ғасырды» аңсады.

    Конфуцийдің төрт еңбегі:

    1. «Лун-юй» (Әңгімелер мен ойлар) Конфуцийдің әңгімелері, ұстанған жолы қамтылған.

    2. «Да-Сюэ» (Ұлы ілім) Конфуцийдің ілім, мораль және саясат туралы ойлары қамтылған.

    3. «Чжун-Юн» (Орта жол) көктен келген ережелер. 4.«Мэн-цы» (Конфуцийдің шәкірті Мэнцы туралы.)

    Бұл кітаптар б.д. XI ғасырда Сунг провинциясы дәуірінде жинақталған.

    Конфуций адамның қоғам және мемлекеттегі орнын, тәртібін, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең айналысқан.

    Конфуций пікірінше, «аштан өлу – кішкентай оқиға, алморальданайырылу-өтеүлкен оқиға».

    Бес асыл (ізгілік жолын) қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылған. Олар: Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық және мейірбандық.

    Сыпайылық сыйды арттырады; Кеңдік құрмет туғызады; Шыншылдық сенімге жеткізеді; Зиялылық табысқа бастайды; Мейірбандық – билікке жол ашады.

    Конфуций, мемлекеттің тұрақтылығы қоғамдық маңызға ие болған дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық болу үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әр уақытта тұрды. Ал адамды жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қарастырды. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болды. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін-өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде теорияға қарағанда практикалық ақыл–кеңестер басым.

    Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның

    Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер. Екіншіден адам жермен де, көкпен де ерекше қарым-қатынаста бола алады.

    Адам өмірінің мән-жайы қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады. Адамның мәнісін «бес тұрақтылық» чан) құрайды. Бес тұрақтылық жэнь (адамгершілік), и (адамды ұнату, борышқа адалдық), ли (сыпайлық, рәсім, әдеп), вэнь (тәрбиелілік), цзюнь-цзы (идеал, текті адам).

    Адамгершілік (Жэнь): Конфуций адам болмысын зерттеп оның дүниедегі орнын тапты. Конфуций ілімінің орталық категориясы жэнь (адамгершілік). Конфуций

    «адамгершілік қасиеті бар адам, адамдарды сүйе де алады және жек те көруі мүмкін» деп айтады. Жэнь ұғымы адамның басқа адамдармен, қоғаммен байланысуы нәтижесінде пайда болады. Адамгершілік (жэнь) ұғымына қарапайымдылық, әділеттілік, сабырлық, адамға сүйіспеншілік, адалдық жатады. Бұл қасиетке даналар ған жеткен. Кез келген адам бұл қасиетке ие бола алмайды.

    Ритуал, салт (Ли): Жэнь адамға деген сүйіспеншіліктің бастауы. Оның нақты көрінісі ритуал (ли). Конфуцийдің: «Өз-өзін ұстау ритуалға сәйкес келу. Ол нағыз адамға деген сүйіспеншілік». Ритуал адамдарды біріктіреді.

    Тәрбие (Вэнь): Тәрбие әлеуметтік иерархия сияқты, адамгершіліктің иерархиясы. Вэнь тәрбие дәрежесі. Конфуций бойынша жэнь, ли, вэнь адамды идеал адам дәрежесіне жеткізу үшін керекті категориялар.

    Асыл, текті ер (Цзюнь-цзы): Адамгершілігі аса жоғары,текті адам. Жағымды қасиеттердің тоғысқан мекені. Бұл қасиетке тек мемлекет басшысы ие бола алады. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді.

    Конфуцизмдегі құндылықтар: Конфуций: Аспан, жер, адам туралы жалпылама сипатты негізге алады. Аспанды өзіндік болмыс деп, ең жоғарғы құдіретті күш ретінде қарастырады. Тағдыр ұғымын аспанмен ұштастырады да, оны

    кейде аспан еркі, аспан бұйрығы, аспан жазмышы деген мағынада қолданылады. Адам еркіндік жолымен жүруі де жүрмеуі де мүмкін.

    Әлеуметтік тәртіп: Әркім өз міндетін орындауы керек.

    «Әке - әке, бала - бала, патша - патша, шенеунік - шенеунікболсын» деген Конфуций. Үлкенді құрметтеу, айтқанын істеу, отбасын қадірлеу, мемлекетті қастерлеу негізгі орында. Конфуциандықта ата-баба, мемлекет, отбасы ғұрпы және ұлттық дәстүрді сақтау басты орында тұрған. Білім және еңбекке де аса маңыз берілген.

    Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды.

    Конфуцийден мемлекетті қалай басқаруға болады? деп сұралды. Сонда ол: Біріншіден – мемлекетке жеткілікті азық- ауқат болсын. Екіншіден – мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын. Үшіншіден халық өз патшасына сенетін болсын. Сонда оған: Егер осы үшеуінің біреуінің құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын құрбан етуге болады? деп сұралды. Сол кезде Конфуций онда қару-жарақты құрбан ету керек. Қалған екеуінің біреуін құрбан етуе тура келсе ше? Онда азық- ауқатты. Себебі, азық ауқатсыз ашығып қиналғанмен патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды деп жауап берген еді.

    Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның («Көктің Ұлы») өзі бас болған салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Өкімет басшысы, яғни, «Көктің ұлы» Көктің жердегі

    «өкілі». «Құдайлық негізі» бар патша арқылы аспан өз әмірін іске асыруда. Конфуций патшаның билігін шырқау арқылы биікке көтере білді. Ол тек қана Көктің жердегі өкілі міндетімен ғана қанағаттанып қоймай, адамдар әлемі мен құдайлар яки рухтар әлемімен екі ортада дәнекер болуы тиіс. Әулие бола отырып, император тек Көктің алдында ған жауапты болуға тиіс. Өйткені ол, тақ пен билікті тек осы

    Көктен алды. Билеуші әділ боп, өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа мейірімін төгеді; ал егер патша әділ болмаса, елді аштық пен жұт және соғыс пен әлеуметік бүліктер жайлап алады.

    Конфуциандық діни-этикалық ілім, нақты жағдайларда діннің ролін, мемлекеттің ресми идеологиясы қызметінде атқарды. Бұл ілімнің қытай тарихы мен мәдениетіндегі маңызы орасан зор.

    Конфуцийде тәңірі адамдарға жол көрсету мақсатында ұстаздар жіберген. Тәңірі ұлық. Өлім мен өмір көктің қолында, байлық пен кедейлік болса тағдырдан.

    Құлшылықтары: Конфуцийге дейін Қытайда ата бабаларға, көкке табыну бар еді. Қазір де құрмет көрсетіледі, сондай-ақ, Конфуцийге арналған жиындар ұйымдастырылады. Рухтар бейне бір өздерімен өмір сүріп жатқандай оларға қызмет ету, құрмет көрсету дәстүрі бар. Діни өлеңдер оқылады, құрбандар шалынады (ақшалай немесе тамақпен). Храмдарда конфуцийдің мүсіні орын алған. Алақандарын бірінің үстіне бірін қойып Конфуцийге тағзым етіледі. Түтін түтетіп құрмет көрсетіледі.

    Конфуций іліміндегілер Көк, Рух, Аруақ-Адамдарға табынады.

    Көк (Тиен) - ең биік әмірші, ғарыш, дүниені жаратушы және өз билігінде ұстап тұрушы.

    Рух - Көкпен жалғас, Көктің құдыретінен нақты көрініс беретін, әлемнің қозғаушы күші іспетті өзгеше нәрсе; әуелгі қалпы - Ауа (Чи), оның екі тұрпаты бар: Янь және Ин; Янь - өніп, өсудің, Ин - тозып, өшудің көрінісі, осы екеуінің мәңгілік бірлігі әлемдегі тіршіліктің көзі болып табылады. Рух ұғымының мағынасы кең, халықтық нанымда ізгі және зұлымдық рухы бар. Сонымен қатар Жердің рухы, Күннің, Айдың рухы, өзеннің, таудың, бұлт пен найзағайдың, жел мен жауынның рухтары бар; діни жоралғы бойынша осылардың бәріне де тиесілі құрбандық шалынып отырады.

    Табыну мәртебесіне кетерілген бұрынғы Адамдар (рухтар) Әулие, Даналар. Конфуцийшылар әулие тұтып, табынатын, тиесілі құрбандық атайтын әулиенің ұзын саны он

    бес: әуелгі он - ежелгі заманның ұлы патшалары, он бірінші - Конфуций, ең соңғы, он бесінші - Конфуций ілімін бір жола тиянақтаған, шәкірті атақты оқымысты Мэнзы. Әулие, Данамен қатар әркім өз атасына құрбан шалуы - міндетті рәсім болған.

    Кейіннен Конфуций іліміне Мо-Цзы қарсы болған. Мо- цы Лао-цы мен Конфуцидан кейін (жарты жылдан кейін) өмір сүрген. Мо-цының ұстанымы «әмбебап сүйіспеншілік және соғыстан бас тарту» болған. Айналадағы ретсіздік, жауыздықтың бастауы адамның еголық (менмендік) қасиеттері мен жеке мүддесінен туындаған нәрсе. Сондықтан да адам баласы әуелі өзін қадірлеп құрметтегені секілді басқаларды да құрметтеу керек. Сонда ғана әлемді бейбітшілік билейді деген.

    Қытай жазушысы Ли Янь Жэн Даосизм туралы былай дейді: «Даосизм ескі Қытай жеріндегі рухтарға табынатын, рухтардың мәңгі өмір сүретініне сенетін әрі адамдардың рухани тәрбиелейтін дін».

    Әлемдегі әрбір болмыста рух бар екенінен сенген. Бұл адамдардың ұзақ өмір сүрулеріне септігін тигізеді деген.

    Осы Дао дінінің негізін Конфуцы замандасы Лао-цзы (б.д.д VІ ғасырда өмір сүрген) данышпан қалады. Лао-цзының негізгі өз аты Ли-Тан болған. Лао-цзы кейіннен берілген лақап ат. Лао-цзы Чжоу әулеті тұсында кітапхана қызметкері болып қызмет жасаған. Қартайған шағында кітап жазған. Аңыздық деректерде оның құлағы үлкен болғандығы үшін оған Ли деген ат берген деседі.

    Дін ретінде қалыптасуының өзіндік себептері бар. Қоғамның бұзылуға бет алуы, қысым көруі. Халықтың құтқарушы күтуі себеп болған. Сондай ақ Конфуцы ілімі саяси мақсатта бейне бір тәңрінің сөзі секілді халыққа қысымдықпен қолданылды. Конфуцы тұлғалығы құрал болып халыққа жек көрінішті көрсетіліп, құрмет жоғала бастады. Кейінгі патшалық тұстарында Даосизм дін ретінде жайыла бастады. Мүсіндер тұрғызылды.

    Лао-Цзыға «Қарт ұстаз философ» деген құрметті лауазым берген. Ол «Дао дэ цзин» («Жолдар мен оның көріністері туралы кітап») деген еңбек қалдырған. Еңбек бірнеше тілге

    аударылып әлемге тараған. Мәселен бастапқыда санскрит, сосын жапон, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған. Лао-цзы қасиетті кітапты жазып бітірген соң жоғалып кеткен. Қашан қайтыс болғандығы белгісіз. (Кейбір аңыздарда ол Буддаға яғни б.д.д.VIIғ. өмір сүрген Сидхарта Гаутамаға айналды дейді). Буддистер мен Даолықтардың арасында бірқатар келіспеушіліктер болған. Буддистер Даолықтарды төмен санаған. Сонда Даолық бір данышпан кітап жазып Лаоцыдың батысқа қарай жол алғандығы сол жолда Буддаға айналғанын жазады. Немесе Буддаға ұстаз болып жөн сілтеген сондықтан да Лаоцыға табыну керектігін алға тартқан. Десе де Буддистер бұл пікірге келіспейтінін жазып келіспеушіліктер көп жылдарға созылған.

    Ла-оцы Конфуцымен де кездескен. Конфуцы оның білімін жоғары бағалаған.

    Лао-цзының өлімінен 700 жылдан кейін оған тәңрілік қасиет берген. Себебі де қасиетті кітаптарында «Даодан бір туады, бірден екі, ал екіден үш, үштен күллі болмыс туады» делінген. Осыған негізделген даолықтар Дао (заң, жол) бір ретінде газға, ауаға айналғандығы одан Лоа-цы адам кейпінде орын алған дейді.

    Дао ұғымы Лао-цыға дейін болған. Яғни ол өте көне ұғым. Даосизм мистикалық пантейзм (құдай мен әлем біртұтас деп танитын) сенімі. Дао «Дэ-цзин» кітабында ілімнің негізі қарастырылған. Дао - заң, жол, алғашқы бастау адам мүмкіншілігінен тыс. Ол – абсолют (шексіз), жердегі барлық нәрсе, адам да содан жаратылған, барлығы даодан бастау алады, түрсіз, түссіз бәріне түр беруші құдірет тіпті ұлы аспанның өзі де Даоға бағынады. Даоны тану, оған бойұсыну, онымен бірігу - өмірдің мәні мен мағынасы.

    Даолықтардың түпкі мақсаты күнделікті пендешіліктен арылып, алғашқы бастауға жету. Моральдық қағидалар, түрлі ережелер мен жетілудің сан алуан әдістері мақсатқа апаратын құрал ғана.

    Адамның міндеті – айналадағының бәрінің мәнін ұғыну, табиғатпен үйлесімді тіршілік ету.

    Дао мистикалық ілім, онда тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент - су, от, металл, ағаш және топырақ қасиетті саналады. Дәстүрлі қытай медицинасы инемен емдеу, ашығу, аз тамақ ішу тәрізді емдерді жасады. Тыныс және дене жаттығулары, жекпе-жек өнері тікелей даосизмнен бастау алады. Дао діні қытай мәдениетінде айрықша орын алады.

    2 сәуір Лао-цыдің туған күні ретінде тойлайды. Ал қытай ай санағы бойынша 15 ақпанға тура келеді. 2 сәуір 2007 жылы 2578 жылдығы тойланған. Оларың есебі бойынша б.д.д 571 жылы 2 сәуір күні туылған.

    Қытайдың өзінде Даолықтарға арналған 1500 ден астам құлшылық орны мен 25 мыңнан астам дін адамдары бар. Даос бола білу үшін арнайы қағида жоқ болғандықтан адам саны туралы нақты мәліметтер жоқ. Әрбір Қытайлықтың көңілінде Даосизмге деген құрмет ерекше. Көптеген хандар, патшалар Даосизмді ұстанғанына сенеді.

    Батыс миссионерлері Даосизм деректерін оқи келе христиандықпен тең санап бейне бір ескі нұсқасындай көрсетпек болды. Мәселен Даоны тәңрімен тең көрсетіп, Киелі кітаптарынан Даосизмнің қасиетті кітаптарында айтылған сөйлемдерін ұқсас мағыналарды дәлел ретінде келтіріп, Дао дінін ұстанушыларға діндерін жаңалауға шақырды. Яғни Христиандықты қабылдауға шақырды. Канадалық Поп Билл Крауз «Даоның Христиандықпен үйлесімдігі» (Tao in Harmony with Christianity) атты мақаласында «Дао дэ цзин» («Жолдар мен оның көріністері туралы кітап») Даосизмнің қасиетті кітабын Інжілмен салыстырып екеуінің арасында рухани байланыс құрмақ болды.

    Қазіргі таңда Қытайда экономикамен қоса құлшылық орындары да өсіп келеді. Гуанжоу қаласында 1998 жылы басталған «Юан Хуан» құлшылық орны 200 000m² алып жатыр. Пекинде «Ақ бұлыт» деген храмның көлемі 20,000m². Гон Конгта 120-дан астам Дао храмы, мыңнан астам дін қызметкерлері бар.

    Бақылау сұрақтары:


    1-Инь өркениеті дәуірінде көне қытайлар 2-Конфуциандық діни-этикалық ілім

    3-Синтоизм жапондардың ұлттық діні ретінде

    Әдебиеттер:


    1. Ержан Қ.С.; Махмет М. Салыстырмалы діндер тарихы, А., 2017 – 288 б.

    2. Маймақов Ғ. Қазіргі заманғы дінтану негіздері. 2012. 235 б.

    3. Рысбекова Ш., Борбасова Қ., Құрманалиева А. Діндер тарихы. 2012. – 150 б.


    написать администратору сайта