БАӨЖ 10 тапсырма. леуметтану негіздері пні 2 курс, барлы білім беру бадарламалары шін
Скачать 33.5 Kb.
|
Әлеуметтану негіздері пәні 2 курс, барлық білім беру бағдарламалары үшін «Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер » кафедрасының оқытушысы,әлеуметтік ғылымдар магистрі Жумагулов Мейрбек Онгарович № 10 БАӨЖ ТАПСЫРМАСЫ. Тақырыбы: Білім және әлеуметтік теңсіздік Мақсаты: Білім әлеуметтануындағы негізгі концепцияларды анықтау. . Білімді зерттеу саласындағы әлеуметтік әдістерге басты назар аудара отырып оның ерекшелігі мен алғы шарттарына жан-жақты талдау жасау.. Мазмұны: 1.Білім әлеуметтануындағы негізгі концепциялар. 2.Білімді зерттеу саласындағы әлеуметтік әдістер. 3.Теңсіздік әлеуметтануы БАӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: Презентация Студентттердің өзіндік жұмысының бұл түрі реферат пен баяндама жазудан ерекше. Студент өзінің зерттеуін презентация түрінде көрсетеді.Слайд негізінде таңдап алған тақырыбының мақсаты мен мәнін ашуға тырысады. Жұмыс жасауда студент картографиялық материалдар, диарграмма, график, суреттерді пайдаланады. Әр слайдқа қысқаша мағлұмат беріледі. Презентация кезінде студент қосымша мағлұматтармен толықтырып отырады. Презентациядан кейін студент, көрсетілген тақырыпты қорытындылайды. Қойылатын сұрақтарға жауап береді Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар: - презентацияның көлемі 15-20 слайд беріліп, соңында тақырыпты бекітетін бақылау сұрақтары болу керек (регламент – 10 минут); - презентацияның құрылымында болуы тиіс: бастапқы (титулка) бет, мазмұны, кіріспе бөлімі, негізігі бөлімі, қорытынды бөлім. - презентацияны орындау барысында 8-10 әр түрлі әдебиеттерді қолдану; - презентация талапқа сай, нақты тақырыпқа сай орындалған болуы керек. Презентация көрсетілген шарттарға сәйкес бағаланады: материалдың тақырыпқа сәйкестілігі, нақты жүйеленуі, иллюстрациялық материалдың болуы, уақытылы тапсырманың орындалуы және тапсырылуы. Электрондық әдебиет: Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет. https://lib.kaznau.kz Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері [Мәтін] / ауд. М.И.Амандосова, Ж.Бөрібаева, Г.Ғ.Қалдыбаева [ж.т.б.] // Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.- Алматы, 2018 https://openu.kz/kz САРСЕНОВА ӘСЕЛ БЕРІКҚЫЗЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ (КЕСТЕ ТҮРІНДЕ) ОҚУҚҰРАЛЫ. Алматы 2013. ҚазҰҚПУ. http://lib.kazmkpu.kz/ Орындалған тапсырмаларды веб-порталға www.edu.kaznai.kz жүктеу (Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Moodle» қашықтықтан оқыту жүйесі). Оқытушының поштасына esaga_79@mail.ru жіберу Ескерту: тапсырманы орындау мерзімі аптаның соңы. Орындалған тапсырмаларды оқу мерзімі аяқталғанға дейін бұлт қоймасында немесе жад тасығыштарында электрондық түрде сақтау қажет. |