_лемдік-тарихи _дерістер м_нм_тініндегі _аза_станны_ _азіргі зам. лемдіктарихи дерістер мнмтініндегі азастанны азіргі заман тарихы
Скачать 52.26 Kb.
|
Ураимжанова Шахло ФАТ 111 Ф Әлемдік-тарихи үдерістер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орыны Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет Тарих ғылымының мәселелері. Тарихи сананың іргетасын тарих ғылымы қалайды. Бертінге дейін ол идеологиялық қасаңдық құрсауында болып келді. Қазақстан тарихы да тек қана бірқалыпты өрлеу "сызығының" бойымен баяндалып, "қара" мен "ақ" түске ғана бөліп шендестіру арқылы, таптық көзқарас тұрғысынан, тек кеңестік кезеңнің ыңғайына жығылып, сыңаржақ марапаттау тұрғысынан ғана жазылды. Сайып келгенде, ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі дерек көзі Ұлы далада болып қайтқан дипломаттардың, саяхатшылардың, саудагерлердің және басқаларының жолжазбаларына, күнделіктеріне сүйенеді. Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихы туралы зерттеулердің дені негізінен алғанда, орыс тілінен аударылып келді, шетел ғалымдарының еңбегінің басым көпшілігіне тыйым салынды. Отанымыз тарихының көптеген принципті мәселелері түбегейлі дәйектелген жоқ. "Қазақ" этнонимінің шығуы, қазақ халқының этногенезі, қазақ мемлекеттігінің тууы мен қалыптасуы; көшпелі қоғам эволюциясы секілді мәселелер кешенді зерттеуді қажет етіп отыр. Қазақстан тарихы баршамыз мойындайтындай деңгейде кезеңдерге бөлінген жоқ. Қазақстан тарихы мен қазақ этносы тарихының да аражігі ажыратылмаған. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіру тарихы да өзінің әділ бағасын алған жоқ. Қазақстанның КСРО құрамындағы дамуын да реалистік тұрғыдан қарау қажет. Сондай-ақ, әр түрлі этностық қауымдардың Қазақстанға көшірілуі мен жер аударылуы, олардың осы жерден қоныс тебуі тарихының мәселелері де зерттеушілерін күтіп тұр. Тарих ғылымының болашағын ойласақ, оны әдістемелік жағынан қайтадан жарақтандыру керектігі бірден көзге түседі, бұл үшін әлемдік тарихнаманың әдістері мен амалдарын кеңінен пайдалану қажет. Проблемалық, суреттеп жазу, салыстырмалы, құрылымдық, феноменологиялық, идеографиялық әдістерді, тарихи және сыни тұрғыдан талдауды, аналогиялық тәсілді, т.б. әдіс-амалдарды қолдану-тарихтың түйіңді тұстарына аса бай фактологиялық материалдарды шоғырландыруға жағдай туғызып, белгілі деген тарихи жағдаяттардың өзін жаңаша талдап-түсіндіруге мүмкіндік берер еді, сөйтіп зерттеу жұмыстарына соны серпін туғызар еді. Тарих ғылымы нақты тарихи жағдайды саралау әдісін колдана отырып, тарихи фактілерді зерттеліп отырған уақыттың көзімен талдап бағалауға ұмтылуы керек. Өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, мандай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен ғана шектеліп қалмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын барша болмыс-бітімімен толық зерттеген дұрыс. Бұл ретте бұрынғы ұғымдық аппаратты жаңғырту, ескірген әсіре идеологиялық терминологиядан бас тарту қажет.Қазақстанның тарих ғылымы алдында: — Тарихи ілім-білімнің үзіктігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау; — Ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аудару; — Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдау; — Еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту; — Қазақ диаспораларының тарихын зерделеу; — Ел тарихы мен оны мекендеген әр түрлі этностар тарихының ара жігін ажырата отырып, Қазақстандағы этностық топтардың тарихын жазуға да жеткілікті көңіл бөлу міндеті тұр. |