баяндама. лкеншыан орта мектебі
Скачать 28.18 Kb.
|
Үлкеншыған орта мектебіОқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру жолдары мен әдістері (баяндама) 8 «ә» сынып жетекшісі Г.Далыбаева 2017-2018 оқу жылы Оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру жолдары мен әдістері «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев «Ұлт тағдыры – ұрпақтан» деген. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. ҚР білім беру жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейілінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық іске сауатты тұлғаны тәрбиелеу басты мақсаттың бірі болып отыр. Ұлы Абай өзінің қарасөздерінде (43 сөз) бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын айтып көрсеткен. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан. Осы заманғы оқушылардың көбі білімге қызықпайды, оқуға өз еріктерімен ниеттенбейді. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай педагогикалық тәсіл қолдану қажет? Егер оқушының білімге, оқуға қызығушылығы болмаса, онда оның жақсы оқуы мүмкін емес. Сондықтан да әрдайым оқушылардың қызығушылығын арттырып, дамытып және қалыптастырып отыру қажет. Қазіргі кезде теорияда және практикада оқушыларға білім беруде зияткерлік- шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Зияткерлік - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Зияткерлік-шығармашылық жаңаны сапалы құрудағы әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқушыларының жақсы оқығанын, мектепке қызығушылықпен, ынтасымен келгенін қалайды. Шығармашыл балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Мектеп оқушыларының қабілетін арттыру, білімге қызығушылығын, зияткерлік-шығармашыл деңгейге көтеру әр пән мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Зияткерлік қабілеттер: Тәуекелшілдік қабілет; Ойлау мен әрекетте икемділік; Өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бірнәрсені ойлап табу қабілеті; Бай қиял; Әркелкі нәрселерді қабылдау; Жоғары эстетикалық құндылықтар. Сонымен қатар тәрбие жұмысындағы сегіз бағыттың бірі – зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті- лікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне; Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру. Іске асыру механизмдері Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кірігуі, элективті курстар: «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Зияткерлік тәрбие бағыты бойынша мектебімізде үйірмелер жақсы жұмыс жасайды. Үйірме ─ сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді әдісі. Біздің мектепте «Жас тілшілер», «Жас эколог», «Шебер қолдар», «Жас шахматшы», сияқты т.б көптеген үйірмелер бар. Оқушылар үйірмеде әр пәннен алған білімдерін тереңдете түседі. Пән бойынша өтетін олимпиадаларға дайындалады, апталық қабырға газеттерін шығарады, пәндік апталықтарға, сайыстарға және конференцияларға дайындалады. Әр түрлі сөз жұмбақтарды құрастырып, оларды шешеді. Оқушылардың зияткерлігін дамыту жолында көп жұмыс жасау керек. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейін. 1. «Талаптыға нұр жауар» (сайыс) 2. «Алтын ұрпақ» (интеллектуалды ойын) 3.«Жұлдызды сәт» ойыны (сыныптан тыс сабақ) 4.«XXI Ғасыр Көшбасшысы» (интеллектуалды ойын) 5.«Зерде» (интеллектуалды ойын) 6.«Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» (зияткерлік сайысы). Қорыта айтқанда, мен, өз мектебіміздің іс-тәжірибесінен мысалдар келтіріп, сіздермен тәжірибеммен бөліскім келеді. Өзімнің жетекшілік ететін сыныбымдағы оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін алдын ала пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып, жылдық жоспар құрып алдым. Жоспардың мақсаты: сыныптағы оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын зерделеу арқылы дарындылығы мен талаптарын анықтау, дамыту жолдарын белгілеу. Күтілетін нәтиже: Мұғалім: сынып оқушыларының белсенділігін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады. Оқушы: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды; өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады.
Қорытынды: Өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады. Оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру арқылы 1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады; 2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды; 3. Шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды; 4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады; 5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі. Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі, зияткерліктері дами түседі. Қолданылған әдебиеттер: 1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж 2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997,176б. 3.С.Назарбаева. Өзіңді өзің танып - білу бұл да ғылым. Егемен Қазақстан-2004ж. |