Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұлы деп отырғанымыз кім Қандай еңбегі сіңді

  • Эссе. Ахмет%20Байтұрсынов%20Воронкова%20Е.. лы Даланы мыты адамы


    Скачать 17.99 Kb.
    Названиелы Даланы мыты адамы
    Дата29.03.2022
    Размер17.99 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАхмет%20Байтұрсынов%20Воронкова%20Е..docx
    ТипДокументы
    #424841

    ЭССЕ

    «Ұлы Даланың мықты адамы»

    Қазақ даласы-тарихымызда үлкен із қалдырған ұлы тұлғалардың киелі топырағы.Тарихымызда ауызымызды толтырып айтарлықтай мақтанар ұлы адамдар аз емесі айдан анық.Қасиетті қазақ жері талай ұлы тұлғаларды дүниеге әкелгенін біз кеудеміз толы мақтанышпен айта аламыз. Сондай ұлы тұлғаның біреуін атап өтсем : қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновты зор құрметпен айтамын. Жүрегі елім,жерім деп соққан Ахмет Байтұрсыновтың қазақ еліне деген атқарған еңбегі өте зор. Ахметтің тарихымыздағы орны мен сіңген еңбегі туралы Сәкен Сейфуллин былай дейді: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті».
    Иә,шынымен.... Бұл сөздерден кейін қалайша Ахмет атамыз туралы бір ауыз ғана айтып қана қоюға болады ?!


    Ұлы деп отырғанымыз кім ? Қандай еңбегі сіңді ?

    Ахмет Байтұрсынов тек білім-өнер саласында ғана емес,саясат жолында да

    қажымас қайратын төккен болатын. Бір таяқ ұшында қазақтың көзін ашып, тіл

    мен әдебиетке қатысты зерттеу еңбектер жаза отырып, мектеп ашса, таяқтың

    келесі бір ұшында халқымызды көтеріп,саясатына араласып отырған.Халық

    үшін тыңбай еңбек етіп, жауыз патша үкіметінің саясатына наразылық танытып

    түрмеге бірнеше рет қамалады. Одан кейін жер аударылып жатса да, ол ел үшін

    ерең еңбектерді жазып қалдыра білді. Большевиктер Ахмет атамыздың есімің

    де,еңбегің де, тарихтан да өшіруге тырысып, оған «халық жауы» деп айып тағып

    оны барынша дұшпан етіп көрсеткісі келген.Ақыры соңында жазықсыздан жала

    жабылып атылған. Бұның барлығы жоғары да Сәкен Сейфуллин айтып өткен

    сөздердің нақ дәлелі. Өз жанын құрбан етіп қана қоймай,ол зорлық зомбылық

    көрсе де, келер ұрпаққа құнды,мәнді дүниелер қалдырып үлгерді. Мінеки,

    осындай жандарды ұлы деп атауымызға болады. Сол Ахмет атамыз өмір сүрген

    қиын кезеңдерді елестетсем,денемді суық билейді.Не деген


    ұлтжанды,патриот,адал жандар десеңші!?

    Қазір шүкір,осындай ұлы апа аталарымыздың арқасында,біз тәуелсіз заманда

    тыныш аспан астында өмір сүріп келеміз.Ахмет Байтұрсыновтың есімі біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылған және ешқашанда ұмытылмайды.Және бізде тек Ахмет атамыз ғана емес,одан бөлек қаншама ұлы тұлғалар саны өте көп.Олардың әрқайсы біздің тарихымыздың әр бетінде қашалып жазулы. Біз – болашақ ұрпақ, ұлы тұлғаларымызды ұмытпай , ұлықтап жүруіміз міндетіміз деп білемін.Біздің бейбіт заманымыздың құрбаны болған сіздерді ұмыту-кешірілмес күнә.Сіздерге шексіз алғыс айтамын,шексіз !

    Кең даламның кеңдігіне мақтанам,

    Ат салысқан еңбегімен әз бабам.

    Ахметтейін тұлғалардың арқасы-

    Ұмытпайық ер есімін ей ғалам.

    Елім деген,жерім деген Ахметім,

    Болсын сізге осы үлкен рахметім.

    Есіміңді асқақтатып мен бүгін-

    Жырыма қосып,мақтанышпен әндеттім.

    Воронкова Екатерина 8 сынып оқушысы.

    «Глебов жалпы білім беретін мектебі»КММ

    Начало формы


    написать администратору сайта