Лекцияны мазмны 1 Стандарттау жніндегі нормативтік жаттарды трлері 2 Мемлекетаралы стандарттар
Скачать 19.36 Kb.
|
3 Тақырып. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар. Лекцияның мазмұны 1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері 2 Мемлекетаралық стандарттар 3 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері 4 Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау объектілеріне тиісті ноормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатады: 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары 2 Қазқстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері 3 Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар 4 Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттерінің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану Мемлекетаралық стандарттар. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін. Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық ноормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды. Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы аумағында ГОСТ-тар Комитеттің бұйрығы бойынша енгізіледі. Бұйрықта әр стандарт үшін оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік стааандарт ретінде енгізу датасы тағайындалады және оған қайшы келетін (немесе оны қайталайтын) мемлекетаралық немесе ҚР мемлекеттік стандартының күші жойылады. Қазақтың стандарттау және сертификаттау институты (Комитет уәкілет берген орган) Мемлекетаралық Кеңестің стандарттау жөніндегі Бюросынан тіркелген стандарттарды және оларды енгізу туралы ақпрат алады, ГОСТ-тарды көбейтеді (баспадан басып шығарады) және Қазақстан Республикасында олармен заңды және жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді. ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми- техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін. Стандартты әзірлеуді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру- әдістемелік бірегейлікке жету мақсатында, сондай- ақ стандартты әзірлеу бойынша жұмыстардың орындалуын талдау және бақылау үшін стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған. 1-кезең – стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу; 2-кезең – стандарттың жобасын (I- редакциярын) әзірлеу және оны пікір алмасуға жіберу; 3-кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу; 4-кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу; 5-кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу; 6-кезең – стандартты баспадан басып шығару. Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары. Стандарттау объектлерінің ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді: - негізін қалаушы стандарттар; - өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары; - бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары; - процестер стандарттары. Негізін қалаушы стандарттар тағайындайды: - белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру- әдістемелік жағдайларды; - өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді; - басқа да жалпы жехникалық талаптарды. Кең мағынада алғанда негізін қалаушы стандарттардың объектілері болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар объектілер: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады. Тар мағынада қарастырғанда негізін қалаушы стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер». Негізін қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады: а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салады жұмыстарды жүргізу жәніндегі жалпы ұйымдастыру- эдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдердіге технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі жағдайдар». б) жалпа техникалық стндарттар. Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді: а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кислоиолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»; б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия». Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады: жіктелуі; негізгі параметрлегі және/ немесе өлшемдері; техникалық (жалпы техникалық) талаптар; қабылдау ережелері; маркалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау; в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»; г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»). Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»). Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды: сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды; сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін; сынақ жүргізу тәртібін; сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін; сынақ нәтижесін көрсету тәртібін; сынақтың жіберілетін қателігін. Стандарттың аарналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы. таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты). Сертификаттау тәжірибесі аралас түрлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»). Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, утилизациялау). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация». Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғаауға талаптарын енгізуі керек. Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрлерді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың фирмалық стандарттарының типтік объектілері болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қандай түрлері тағайындалған? 2 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезендерін айтып беріңіз 3 Стандарттардың қандай түрлері кездеседі? |