Главная страница

Тұрғамбай Еламан АЖКс321_1Тапсырма. лкен жйе міндетті трде крделі болуы тиіс емес, ал крделі міндетті трде лкен болуы тиіс емес


Скачать 51.13 Kb.
Названиелкен жйе міндетті трде крделі болуы тиіс емес, ал крделі міндетті трде лкен болуы тиіс емес
Дата17.10.2021
Размер51.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТұрғамбай Еламан АЖКс321_1Тапсырма.docx
ТипДокументы
#249446

1 Тапсырма
ХХ-шы ғасырға дейін ғылым негізінен саны көп емес элементтерден тұратын жүйелермен айналысты. Ғылымдардың және технологиялардың дамуы саны көп элементтерден тұратын күрделі жүйелерді құруға және оқуға алып келді. Осындай жүйелердің мысалдары: ядролық және термоядролық қаруларды құру жобалары; қазіргі заманғы автомобильдер, ұшақтар және ракеталар, оларды жобалау жүйелері, оларды өндіретін зауыттар; арналарды, ірі зауыттарды, химиялық өндірістерді құру; микрочиптер және оларды жүзеге асыру; компьютерлер үшін программалар және оларды жүзеге асыру болып табылады. Үлкен жуне күрделі жүйелерді оқытумен айналысатын ғылым «жүйенің жалпы теориясы» деп аталады. 

Жүйе теориясына екі көзқарас бар. Бір жағынан, шынайы объектілер түрінде жүйенің объектілік болатындығы және олардың өзара әрекеттестігі мойындалады. Екінші жағынан, ешқандай жүйелер жоқ деп болжауға болады, ал бірақ объектілерді жүйе түрінде көрсету әдісі туралы, яғни жүйелік тұрғы туралы айту қажет. У.Эшби, мысалы, былай деп жазады: «...біз жүйе қалай анықталатының анық елестете алуымыз керек». 

«Үлкен» және «күрделі» жүйе ұғымдары субъективті. Егер әртүрлі жүйе күйінің саны белгілі болған жағдайда, ол үлкен жүйе деп аталады.  

Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер.

Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.

Үлкен жүйе міндетті түрде күрделі болуы тиіс емес, ал күрделі міндетті түрде үлкен болуы тиіс емес.

Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект. Жүйелер бір-бірімен құрамы және басты мақсаттары бойынша ерекшеленеді.

Ақпараттар жүйелер (АЖ) – алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты сақтауға, өңдеуге және шығаруға қолданылатын, әдістер және персоналдар өзара байланысқан құралдар жиынтығы. 

АЖ-дің даму кезеңдері.

Алғашқы АЖ-лер 50 жж. пайда болды. Бұл жылдары олар жалақыны есептеуді және есептесуді өңдеуге арналған болатын, ол электромеханикалық бухгалтерлік есептеуіш машиналарында жүзеге асырылды. Бұл қағаздық құжаттарды дайындаудағы кейбір шығындарды және уақытты қысқартуға алып келді. 60 жж. АЖ-ге қатынастың өзгеруімен атақты. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша басылымдық есеп берулерде қолданыла бастады. Ол үшін мекемелерге, тек жалақыны есептеуді және есептесуді өңдеп ғана қоймай, көптеген функцияларды орындай алатын кең қолданыстағы компьютерлік жабдықтар қажет болды. 70 жж. – 80 жж. басында АЖ-лер шешім қабылдау үрдісін жылдамдататын және сүйемелдейтін, басқаруды бақылау құралы ретінде кең қолданыла бастады. 80 жж. соңында АЖ-ді қолдану концепциясы қайтадан өзгере бастайды. Олар ақпараттың стратегиялық көзі болып және кез келген мамандықтардың барлық ұйымдастыру деңгейлерінде қолданылды. Бұл мерзімнің АЖ-рі қажетті ақпаратты бере отырып, мекемеге жаңа тауарларды және қызметтерді құруға, жаңа өткізу нарықтарын табуды, өнімді төмен бағамен шығаруды ұйымдастыруды және т.б. мүмкіндік берді.

АЖ-дегі үрдістер. Кез келген белгідегі АЖ жұмысын қамтамасыз етуші үрдістерін шартты түрде блоктардан тұратын сызба (сурет 1) түрінде келтіруге болады:

ақпаратты сыртқы немесе ішкі көздерден еңгізу;

 ішкі ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрге келтіру;

 ақпаратты қолданушыларға көрсету үшін немесе басқа жүйеге беру үшін еңгізу;

 кері байланыс – бұл ішкі ақпаратты түзету үшін ұйымның адамдарымен өңделген ақпарат.

 АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:

кез келген АЖ талдауға тап болуы мүмкін, жүйені құру жалпы белгілер негізінде құрылады және басқарылады;

 АЖ динамикалық және дамушы болып табылады;

 АЖ-ні құру барысында жүйелік қатынасты қолдану қажет;

 АЖ-нің шығарылатын өнімінің негізінде қабылданатын шешімдер ақпарат болып табылады;

 АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі сияқты қабылдау қажет.

 АЖ-нің жұмысын талдау үшін, ол шешетін  мәселенің мәнін, сонымен қатар ол қосылған ұйымдастырушылық үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешімдерді қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіндіктерін анықтаған кезде келесіні есептеу керек:

 есептелінетін басқарушылық тапсырмалардың құрылымдылығы;

 фирманы басқарудың иерархиялық деңгейі, онда шешім қабылдануы тиіс;

 шешілген тапсырманың бизнестің қандай да бір функционалдық ортасына тәуелді болуы;

 қолданылған ақпараттық технологияның түрі.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер. АЖ мысалы ретінде архивті, мекенжай бюросын, телефон анықтамасын қарастыруға болады. Информатикада компьютерлік техниканы қолданатын АЖ-ді қарастырады. Дербес жағдайда АЖ-ге келесілер жатады:

 ақпараттық-анықтамалық, ақпараттық-іздеулік жүйелер;

 құжаттаманы автоматтандыру және тіркеуді қамтамасыз етуші жүйелер;

 эксперттік жүйелер;

 ғылыми зерттеулерді автоматтандыру және жобаны автоматтандыру жүйелері;

 өндірісті автоматтандыру жүйелері;

 барлық мүмкін тренажерлар және оқыту жүйелері.

 


написать администратору сайта