Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұстаз болу бала кездегі арманыңыз ба, әлде бұл есейген шақта пайда болған жүрек қалауыңыз ба

  • Сіздер де бір шаңырақтың келіні атанып, ата-енемен бірге тұрдыңыздар, нәресте өсірдіңіздер. Сол кезде үй мен мектептегі қарбалас жұмысыңызға қалай уақыт таптыңыздар

  • Ұстаздық жолда қиындықтар кездесті ме Қиналған қажыған кезде демеу болған не

  • «Ұстаз беделі», «Ұстаз мәртебесі» деген пікірлер қазіргі қоғамда кеңінен талқылануда. Соған сіздердің көзқарастарыңыз қандай

  • Кезекті тағы да бір тамаша әсем әнге бергіміз келіп отыр. Бұл мерекелік ән шашу барша ұстаздар қауымына арналады. Қабыл алыңыздар. Ән «Ұстазым»

  • (Ардагер ұстаздарға арналған сұрақтар)

  • Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер, Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.

  • Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер. Арман жолмен болашаққа қадам бас, Сонда қоғам саған да мін таға алмас. Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең

  • Бұрыла кет, ілтипатпен амандас. Болашаққа артып барлық сенімін, Олар текке өткерген жоқ өмірін. Мектебімен бірге жылдар жасасып

  • Құрметін көрген талай елінің. Жандар емес босқа уақыт өткерген, Бар өмірі бала, шәкірт деп келген. Олар кеше жасай алған ұлылық

  • Мектебінде шежіре етіп қалдырған. Бірге жасап өмір-жолда мектеппен, Өткен талай сынақтардан, өтпектен. Бүгін, міне, шәкірттері олардың

  • Өздері ата, өздері әже боп кеткен. Болашаққа өткеніңмен қадам бас, Көрінсе де өз заманың саған жас. Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер

  • Кешегі ұстаз - осы, ұрпақ, амандас.

  • Ардагер ұстаздармен кездесу. Сценарий ұстаз. лкендер жолы лылы, рпаы жрер ынып! Жргізуші


    Скачать 299.34 Kb.
    Названиелкендер жолы лылы, рпаы жрер ынып! Жргізуші
    АнкорАрдагер ұстаздармен кездесу
    Дата09.11.2021
    Размер299.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСценарий ұстаз .docx
    ТипДокументы
    #267629

    Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
    Жүргізуші:

                           Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

                            Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

                            Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

                            Өздеріңнен бастау алар бар арман.

    Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген жас ұрпаққа ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің  орны ерекше.

           Мектебіміздің мұғалімдері мен ардагер  ұстаздардың   қатысуымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат кешіне  қош келдіңіздер!
    Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,
    Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі сыр сұхбаттың  қонақтары —  ардагер ұстаздармен таныс болайық. 

    1. Сапар Үмбетұлы – Ханшайым Хамитқызы

    2. Бақтылы Сатыбалдықызы

    3. Ақсұлу Әділгерейқыз

    4. Сәуле Файзоллақызы

    5. Зейнеп Қабиқызы

    6. Нұрша Ғилымқызы

    7. Шолпан Иманғазықызы

    8. Алтынай Әнуарбекқызы

    9. Бақытжамал Шәріпқалиқызы

    10. Айгүл Нұрмұхамбетқызы

    Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз  жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қоялық.

          Сонымен қатар бүгінгі «Сыр сұхбат» кешіне шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдаған жас мамандарымыз да қатысып отыр

    1. Сагидуллин Уалихан Ерғалиұлы тарих пәнінің мұғалімі. Педагогика ғылымдарының магистрі.

    2. Сагидуллина Аиза Бейбітқызы биология пәнінің мұғалімі

    3. Қанатқалиева Ирина Ерболатқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

    4. Қаржаубаева Жанат Нұрмұханқызы бастауыш сынып мұғалімі

    5. Саматова Ұлпан Қайырлықызы орыс тілі пәнінің мұғалімі  

    Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,

    Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

    Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

    Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

    Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

    Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

    Жас ұрпақтың  жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті  тұлға, жас маман —   Сіздерсіздер!

    Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман — болашақ ұлт ұстазы Сіздерсіздер! Сіздерге — Ақ жол!

    Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

                                            Көңілді күндер тусын алдан әлі

                                             Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

                                             Бүгінгі күн ұстаздарға арналады.

    дей келе бүгінгі мерекелік шараны  ашу үшін сөз  мектеп директоры Жексенова Мәншүк Избасарқызына   беріледі.

    Жүргізуші: Аяулы да құрметті ұстаздар, бала жанының бағбанына айналған аяулы жандар! Сан шәкірттің жүрегінен жол тапқан мейірімді мұғалімдер! Талай шәкіртті үлкен өмірге қанат қақтырып, құрметі мен қошеметіне бөленген ұлағатты тұлғалар! Сіздер баулып үлкен өмірге қанат қақтырған кешегі балапандар, бүгін еліміздің әр жерінде әртүрлі салада қызмет атқарып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Сол кешегі мектеп түлектерінің өз ұстаздарына арнаған ыстық ықыласы мен жылы лебіздеріне кезек берейік. (құттықтау видеолар)

    Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Барша ұстаздарымызды кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
    Зерделеп өнегені бала жастан,
    Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
    Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
    Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан – дегендей мереке қарсаңында сіздермен бір сұхбаттасып, ғибратты да өнегелі әңгімелеріңізді тыңдауды жөн санадық.

    Ендеше алғашқы сауалымызды сонау балалық шаққа арнасақ.

    • Ұстаз болу бала кездегі арманыңыз ба, әлде бұл есейген шақта пайда болған жүрек қалауыңыз ба?



    • Жас маман болып келген сәтіңізді еске түсіріңізші. Ең алғаш кімнен қолдау көрдіңіз?

    • Сіздер де бір шаңырақтың келіні атанып, ата-енемен бірге тұрдыңыздар, нәресте өсірдіңіздер. Сол кезде үй мен мектептегі қарбалас жұмысыңызға қалай уақыт таптыңыздар?

    Осындай әсерлі әңгімені тоқтата тұрып кезекті әдемі бір жыр жолдарына берсек. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сатыбалды Хадижаның орындауында Ғабиден Қожахметтің «Ардагер ұстаздарға арнау» өлеңін тыңдасақ.

    • Ұстаздық жолда қиындықтар кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?



    • Сабақ кезінде күтпеген жағдаятқа тап болған кездеріңіз болды ма, сол тығырықтан қалай шықтыңыз?



    • «Ұстаз беделі», «Ұстаз мәртебесі» деген пікірлер қазіргі қоғамда кеңінен талқылануда. Соған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?



    • Талай жылғы төккен тер мен көрген бейнеттеріңіздің зейнетін көріп отырған аяулы әжесіздер. Өмірден нені түйдіңіз, егер ұстаз болмасаңыз басқа қандай саланың маманы болар едіңіз?



    • қоғам, қазіргі заман, адам туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
      - Айгүл Нұрмұхамбетқызы, Астана төрінде жарқырап ойып тұрып орын алған фотосуретіңізді көріп қатты қуандық. Бұл біздің мектебіміз үшін жалпы еліміз үшін зор мәртебе. Ол сіздің осыдан бірнеше жыл бұрын білім нәрімен қанаттандырған шәкірттеріңіздің құрмет-қошеметі екенін білеміз. Сіз сияқты шәкірт жүрегінде құрметті де аяулы ұстаз болып қалу үшін не істеу керек?


    Кезекті тағы да бір тамаша әсем әнге бергіміз келіп отыр. Бұл мерекелік ән шашу барша ұстаздар қауымына арналады. Қабыл алыңыздар.

    Ән «Ұстазым»
    Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері  ардагер ұстаздарымыздың  еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырады. Ендеше ардагер ұстаздарымызға қоятын сауалдарыңыз болса қоюға рұқсат.  (Ардагер ұстаздарға арналған сұрақтар)



    Сыр сұхбаттың еңбегі жансын, 
    Жас мамандар керегін содан алсын.
    Өмірдегі кездескен қиындықты,
    Жеңіп тастап, барлығын артқа салсын., — деп өз сезімдерін білдірген, өздерінің  ақыл-кеңестерін беріп отырған кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымызға  алғысымыз шексіз.


    Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.


    Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар! «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты сыр сұхбат шарасы өз мәресіне жетті.

    Үлкендер ақ батасын береді екен,

    Бата деген ақ тілеу керек екен.

    Жақсы дәстүр, жақсы сөз игі тілек,

    Ұрпақтардан жалғасып келеді екен.
    «Батаменен ел көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)

    Кешіміздің соңын біздің мектебіміздің жас ұстаздарының әнұранымен аяқтасақ...



    \

    Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,

    Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.

    Әже көрсең, немере бар жанында,

    Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.
    Арман жолмен болашаққа қадам бас,

    Сонда қоғам саған да мін таға алмас.

    Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең,

    Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.
    Болашаққа артып барлық сенімін,

    Олар текке өткерген жоқ өмірін.

    Мектебімен бірге жылдар жасасып,

    Құрметін көрген талай елінің.
    Жандар емес босқа уақыт өткерген,

    Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.

    Олар кеше жасай алған ұлылық,

    Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
    Олар да асқақ білім жолын ән қылған,

    Тәлім алған талай-талай балдырған.

    Жандар олар мағыналы өмірін

    Мектебінде шежіре етіп қалдырған.
    Бірге жасап өмір-жолда мектеппен,

    Өткен талай сынақтардан, өтпектен.

    Бүгін, міне, шәкірттері олардың

    Өздері ата, өздері әже боп кеткен.
    Болашаққа өткеніңмен қадам бас,

    Көрінсе де өз заманың саған жас.

    Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер,

    Кешегі ұстаз - осы, ұрпақ, амандас.


    написать администратору сайта