Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Мәдени код дегеніміз не және оның ерекшеліктері

  • 5.Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі басымдықтар қандай

  • 3.Сақтар өнеріндегі «аң стилі» қандай дәстүрдің көрінісі деп ойлайсыз

  • 4.Материалдық мәдениет саласында түріктер қандай жетістіктерге жетті

  • 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

  • 4. Білімнің салтанат құруы

  • 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

  • СПК 1НҰСҚА. Абдуллаев Асар 110А 1нұсқа. леуметтану, саясаттану, мдениеттану пні бойынша 2 аралы баылау сратары Нса Орындаан Ербулек Арайлым 110А


    Скачать 23.32 Kb.
    Названиелеуметтану, саясаттану, мдениеттану пні бойынша 2 аралы баылау сратары Нса Орындаан Ербулек Арайлым 110А
    АнкорСПК 1НҰСҚА
    Дата30.05.2022
    Размер23.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбдуллаев Асар 110А 1нұсқа.docx
    ТипДокументы
    #556455

    «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша

    2 аралық бақылау сұрақтары

    1. Нұсқа

    Орындаған: Ербулек Арайлым 110А

    1.Біздің заманымыздың жаһандық сын-қатерлері қандай?

    Біздің заманымыздың жаһандық сын-қатерлері:

    ● Ядролық соғыс қаупінің алдын алу мен әлемдік бейбітшілікті сақтау проблемалары;

    ● Шикізатық және азық-түлік проблемалары;

    ● Аса қауіпті жұқпалы аурулар проблемалары;

    ● Әлеуметтік-демографиялық;

    ● Аймақтық кикілжіңдер мен жанжалдар;

    ● “Синтетикалық проблемалар” (жасанды) - бюрократия, трансұлттық қылмыс, траффик;

    ● Техногендік апаттар;

    ● Космогендік проблемалар.

    Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады.

    Жаһандық энергетика мәселесі - адамзатты қазіргі кезде және жақын болашақта энергия мен отынмен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл проблеманың шығуының негізгі себебі ХХ ғасырда минералды отынды пайдалануының күрт өсуі. Дамыған елдер энергияның жұмсалуына сұранысты кеміту арқылы шешсе, қалған елдерде салыстырмалы түрде энергия жұмсалуы өсуде.

    Әлемдік мұхиттар проблемасы - мұхит кеңістігі мен оның ресурстарын сақтап қалу мен тиімді пайдалану порблемасы. Қазіргі кезде әлемдік мұхит тұйық экологиялық жүйе ретінде бірнеше есе өскен антропогенді күштерге әрең шыдап отыр. Оның өзі мұхит өліміне әкелетін үлкен қауіп болып табылады. Сондықтан, жаһандық мұхиттар мәселесі деп отырғанымыз - ең алдымен оның аман қалуы.

    2.Мәдени код дегеніміз не және оның ерекшеліктері ?

    Мәдени код — халыққа атадан балаға мұра ретінде қалып, сол халықтың кім, қандай халық екенін білдіретін ақпараттар жұйесі.

    • Ол сол халық туралы санада стереотиптер туғызады.Сол халықтың белгіде ұғым қалптасуы

    • Оның болмысын, психологиясын, ерекшеліктерін танытады.

    Біздің ұлттық кодымыз:

    • Тіл;өзге шетелде қазақ тілінде сөйлеу

    • Дәстүр;қазақша дұрыс сөйлемесе де дәстүрін сақтау

    • Салт-жоралғы;

    • Киім;

    • Тұрмыс;

    • Шаруашылық;

    • Жазу;

    • Музыка;

    • Әдебиет;

    • Символдар;

    Мәдени код этникалық сана-сезім үшін маңызды түсініктерді қамтиды, этностың ерекше белгілерін көрсетеді және ұлттық мұратқа сәйкес келеді. Бұл түсініктердің ішінде жалпыадамзаттық, мәселен, адамгершілік қағидалары мен құндылықтары да бар. Сондай-ақ тіл, Отан, мифтік және эпикалық бейнелер, халықтық музыка сияқты өзіндік және тұрақты түсініктері де болады. Халықтың өз өткенін қалай көретіні, осы шақты қалай қабылдайтыны, болашақты қалай болжайтыны және дәл қазіргі сәтте қандай мұратқа ұмтылатындығы туралы түсініктері бар.

    Мәдени кодты сақтау үшін тілдің маңызы.Мәдени-генетикалық код әлемнің ұлттық бейнесін – этностың ұжымдық дүниетанымын сақтайды. Ол этнос өмір салтының ерекшеліктерін, қоғамдағы өзара қарым-қатынас қағидаттарын, басқа халықтарға, жер мен табиғатқа көзқарасын қамтиды. Әлемнің ұлттық бейнесін келесі ұрпақтарға беру тіл арқылы жүзеге асырылады.Тіл – мәдениетпен тығыз байланысты, оның ажырамас бөлігі. Тіл дүниені этникалық танудың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Тіл – мәдениеттің іргетасы. Тіл өзіне этномәдени ақпаратты жинақтайды және оны сақтайды. Өз елімізде өзге тілде білім алып, өз тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрден мақұрым адамдардан қорқуымыз керек.

    5.Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі басымдықтар қандай?

    Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы бұлыңғыр болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.

    Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі басымдықтары:

    1. Бәсекеге қабілеттілік;

    2. Прагматизм;

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

    4. Білімнің салтанат құруы;

    5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

    6. Сананың ашықтығы.

    1. Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

    3.Сақтар өнеріндегі «аң стилі» қандай дәстүрдің көрінісі деп ойлайсыз?

    «Аң стилі» табиғат пен адамның түбегейлі жарасымын дәріптейді. Әр құрамы, жұрнақ бөлшегі өзара сабақтаса, ұштаса келіп, тұтас бір тіршілік көрінісін бейнелейтін мөлдір айқындық, байсалды бап бірден көзге түседі. Табиғат барынша асқақ, әдемі,  сақ қаһармандары жайлаған кәдімгі салтанат ордасы тәрізді. Әсерлі жер бедері суретші сенімін жоғарғы күштермен рухтаған. Сызықтар сұлбасы мұнда «көре білудің өзі ақыл-ой әрекеті» деп түсінетін  «аң стилі» туындысының бүкіл құрылысын, құрамын бір ырғаққа келтіріп, өзара сабақтастырып,  ұштастырып жатыр. Ғалымдардың пайымдауынша ерте қола дәуіріндегі сақ тайпаларында зооморфтық этно-әлеуметтік стильдің пайда болуы үшін сол заманның өзінде барынша жағдай қалыптасқан екен. Оларды жасауда өз кезеңінде дамыған технологияны қолданғаны, сондай-ақ ою-өрнек үлгілерін жасау үшін пайдаланатын құрылғылары қалыптасқандығын осы уақытқа дейін жеткен заттай құндылықтардан көруге болады. Демек, ерте темір дәуірінен бастау алған аңдық стильдегі әшекейлер қоғам өміріне қарай бейімделіп, аспан әлемі мен жер әлемі арасындағы мифологиялық дүниетанымның бірсыпыра әлементтерін бейнеледі. Сақ кезеңіндегі аң бейнелері үштік әлем (яғни құс, тұяқты жануарлар, жыртқыш) мен тіршілік арасындағы сабақтастық идеяны тудыру негізінде қалыптасса керек. Сондай-ақ аң стилі өз кезеңіндегі өрнектердің алдыңғы қатарында болды.

    4.Материалдық мәдениет саласында түріктер қандай жетістіктерге жетті?

    Түркі мәдениеті – ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.

    Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі – баға жетпес асыл мұрасы – жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.

    Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетінің дәлелі.

    Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестері:

    Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш діні тарады;

    Металл қорытудың ежелгі орталығы болды;

    Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі күнтізбелік дүниетанымды қалыптастырды;

    Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;

    Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбан ана, Болған ана, Ботағай ескерткіштері және т.б.

    Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Музыка өнері шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй дүниеге келген;

    Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке – Көкке және Жерге сиынатын болған.

    Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған.

    Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды.

    2. Прагматизм. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

    6. Сананың ашықтығы. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

    Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

    Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді.

    Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

    4. Білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

    5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.


    написать администратору сайта