Главная страница
Навигация по странице:

  • Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер барын білеміз.

  • «Ұлттық чемпиондардың» несі артық

  • Қазақстандық тауарларды жиі аласыз ба

  • Алматыдағы біздің брендтер

  • Отандық өнімдердің бағасына көңіліңіз тола ма %Иә%Жоқ%Орташа 1

  • Арзаннан қорықпаңыз

  • Тамақ өнеркәсібі индустриялық. лтты чемпиондарды несі арты


    Скачать 1.04 Mb.
    Названиелтты чемпиондарды несі арты
    Дата25.04.2019
    Размер1.04 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТамақ өнеркәсібі индустриялық.docx
    ТипДокументы
    #75250

    Тамақ өнеркәсібі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыты болып саналады. «Өмірдің мәніндей» болған азық-түлік өндірісі өңдеу өнеркәсібіне жатады. Тамақ өнеркәсібінің жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 35,6 пайыз. 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында республикада 21,9 млрд теңгеге ас өндірілген. Былтырмен салыстырғанда, өз өнімдерімізді тұтынушылар да, шығарушылардың да көбейгені байқалып отыр. Бұл ретте «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» көрсетілген

    Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер барын білеміз. Десек те, қолға алынған кәсіптердің көпшілігі өзге елден сатып алып, өзімізге сатудан әрі аса алмай келеді. Бизнестің әйтеуір бір тетігін таба алғанның өзі кіші жеңіс болып отыр. Ал өңдеу өнеркәсібінде басқаларына қарағанда бірқатар алға жылжулар байқалады. Өндіріс және тұтыну бұйымдарын өндіретін саланың ішінде азық-түлікке ерекше тоқталып өткен жөн сияқты. Себебі, соңғы кезде отандық өндірушілердің қарасы көбейіп, бәсекелестік артып келеді.

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/afa6509f-41e1-492f-8203-b435855f27df.jpg

    i.ytimg.com

    «Ұлттық чемпиондардың» несі артық?

    Бұл бағдарламаның көмегімен отандық орта бизнес өкілдерінің дайын өнімдерді экспортқа шығарып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік бар. «Ұлттық чемпиондар» 2015 жылдың ақпан айында қолға алынды. Азық-түлік

    • Киім-кешек

    • Косметика

    • Дәрі-дәрмек

    • Тұрмыстық заттар

    • Автокөлік және соған қажет құралдар

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/91a0a78d-b6f2-4547-bfd3-6c63f2b752d6.jpg

    inform.kz

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/ac82d09c-d172-4295-96bc-55f19a8b578b.jpg

    qazmade.kz

    Мәселен, «Баян-Сұлу» компаниясы «ұлттық чемпионға» іріктелген сәттен бері сандық және сапалық дистрибуцияға мән беруді үйренген. Компанияның Шымкенттегі филиалы жаңа сату жүйесін тексеріп көріп, нәтижесінде 2 есе табысқа кенелген. Енді алдағы уақытта осы қарқынмен жүретін болса, Қазақстан бойынша сатылым көлемі 20 пайызға өседі деп күтілуде. Ал RGBrands компаниясы болса, Ресей нарығына «жорығын» бастап кеткен. Бағдарлама кеңесшілерімен бірлесе отырып, компания ұйымдастыру құрылымын қайта қарап, жаңа жоспар құрған. Бүгінде дистрибьютер ресейлік Сібір мен Орал қалаларын біршама қамтып отыр. Азық-түлік өндірісіндегі табыстар мұнымен бітпек емес. Тамақ өнеркәсібінде «Ұлттық чемпион» деп танылғандардың ішінде сонымен бірге, Eurasian Foods, «Алель Агро», «Маслодел», «Өскемен құс фабрикасы», «Шин-Лайн», «Юникс», «Адал», «Беккер и К», «Нәтиже сүт фабрикасы», Caspian Beverage Holding, A.P. Managment, Galanz Bottlers, Raimbek Bottlers, Tea House бар.

    Қазақстандық тауарларды жиі аласыз ба?

    %Тек отандық өнім сатып аламын

    %Өте сирек

    %Мүлдем алмаймын

    %Сапасы көңілімнен шықпайды
    азақстандағы белгілі отандық брендтер

    «Қазақстанда жасалған» белгісі бар бұйымдарға ерекше назар аударамыз. «Өзіміз не өндіріп жатыр екенбіз?» деген сауалдың жауабын алу үшін бірі үмітпен, бірі күдікпен дүкен сөресіне көз тастайды.

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/251e6810-2f73-4196-8ec1-7595f671deb5.jpg

    7sunews.kz

    Қазіргі таңда «Халық маркасы» сауда үйінің тауар айналымы 30 миллионнан астам өнімге тең. «ЭКСПО – 2017» қарсаңында тағы жүзге жуық бренд пайда болады деген жоспар бар. Тамақ өнеркәсібіне ойысар болсақ, бұл белгіні иеленген компаниялар еліміздің түкпір-түкпірінен бар. Ірі компаниялардан бастап, жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін өндіріп, ел ықыласына бөленіп келеді. Мәселен, Ақмола облысында «Шужин» жеке кәсіпкерлігі жарма шығарса, Шортандыда өзіміздің шұжығымыз шығады. Еліміздің батыс аймақтарында халық маркасын иеленгендер санаулы. Соның ішінде азық-түлік өндіретін тек Ақтөбе облысы екен. Бұл жерден «СанТехТрейд» ЖШС ауыз су шығарса, «Жаңа Әлжан» ұн өндіреді. Азық-түлік өндіруде жетекші аймақ – Алматы облысы. Бұл жерде бүкіл республикаға белгілі бірнеше бренд бар. Атап айтқанда, Eurasian Foods корпорациясы, Global продукт, «А-продукт» компаниялары. Шығыс Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын «Кондитер+», сусындар өндіретін «Тамила плюсті» атап өтуге болады. Қарағандының «Бас көңінде» талқан жасалатынын бір білсе, бірі білмес. «Кэмми group»-тың макарон өнімдері бүгінде еліміздің барлық аймақтарына тарайды. Сонымен бірге Павлодарда «Роса» компаниясы алкогольды және алкогольсыз сусындар шығарады. Макарон даярлайтын тағы бір компания – «Алтын дән». Бұл Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.
    kerekinfo.kz

    Астана қаласындағы "Халық маркасы" павильоны

    Алматыдағы біздің брендтер

    «Халық маркасын» иеленген компаниялардың тізімін бір шолып шыққан соң, тілшілеріміз Алматы қаласындағы өндіріс орындарына барып, жұмыс барысымен таныс болды. Ол үшін Eurasian Foods корпорациясының зауытына барып, өнімдерінің дастарқанға қойылғанға дейінгі «күйін» көрдік. Аталмыш компания тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да өте танымал. Өндіріс көлемі – жылына 120 000 тонна. Алматы қаласынан бөлек, Қарағандыда да зауыты жұмыс істейді. Төрт бренді бар: «3 желания», «Златые горы», «Шедевр» және «Золотой стандарт». Eurasian Foods жұртшылық назарына 200-ге тарта ассортимент ұсынады. Соның ішінде, маргарин, майонез, кетчуп, өсімдік майы және т.б. Бұл мәліметтерді корпорацияның баспасөз қызметі ұсынып отыр.

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/72e8b25c-5f99-423e-8be6-6e430e16f2b2.jpg

    Отандық өнімдердің бағасына көңіліңіз тола ма?

    %Иә

    %Жоқ

    %Орташа

     1ГОЛОСА

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/81ba7df2-70b1-4343-a7df-aaf77893bc60.jpg

    capital-t.tj

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/6a7b6b10-22b5-4a21-82d7-3886e2b709ad.jpg

    globalproduct.kz

    Глобал продукт өнімдері

    Тәттілердің түр-түрін шығаратын «А-продуктың» 14 жылдық тарихы бар. Бастапқыда халва өндірумен басталған іс, біртіндеп ұлғайып, кондитерлік өнімдер шығаруды қолға алған. Бүгінде печенье, вафли, карамельдің бірнеше түрі дайындалады. Аталған компания Қазақстанда халва өндіруден көш бастап тұрғанын да айта кету керек. 

    https://cdn.playbuzz.com/cdn/96d4dafe-723e-4cf0-8c92-d579492a6139/79cea377-e7f9-41b0-82cb-a7ed983a9908.jpg

    a-.

    Арзаннан қорықпаңыз

    Отандық өндірістің азық-түлік саласында өз өнімдерімізге сұранысты қайтсек те көбейтуіміз керек. Кішігірім дүкендерден бастап алпауыт гипермаркеттердің өзі бір өнімнің бірнеше баламасын ұсынады. Сан мен сапа таласқа түсіп, соңында сатып алушы дал болады. Бағасы арзанға күдікпен қарап, қымбатқа ұшырап қалатындар арамызда жиі кездеседі. Айталық, Ресейден келетін майонез бен отандық өндірістің өнімі көзге шалынды. Кемі 25-30 теңге айырмашылық болады. Үнемшілдер өздері білместен мемлекетке пайда түсіріп жатыр. Ал «арзанның суы татымас» деген пікірді ұстанғаны бас салып, қымбатына жабысады. Әйтсе де, бұл ретте бағаның неден құралатынын түсініп алған жөн. Азық-түліктің болсын, басқа тауарлардың болсын бағасы оның нарықтағы сұранысына, бәсекелестердің баға белгілеуіне, жеткізу мен оны шығаруға кететін қаражаттың көлеміне байланысты белгіленеді. Шетелден келетін азық-түліктердің қымбат болатындығы кей жағдайда оның «супер» екендігін емес, сізге жеткенге дейінгі жолының ауырлығынан болуы ықтимал. Одан бөлек, көтерме бағамен сатып алған дүкен иесінің өзі қосатын қаржыны тағы қосыңыз. Осылайша, «жылтырағанның бәрі алтын емес» немесе «өз еліңде ұлтан бол» деген секілді мақалдарды реті келгенде атап өту де керек шығар. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде, жоғарыдағы үш компанияның өнімдерін ұқсас баламаларымен салыстырып көрген едік. Бағада аздаған айырмашылық бар. Бізде - арзан. Отандық кәсіпкерлерді мемлекет қана қолдауға міндетті емес. Оны барша ел болып тұтынсақ қана бәсекеге қабілетті бола бастайды


    ТАНЫМАЛ ТАМАҚ КОМПАНИЯЛАРЫНДА БОЛДЫ


    02.11.2015

     0 26

    26Қала әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірушілерге қолдау көрсету және индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қаланың тамақ өнеркәсібі орындарымен танысты.

    Қала басшысы мегаполистегі 1942 жылы құрылған ең көне әрі ірі өндіріс орындарының бірі «Рахат» кондитер фабрикасын аралады. Мұнда 3 мыңнан аса адам жұмыс істейді, ассортименттік жүйеден өнімнің 400 түрі шығарылады, олар елімізге ғана емес, Ресейге, Қытай мен Қырғызстанға, Германияға және т.б елдерге кеңінен танымал. Фабрика басшысы А.Зенков атап өткендей, өнімнің 60 пайызы Алматыда сатылады. Шикізаттың басым бөлігі шет елден сатып алынатындығына қарамастан, компания өзіне қатысты әлеуметтік жауапкершілікті төмендеткен емес.

    Бұдан соң қала әкімі «Масло-Дел МЖК» ЖШС-те болды. Зауыт тәулігіне 30 тонна кетчуп пен майонез, 200 тонна май өндіреді. Кәсіпорын басшысы П.Селиванов атап өткендей, ресейлік тауарлардың көп келуіне байланысты сатылым көлемі төмендеген. Мұнда 200-ден астам адам жұмыс істейді, кәсіпорын «Бәсекеге қабілетті көшбасшы – ұлттық чемпиондар» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысуда.

    Өз саласында жетекші болып табылатын «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ-да болған әкім мұнда заманауи технологияның ұтымды пайдаланылатындығын көрді. Ресейлік тауарлардың көп келуіне қарамастан, компания қарамағындағы 900 жұмысшының жалақысын көтерген. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында компания 237 млн. теңге көлемінде қолдау қаржысын алды. Бұлар да «Бәсекеге қабілетті көшбасшы – ұлттық чемпиондар» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысушы.

    «Оңай» электронды жолаушы картасын тарататын жерге барған Б.Байбек әр зейнеткермен жеке тілдесіп, бұл жаңалықтың ерекшелігін түсіндіріп берді.

    — Біз қанша зейнеткердің қоғамдық көлікті пайдаланатындығын білуге тиіспіз. Барлық жұмыс цирфлық негізде жүргізілетін болады. Мен сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін келдім. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы сіздердің карталарыңызды рәсімдеу бойынша күрделене түсті. Сәл сабыр танытсаңыздар, бәрі заманауи тұрғыда жүретін болады. Автобустарды ретке келтіріп, сапалы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз. Қазір жолаушы тасымалында көлеңкелі ақша айналымы орын алған. Қала бюджетіне ақша түсіп жатқан жоқ. Сол себепті автобустардың да, тасымалдың да сапасын арттыруды жөн санадық. Қазіргі автобустардың тең жартысы қауіпті, соған қарамастан маршрутқа шығып жүр. Трамвайға қатысты апатты жағдайларды білесіздер, тағы да айтамын, сабыр сақтаңыздар, жаңалықты енгізуден түскен қаржыны адамдарға қолайлы әрі жайлы болу үшін көлік жүйесін дамытуға жұмсаймыз, – деді шаһар басшысы.

    Қала әкімі әрбір аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде су, орындықтың болуын міндеттеді және медициналық кеңес берулерді ұйымдастыруды тапсырды. Кезекті ұзартпау үшін алдағы уақытта электронды табло қойылатын болады. Барлық аудандық бөлімшелерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, QІWІ терминалының қызметкерлері онлайн-ақы төлеуді үйретеді.

    Сүт өнімдерін шығаратын «Солнечный» өндіріс орнында болған әкім «Одари», «Любимое», «Мумуня», «АБВГДейка» брендтерінің көпке танымал екендігін айтты. Кәсіпорын жылына 15 мың тонна сүт өнімдерінің 100-ден аса түрлерін шығарады. 2012 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 33,1 млн. теңге көлемінде қаржылық қолдау алған. Кәсіпорында 236 адам жұмыс істейді.

    Өзінің жұмыс сапарының соңында қала әкімі «Беккер и К» ЖШС-нде болды, мұнда шұжықтар мен нан-бөлке өнімдері шығарылады. «ДАМУ» қорының көмегі арқасында 70 млн. теңгеге алынған неміс қондырғысы кәсіпорынның қуатын арттырған. Мұнда да әлеуметтік жауапкершілікке үлкен мән беріледі, нәтижесінде 700 қызметкер үшін түскі ыстық ас ұйымдастырылған. Шикізат Қазақстанның әр түкпірінен әкелінеді.

     

    Керек дерек

    Бүгінгі күні Алматыда 205 тамақ өнеркәсібі бар, олардың 29-ы ірі және орташа, 176-сы — кіші.  Жыл басынан бері 105 261,2 млн. теңгенің өнімі шығарылған.


    написать администратору сайта