Главная страница
Навигация по странице:

  • Үлгерімі

  • 2 – топ

  • Үлгерімі нашар оқушылармен

  • 1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

  • 2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)

  • 3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

  • 5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

  • 7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

  • 8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

  • 9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

  • 10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

  • «Үлгермейтіндерге арналған

  • Оқыту тиімділігін арттыру үшін берілген

  • Үлгерімі нашар оқушыларды ң

  • Үлгерімі төмен оқушылардың тізімі

  • Оқушының аты жөні Сыныбы Кел у

  • Үлгерімі. Үлгерімі төмен оқушы. лгерімі тмен оушылармен жмыс жоспары


    Скачать 56.78 Kb.
    Названиелгерімі тмен оушылармен жмыс жоспары
    АнкорҮлгерім
    Дата04.11.2022
    Размер56.78 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҮлгерімі төмен оқушы.docx
    ТипДокументы
    #769595
    страница1 из 4
      1   2   3   4


    Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

    Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағыттық жұмыс жүргізу.

     

     Міндеттері:

    1.     Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 

    2.     Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау

    3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру . /пән мұғалімдері/
    4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /мектеп психологі/
    5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі
    6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын   

     қадағалау.

    Үлгерімі төмен оқушыларды үш топқа бөліп қарастырған жөн:

    1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен. (танымдық процестердің төмендегі

    ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау)

    2 – топ: Ақыл – ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен

    3 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен,оқуды игеру деңгейі орта










     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Үлгерімі нашар оқушылармен

    жеке-бағдарлық  жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер



    1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

    Тәсілдің жақсы жақтары

    Тәсіл кемшіліктері

    Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге

    болады

    Ұйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.
    Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.

    2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)

    Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек.

    Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.

    3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

    Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды

    Белсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін

    міндеттейді

    4. Жұптық жұмыс

    Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге

    жағдай туады

    Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі

    5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

    Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай

    туады

    Танымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар

    6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды

    қолдану

    Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады

    Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы

    7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

    Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек. 

    Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

    8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

    Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды

    Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады

    9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

    Кедергілерді жеңе білу

    Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады

    10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

    Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу

    Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата –

    аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    «Үлгермейтіндерге арналған ереже»:

    1.     Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды. 

    2.     Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру

    3.     Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы

    4.     Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.

    5.     Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек

    6.     Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек

    7.     Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру

     

     

     

    Оқыту тиімділігін арттыру үшін    берілген  психологтың нұсқаулары


    1. Әр түрлі жағдайларға сәйкес мұғалім өз жеке ережесін қолдануы керек
    2.Мұғалім сынып тазалығын бақылауы керек
    3.Мұғалім тәртіпті қадағалауы керек
    4.Сыныпта мұғалім үнемі қозғалыста болуы керек
    5. Мұғалім ашық және эмоционалды түрде жанжал жағдаяттарын сабақта шешпеуі керек (нұсқау: Көзбе-көз сөйлесу).
    6. Мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізген кезде, берген тапсырмасы оқушыны қызықтырды ма , соған көңіл бөлу керек
    7. Мұғалім көбіне оқушыларға тапсырма берген кезде, белгілі бір ережелерге сәйкес , оқушыларға үнемі көмек бермеуі керек 
    8. Оқушының жіберген қателігі үшін қатты сөкпеуі керек
    9. Сұраққа жауап беру кезінде оқушыға қателігін өзі дұрыстауы үшін уақыт беруі керек

    Үлгерімі нашар оқушылардың мықты жақтары да болады: 



    - үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;
    - олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;
    - олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;
    - олар өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері бар

     

     

     

     

     
    Үлгерімі төмен оқушылардың тізімі

     



    Оқушының аты жөні

    Сыныбы

    Келу уақыты

    1

    Сабыр Сымбат

    9

    Сәрсенбі

    Сағат: 15.00

    2

    Сайлыбай Дархан

    9

    Сәрсенбі

    Сағат: 15.00

    3

    Есімқұл Бижан

    10

    Бейсенбі

    Сағат: 15.00

    4

    Туран Тимур

    11

    Дүйсенбі

    Сағат: 15.00

    5

    Батыр Данияр

    11

    Дүйсенбі

    Сағат: 15.00
      1   2   3   4


    написать администратору сайта