Дерматовенерология. Нәбиев Асланби 317А. Локальды статусты сипаттаыз, диагноз керек емес
![]()
|
Локальды статусты сипаттаңыз, диагноз керек емес 1 ![]() Қолдың сырты бетінде гиперемияланған кызғылт бөртпелер анықталады, бөртпелер ассиметриялы, көлемі 3 мм-ден 8 мм-дейін, тегіс пішінді, кескіні бұрыс пішінді, айқын шекаралы, түсі қызғылт, беті тегіс. 2 ![]() Қарау кезінде науқаста көлемі әртүрлі, диаметрі 1-2 см, түсі ашық қоңыр және қонырқошқыл түстерінің арасын қамтитын шашыраңқы дақтар орналасқан. Дақтардың формасы домалақ немесе сопаққа ұқсас, кескіні түзу емес және бейнесі анық емес. 3 ![]() Науқастың кеудесінде сүт қосылған кофе түстес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, дақтардың формасы домалақ кескіні айқын, бейнесі анық. 4 ![]() Науқастың бетінде қабынған ұсақ көлемді жабық комедондар орналасқан, комедондар ісінген. Шекаралары айқын, бейнесі анық, контуры тегіс емес, гиперемияланған, кызғылт түстес. 5 ![]() Науқастың ернінде диеметрі 1-2 мм болатын везикулалар орналасқан, тері бетінен шамамен 1-1,5 мм шығынқы орналасқан, беті тегіс емес, шекарасы айқын емес, бейнесі анық, гиперемияланған, ашық қызғылт түстес. 6 ![]() Науқастың қолтық аймағында көптеген қабынған папулалар байқаймыз, тері бетінен 1-2 мм шығыңқы орналасқан, диаметрі 1-2 мм, шекаралары айқын, беті тегіс, бейнесі анық, папулалар айналасы шартты гиперемияланған |