Лексико грамматикалы тест Туелсіздік толауы 10 сынып азастан Республикасыны Президенті Нрслтан бішлы Назарбаев Туелсіздікті 21 жылдыына орай халыа азастан 2050
Скачать 13.34 Kb.
|
Лексико –грамматикалық тест «Тәуелсіздік толғауы» 10 сынып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай халыққа «Қазақстан — 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бұл Жолдауда Президент жастарға былай деді: — Құрметті отандастар! Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар — сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз — ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан) 1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, мәтін құра. 1. «Мәңгілік ел» а. стратегиясы 1. идеясы а. нығайту 2. демократияны ә. прагматизм 2. қауіпсіздікті ә. саясат 3. «Қазақстан — 2050» б. патриотизм 3. бір б. кепілдіктер 4. мақсаттарға в. идеясы 4. сыртқы в. саясаты 5. қазақстандық г. дамыту 5. әлеуметтік г. мүдде 6. Президент ғ. ел 6. халыққа ғ. Рухын 7. тұғырлы д. жеткізетін 7. экономикалық д. жолдайды 8. экономикалық е. Жолдауы 8. еліміздің е. жарияланды 2-тапсырма. «Қазақстан — 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын оқы. Қазақстанның негізгі даму бағыттары қандай? Мәтіннен тап, баянда. 3-тапсырма. Мәтіннің қай бөлігінде «Мәңгілік ел» идеясы айтылады? Мәтіннен тап, баянда. 4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліндегі нұсқасымен сәйкестендіріп, сөйлем құра. 1. Президенттің Жолдауы a. основал программу «Болашак» 2. мемлекеттік жастар саясаты ә. Послание Президента 3. әлемдік деңгейдегі университет б. идея «Вечный язык Вечной страны» 4. «Болашақ» бағдарламасын құрды в. интелектуальная нация 5. «Мәңгілік ел – мәңгілік Тіл» идеясы г. государственная молодёжная политика 6. зияткер ұлт ғ. университет на мировом уровне |