Главная страница
Навигация по странице:

  • KКZT 1101 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНШАЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

  • МОДУЛЬ 1. ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні /1-2/ Негізгі ұғымдар

  • Мақсаты

  • 1. Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны.

  • 2. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.

  • Бекіту сұрақтары: 1.

  • KКZT -лекции. Лекция жинаЫ т.. к., профессор м а. Альжанова Эльмира Есиркепызы Тркістан 2016


    Скачать 313.18 Kb.
    НазваниеЛекция жинаЫ т.. к., профессор м а. Альжанова Эльмира Есиркепызы Тркістан 2016
    Дата31.08.2018
    Размер313.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаKКZT -лекции.docx
    ТипЛекция
    #49570
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



    Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

    ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

    ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

    KКZT 1101 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ»

    ПӘНІ БОЙЫНША

    ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

    т.ғ.к., профессор м.а.
    Альжанова Эльмира Есиркепқызы

    Түркістан 2016



    МОДУЛЬ 1. ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ
    Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні /1-2/
    Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.

    Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.

    Жоспар:

    1. Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.

    2. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

    3. Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)

    4. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
    1. Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

    Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

    Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

    Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.

    2. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

    Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

    Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

    Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

    Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

    3. Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы, коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.

    4. Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі - Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.

    Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.

    Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .

    М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.

    Бекіту сұрақтары:

    1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?

    2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?

    3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?

    4. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?

    5. Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?

    6. Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?

    7. Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта